Физика әлеміне саяхат. Сайыс сабақ
Презентация қосу
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ, АМАНКЕЛДІ АУДАНЫ,
Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ.
« Физика әлеміне саяхат »
сайыс сабақ.
9 “а”, 9 “ә” сыныптар
Физика пәні лаборанты
Серікқызы Бұлбұлханым
Өтілген уақыты: 08. 12. 2014
жыл
“ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ”
Сайыс сабақ. 9 “а”, 9 “ә” сынып оқушылары
Топтардың өздерін таныстыруы
Постер қорғау, сұраққа жауап бөлімі сәттерінен
Қызықты тәжірибе көрсету сәті
« Физика әлеміне саяхат »
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды
зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу
мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, 4 плакат,сиқырлы кубик, формулалар жазылған қағаздар,
құрастырмалы формулалар жиынтығы.
Сабақтың барысы:
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физиканың елінде,
Физиканың тілінде,
Жұмбақ шешіп жарысып...
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақтарды шешейік.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі
біздің « Физика әлеміне саяхат » кешімізге қош келдіңіздер!
Сайысымызға қатысушы 9 «а,ә» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!
Ойынға қатысушы екі топ, әр топ сегіз сайыскерден тұрады.
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде,
мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр
адаммен әртүрлі амандасуларың керек. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен…
иекпен… өкшемен… арқамен. Басқа тілде де амандасуға болады.
Мәңгі – бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын.
Кеш сайыс түрінде өтетін болғандықтан алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық:
Әділқазылар директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі меңгерушісі Қарлығаш Бекенқызын, физика
пәні мұғалімі Ұлбосын Ақылтайқызы.
(Әділқазыларға арнайы бағалау барағы ұсынылады)
Бүгінгі сайысымыз 6 бөлімнен тұрады:
•I бөлім « Білімділер ғасыры »
•II бөлім « Танымдылық »
•ІІІ бөлім « Бөлшектерден бір бүтін құрастыру ».
•ІY бөлім «Кім жылдам?»
•Y бөлім «Жұмбақтар әлемінде»
•YІ бөлім «Қызықты тәжірибелер»
Сайысымыздың I бөлімі « Білімділер ғасыры » деп аталады.
Ойын шарты: сұрақ – жауап, әр топқа 8 сұрақтан қойылады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1.Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )
2.Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
3.Ең кішкентай заряд? (электрон)
4.Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
5.Ареометр нені өлшеуге арналған құрал? (Сұйықтың тығыздығын)
6.Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)
7.Жылу берілудің қандай түрлері бар?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
8.Дененің жұмыс істеу қабілеттілігін сипаттайтын физикалық шама... (энергия)
Екінші топқа қойылатын сұрақтар:
9.Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
10.Термометрді кім жасады? ( Швед астрономы, физигі Цельсий)
11.Бұл кім? өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт.
( адам )
12.Үдеуді қандай құралмен өлшейді? ( акселерометр)
13.Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
14.Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл ....
(диффузия)
15.Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
16.Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші? ( салмақ )
Ал, енді біздің сайысымыздың II бөлімі « Танымдылық » деп аталады
Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Ойын шарты: Ғалымдардың суреті беріледі, олардың кім екенің және сол ғалымдар жайлы қандай
деректер білесіздер, қандай жаңалық ашқанын постер қорғау арқылы анықтайсыздар..
Галелео Галилей (1564 1642)
Италияның атақты ғалымы.
Инерция құбылысын
атықтаған ғалым. Денелер
қозғалысын зерттеу
бойынша тәжірибесі бар
Исаак Ньютон (1643 - 1727)
Ағылшынның ұлы физигі,
ғалым.
Динамиканың негізгі заңдарын
тұжырымдаған.1687 жылы
шыққан үш заңы. Бүкіләлемдік
тартылыс заңы.
Келесі ІІІ сайыс « Бөлшектерден бір бүтін құрастыру ».
(2 топқа конвертке салынған формулалар жиыны мозайкасы мен физикаға қатысты мақалдар беріледі. Осы
формулалар мен мақалдарды белгілі уақыт ішінде құрастырып, қандай формула екенін және өлшем бірлігін
айтыды, мақалды оқиды)
Формулалар:
Т
t Период – бұл материялық нүктенің
Өлшем бірлігі: с (секунд).
n
n Жиілік – бірлік уақыттағы
v Өлшем бірлігі: Гц (Герц).
t
F G
m1 m2
R2
mv 2
Ек
шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кететін уақыт
айналым саны, ол айналу периодына кері шама болып табылады.
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Өлшем бірлігі: Н (Ньютон).
Кинетикалық энергия – бұл қозғалыстағы денеде болатын энергия.
Өлшем бірлігі: Дж (Джоуль)
Мақал – мәтел:
1-мақал.
2-мақал.
3-мақал.
4-мақал.
Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.
Аузы күйген үрлеп ішеді.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Жол қадірін жүрген біледі.
ІY сайыс «Жұмбақтар әлемінде»
Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді. Бір жұмбаққа бір
ұпайдан беріледі.
1-жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
3- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл.
(Масса)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
Y сайысымыз «Қызықты тәжірибелер» деп аталады.
Әр класқа өтілген материалға байланысты тәжірибе жасалады. Алдын-ала дайындалып келген екі
сынып оқушылары құралдарымен алма кезек шығып өздері бір-біріне жасырады. Қарсы топ сол
тәжірибені жауабын айтып, қандай физикалық құбылыс екенін табу керек.
І топқа арналған тәжірибелер:
1.Тәжірибе: суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу
керек.
Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп, лезде салқындап жабысып қалады.
(кристалдану, балқу)
2.Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы шеті көрінетіндей етіп
қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен?
Жауабы: жарықтың екі ортада таралуы.
3.Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек.
Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?
Жауабы: Шар электрленеді.
4. Бір шарды газетпен үйкеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір-біріне жақындатайық. Олар бірінбірі тартады. Неліктен?
Жауабы: әр аттас зарядтар бір-бірін тартады.
ІІ топқа арналған тәжірибелер:
1. Суы бар тәрелкенің ішінен магниттің көмегімен түймені алу керек. Су ішіндегі
темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен
магнитке жабысады.
Жауабы: Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да
тарайды.
2.Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды.
Неге?
Жауабы: Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді.
3. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртка, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады?
Жауабы: Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі балқуы, қалқуын.
4. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге
қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге?
Жауабы: молекулалардың өзара байланысы.
Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің.
– деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
Әділқазылар алқасы ақылдасып, қорытындылағанша біз ойын ойнайық!
«Мен саған сенімдімін!» тренингін ойнайық.
Мақсаты: Өзгелерге сенім білдіру, өзара сенімділікті дамыту.
Фразалы сөзді аяқтау:
“Мен саған
сенімдімін, сен...
РЕФЛЕКСИЯ
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Алған әсеріңіз қандай ?
Оқушылар стикерге оз ойларын, тілектерін жазып арнайы дайындалған плакатқа жабыстырады.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Алғысымыз көп, мың рахмет!
Жеңген топты марапаттап, сыйлықтар табыс етіледі.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Сайыс
сабақтан
Формула құрастыру
Постер қорғау
көрініс
Постер қорғау
Екі жұлдыз, бір тілек
Сайыскерлерді марапаттау сәттері
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz