Борсықтың емдік қасиеттері
Презентация қосу
Борсықтың емдік
қасиеттері
Зерттеу жұмысының авторы:
Иман-Мәліков Елдар
Мектебі:
Жамбыл ОЖББ мектепбалабақшасы
Сыныбы:
5 сынып
Зерттеу жұмысының басталуы:
2008 жыл
Ғылыми жетекші:
Бастауыш сынып
мұғалімі
Нұржамал Қабиева
Мақсаты:
Борсық
туралы толық ақпарат алу.
Борсықтан, борсық майынан қандай
пайдалы өнім алуға болатынын
зерттеу.
Жоспары:
Кіріспе бөлім.
Негізгі бөлім.
1. Сыртқы түрі
2. Таралуы және түрлері
3. Өмір сүру ортасы және қоректенуі
4. Көбеюі
5. Шаруашылыққа пайдасы
6. Борсық майы
7. Борсық туралы әңгімелер
Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Халық медицинасы дегеніміз – өсімдіктер мен жануарлардан алынатын
шипалы өнімдер және минерал заттардың емдік қасиеттері,алуан түрлі
аурулардың белгілері мен сол ауруларды емдеу тәсілдері және олардан
сақтану жолдары туралы тарихи даму барысында халық жадында
қалыптасқан эмпирикалық(тәжірибелік) білімнің біртұтас жүйесі.
Халық медицинасының ғылыми
медицинадан айырмашылығы-ол
теориялық болжамдар мен физиологиялық білімге,қолданылатын емдік
заттардың әсері жөніндегі дәлелденген қағидаларға негізделген:
шипалы заттар мен емдеу тәсілдері тек тәжірибе жүзінде таңдап
алынған.
Бүгінде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы жануарлардың тіршілік
ететін ортасына үлкен әсер тигізуде. Олардың мекен ететін ортасы
тарылып, саны азайып бара жатыр.Табиғаттың бір бөлігі өзгеріске
ұшыраса, барлық бөлігіде өзгеріске ұшырайды.Адам баласы ертеден
өзіне қажет нәрсені табиғаттан алған.Қазіргі уақытта да әр түрлі
жануарлардан алынатын майлар емдік және профилоктикалық заттар
әзірлеудің ең басты көздерінің біріне айналған. Олар тікелей ем үшін
де, сондай – ақ емдік дәрілер әзірлеу үшін де пайдаланады.Осындай
май алынатын жануарлардың бірі – борсық. Борсық майының пайдасын
ата – бабамыз ерте кезден біліп, оны қалай қолдану керектігін білген.
Мені қызықтырғанда осы еді.Оны қалай дайындайды,не үшін
пайдаланады?
Дәрі, дәрі, дәрі. Сол дәрі соңғы кезде тіпті әдетке айналып
кеткен сияқты. Дәрі мерзімі, белгілі температурасы, сақтау орны
туралы ережені бұлжытпай орындаған кезде ғана шипалық
қасиетін жоймайды. Өйткенде оның ағзаға тигізер залалы көпақ. Денемізді дәрімен улап,өзімізді өзіміз мүгедектікке
жетелегенше, аурудың алдын алған дұрыс. Ендеше,
өзденсаулығымыздың сақшысы да, жанашыры да,еншісі де
өзіміз, сондықтан емдеу үрдісін дұрыс жүргізуіміз керек.
«Тәні саудың-жаны сау» дейді қазақ мақалы. Борсық майы
ағзаның ішкі және сыртқы ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Борсық майы-дегеніміз қандай май, оның құрамы қандай?-деген
сұраққа жауап беру үшін талдау жасайық.
Сыртқы түрі
Борсық (Meles, meles) – сусар тұқымдасына жататын аң.
Дене тұрқы 60-90см, құйрығы-20-24см, салмағы -24кг-ға
дейін, күзде қысқы ұйқының алдында 34кг-ға дейін
барады. Дене пішіні сына тәрізді, тұмсығына қарай
үшкірленіп бітеді.Мойны қысқа.Аяғы
қысқа,салмақты,табаны түгелдей жерге тиіп тұрады.
Тырнақтары доғал әрі ұзын, жер қазуға өте ыңғайлы.
Қылшығы қатты,қалың. Арқасы мен екі бүйірі қоңырсұр түсті,бауыры қаралтым. Тұмсығынан құлақтарына
дейін созылған екі қара жолағы бар.
Таралуы және түрлері.
Европаға кеңінен таралған. (Скандинавия түбегі,
Финляндия және Россияның Европалық
бөлігінен басқа жерлерде) Кавказ өңірінде,
қырым, кіші және Орта Азияда, Оңтүстік және
Орталық Сібірде, Қиыр Шығыстың Оңтүстігінде,
Шығыс Қытайда, Корея түбегінде, Жапонияда
таралған.
Түрлері
Meles meles meles (Западная Европа),
Meles meles marianensis (Испания и Португалия),
Meles meles leptorynchus (Россия),
Meles meles leucurus (Китай, Тибет),
Meles meles anaguma (Япония).
Өмір сүру ортасы және қоректенуі
Қазақстанда көп кездеседі. Ол шөлді және шөлейтті аймақтарда, өзен
жағаларында, өзенге жақын жоталар, құмайт төбешіктер етегінде және
сортаң жерлерде жүреді. Тауда орман ағаштарының арасында
мекендейді.
Жалпы алғанда аралас және тайга ормандарында, сирек болса да,
тау ормандарында, далалар мен шөлейт жерлерде кездеседі. Ауа-райы
құрғақ, құнарлы жерлерде өмір сүреді. Бірақ, жақын жерде (1км
шамасында) су немесе батпақты жерлер болғанын жақсы көреді.
Борсық індерін шағылдың, төбешіктердің еңіс жағынан терең қылып,
10 м-ге дейін қазады. Ұнатқан жерлерінде бірнеше ұрпағы өмір сүруі
мүмкін. Арнайы
геохронологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша,
кейбір борсық қалашықтарына-бірнеше мың жыл болуы мүмкін. Жеке
өмір сүретін борсықтардың бір ауызды қарапайым індері болады.
Кейбір борсық қалашықтары құрылысы өте күрделі болады. Мұндай
қалашықтар бірнеше қабат болады. 40-50-ге дейін кіретін аузы,
желдетіп, тазалап отыратын тесіктері болады. 2 немесе 3 кең жататын
бөлмелері болады. Бұлардың арасы 5-10 метрлік ұзын гуннелдермен
байланысады.
Жатын бөлмелері кең, тереңдігі 5 м-ге дейін болады.Бұл ұяларға су
өтпейді. Ұяларын шөп-шалам төсеп, ескі төсенішін сыртқа шығарып,
жаңадан төсеніш жасап тазалап, тұрады. Кейде борсық індерін түлкі
сияқты ұсақ жыртқыштар иемденіп пайдаланады.
Борсық көбіне қорек іздеуге түн мезгілінде шығады. Күндіз
таңғы 8-ге дейін, кешке 5-6-лардан кейін кездестіруге болады.
Борсық тышқан сияқты ұсақ кеміргіштерді, бақа, кесіртке,
құстар мен олардың жұмыртқаларын, балапандарын, кейде
бақша дақылдарын да жейді. Ұсақ жәндіктерді, олардың
жұлдызқұртын моллюскаларды, түрлі жемістер мен
жаңғақтарды, шөпті қорек етеді.
Борсық қорек іздеген кезде өте үлкен аймақты, шарлап
шығады.Осындай бір жорықта борсық 50 – 70- ке дейін бақа,
жүздеген жәндік пен жауынқұртын ұстайды. Әйтсе де борсық
тәулігіне 0,5 кг, қорек жейді.Күзге қарай семіріп, қысқы ұйқыға
жететін май жинайды. Солтүстік өңірлерде борсық күзгі қазан –
қараша айынан бастап наурызға дейін қысқы ұйқыда болады.
Ал, оңтүстік жақтарда қысы қысқа, жылы болса ұйықтамастан
өмір сүреді.
Борсықтар өз аймағын ағашқа
тырнап із салып белгілейді. (2сурет)
Қою,
сұйық
белгілейді (3-сурет)
нәжісімен
Адымының ұзындығы 20-25
см (7-сурет).
Борсық өте күрделі бірнеше кірер
есігі бар, тұратын ұялары бар ін
қазады (борсықтың қалашығы 1сурет). Бұл жер асты індерінің
кейбіреулерін мыңдаған жылдар
бойы
жүздеген
ұрпақтар
пайдаланады.
Іннен
шығатын
бірнеше жолы болады.Біреуі шеңбер
тәрізді болады. Радиусы 1-3 км.
Артқы аяғының ізі (6-сурет).
Алдыңғы аяқтың ізін басып, ізі
10-см-дей болып түседі.
Тырнағының ізі ұзын болып түседі.
Өкшесі анық түскен ұзын табаны (5сурет)
қонжықтықтың
немесе
кішкентай баланың ізін еске түсіреді.
Көбеюі
Борсық моногамды түрге жатады. Күзден
бастап жұптасады. Жаз кезінде шағылысқан
борсықтың ұрғашысы 271 күн құрсақ көтереді.
Ал қыс кезінде шағылысса 450 күнге дейін
құрсақ көтеріп, 2-6 күшікке дейін табады.
Күшіктері 35 – 42 күнде қара құлақтанып, 3 ай
толғанда өз бетімен қоректенуге кетеді. Күз
кезінде күшіктер тарап кетеді. Ұрғашылары 2
жылда, еркектері 3 жылда жыныстық жағынан
пісіп жетіледі.
Борсық 10 – 12 жыл өмір сүреді. Ал, қолда
өсірген борсықтар 16 жылға дейін өмір сүреді.
Шаруашылыққа пайдасы
Зиянды жәндіктерді, әсіресе зауза
қоңызының жұлдызқұртын жеп, ауыл
шаруашылығына көп пайдасын тигізеді.
Борсықтың терісі көп пайдаланылмайды.
Қылшығы
қылқалам
жасауға
пайдаланылады. Борсықтың майының
емдік қасиеті бар, көптеген ауруларға
пайдаланылады. Етін жеуге болады.
Борсық майы
Борсық
майы ерте кезден халық
медицинасында кеңінен қолданылып келеді.
Борсық майын ішкен кезде ақуыз алмасуы
күшейеді, иммунитет жоғарылайды, қан
айналу системасы жақсарады, бактерицидтік
және қабынуға қарсы әсер етеді, асқазан мен
ішектің секреттік жұмысын жақсартады.
Күйік пен тері ауруларын емдеуде өте
тиімді. Теріге жаққан кезде теріні жақсартып,
әжімдерді
кетіреді,
жарылған
теріні
(микротрещина) жақсы жазады.
Борсық майының қолдану тәртібі
Балаларға 1-шай қасық, жасөспірімдерге 1десерттік қасық,үлкендерге 1 ас
қасық. Бастапқы 2 аптада күніне 3 рет, тамақтан 30- 40 минут бұрын, келесі
апталарда күніне 2 рет, таңертен таңғы ас алдында 30-40 минут бұрын және
кешкі тамақтан соң 2-3 сағат кейін қабылдайды. Кейбір ауыр науқасқа
шалдыққанда
(сүзек,
пневмония,
хронический
бронхит)
ұзағырақ
емдейді.Үлкендерге 2-3 ас қасық, күніне 3 рет тамақтан жарты сағат бұрын.1ай
емделген соң 2-4 апта демалып, содан соң емделу курсын 2 рет қайталау
керек.Буын және омыртқа ауруларына жақсы әсер етеді. (остеохондроз,
радикулит, артрит, ревматизм) Бұл ауруларға май компресс ретінде және
зақымданған жерлерге жағу арқылы қолданылады. Ыстық моншадан кейін
жақсы әсер етеді. Борсық майы тері ауруларын жақсы емдейді. (псориаз, шаш
түсуінің бастапқы кезеңі, экзема, дерматит, трофическая язва гнойные очаговые
воспаления, аллергия кожный зуд, диатез). Борсық майы күйікке, жарақат
алғанда, дене кесіліп немесе тілініп зақымданғанда, (буын, сіңір, ет созылғанда,
жәндіктер шаққанда пайдаланылады.Борсық майы косметикалық бағытта да
қолданылады. Ерте кезде әйелдер борсық майынан әртүрлі маскалар жасап,
денеге жаққан. Әжімдер тегістеліп, бет терісінің түсі жақсарады.
Бұндай маскалар әсіресе қыс кезінде өте пайдалы.Борсық майы
тоңазытқышта сақталады. Сақтау мерзімі 12-18 ай.
Борсық күні
Панксутонияда 118 жылдан бері күзен күнін атап өтетін дәстүр бар, оны жаңа әлемге неміс
имигранттары таратқан. ХІХ ғасырда Германияда халықтық дәстүр бойынша көріпкелдің
қызметін күзен емес борсық атқарған.
Истония ормандарында бір кездері борсықтар өте көп болған.Әдетте адам аяғы баспайтын
жерлерде ұйма, батпақ, өзен жылғаларың қасында орын тепкен.Саомааск қорығының маманы
Тармо Мяннигоның айтуы бойынша борсықтар ін қазу үшін су шаймайтын құрғақ, биік, құмды
жерлерді тандаған. Қазіргі кезде борсықты Эстонияның Оңтүстік бөлігінде, Сааремаа және
Хийумаа жерлерінде көп кездеседі. Борсық інді терең етіп қазады.Соомао қорығының қасында
картоп егістігінің жанында сондай індердің бірі сақталған. Бұл інді кішкене қалашық десе де
болады.Бұл іннің үш жаққа шығатын тесігі бар.Кіре есігін үлкен тастармен безендірілген.Інге
жақын жерге адамдар қалдық төгетін жер жасаған.
Қазіргі кезде дәмді тағамдардың қалдығын жеу үшін борсықтар қоқыс төгетін жерлерде
жүреді. Борсық өте таза аң.Борсық қалашықтары басқа аңдардікіне қарағанда таза. Ондай
індерде 2 - 3 қабат болып орналасқан ұйықтайтын бөлмелері болады.Терендігі 1 метрден 3
метрге дейін.Астына қалың қылып құрғақ төсем төсейді. Бірнеше кіріп шығатын тесіктері
бар.Астық жинайтын тағы да басқа қажеті үшін пайдаланатын бөлмелері болады.Осындай ортақ
іннен басқа әрбір борсықтың аңшылық құратын жерінде бірнеше қарапайым індерболады.Інге
жақын жерден шұнқыр қазып дәретхана жасайды. Борсық інін жиі тазалап, жөндеп, кептіріп,
кеңейтіп отырады.Қысқы ұйқыға кетер алдында күзде және көктемде қарқынды жұмыс
жасайды. Борсық өте сақ, жүрісі білінбейді. Олар кірпі , аю сияқты қысқы ұйқыға кіріп, көктемде
оянады. Өте сақ борсық ағаштардың арасынан жер иіскелеп өзінің азығын құртқұмырсқа,тышқан, кесіртке, шұбалшын сияқты жәндіктерді жейді. Борсық жыланнан
қорықпайды, керісінше сны жейді. Борсық зиянсыз,пайдалы аң. Қолға ұстауға көндігуі қиын.
Зообақтарда күндіз өздерінің қараңғы бөлмелерінде ұйықтаумен болады.Борсықтың терісі
жақсы, еті дәмді.Борсықты ертеден және есепсіз аулағандықтан бірте- бірте азайып барады.
Егер борсық інін көрсеңдер тиіспеңдер.Борсық көптеген жұлдызқұрттарды зиянды жәндіктерді,
олардың жұмыртқаларын тышқан сияқты кеміргіштерді жеп және топырақты қопсытып
табиғатқа көп пайдасын тигізеді.Зороастрлық күнтізбе бойынша күн тоқтыға кірген кезде 21
наурыздан жыл басы басталады. Қантардан 20 наурызға дейін туғандар борсық жылының
тотемінің әсерінде болады.Борсық жылы берік жыл болып есептеледі.Бұл жылы туғандар
еңбекқор, жинақы, ұқыпты және тұйық болып келеді.Сыртқы түріне және мінезіне қарап қандай
адам екенін айту қиын. Өмірдегі басты мақсатын ең жақын адамдарынан жасырып жүруі
мүмкін.Денесі мығым, семіздікке бейім, орта бойлы, көздері қысыңқы ұзын болып, бет әлпеті
үшкірленіп келеді.Олардың ерекше қасиеті логикалық ойлауға математикаға қабілетті.
Ізденімпаз
және
психолог.Борсық
жылы
туған
атақты
адамдар
Коперник,
Спиноза,Н.Лобачеаский, Фрейд, Бехтерев, Махно, Кожедуб, Г.Явлинский.
Оятып жіберген борсық
қауіпті
Норвегия
Тонсберг
қаласының
тұрғыны,жұмыстан кешке келгенде, төсегінде
ұйықтап жатқан борсықты көреді.Борсықты
шығарып жібергісі келген құтқарушы топ,
оның ашулы екенін көрген кезде, ойларынан
қайтты.Ашуланған борсық керуетті аударып
тастайды да, қыстырылып қалады.Ветеринар
осы
жағдайды
пайдаланып,
борсыққа
транквилизатор егеді. Дәрінің әсерінен
ұйықтап қалған борсықты үйден аман – есен
шығарып, орманға апарып тастайды.
Қорытынды бөлім
Қазақстан Республикасының конституциясында
былай деп жазылған: «Қазақстан азаматтары
табиғатты аялауға, байлықтарын қорғауғу міндетті».
Демек сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу
мемлекеттік мүдде болып отыр.Сирек кездесетін
жануарлардың бірі – борсық. Борсыққа талдау жасау
арқылы «Борсық майы – дегеніміз қандай май, қалай
қолдану керек, не үшін қолдану керек деген
сұрақтарыма толық жауап алдым. Ендігі мақсатым
борсықтан,борсық майынан басқа қандай пайдалы
өнім алуға болатынын зерттеу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz