Мұғалімнің көшбасшылығы: фасилитациялық әдістер мен дағдылар

Мұғалімнің көшбасшылық қасиеті
Мұғалім - фасилитатор
Фасилитация- ағылшын тілінен аударғанда көмектесу, жеңілдету деген мағынаны білдіреді. Бұл жағдайда мұғалім оқушыға жаңа білімді өз бетімен алуға көмектесу позициясында болады
Фасилитациялық оқытуда мұғалім:
Тыңдау және айту;
Сұрақ қою;
Үдерісті бақылау және қадағалау;
Ынталандыру, шабыттандыру;
Жағдаятқа дер кезінде араласа білу қабілеттеріне ие болу керек.
1. Нұсқау беру біліктілігі:
Әрдайым нақты, анық, түсінікті және ойластырылған нұсқау беру;
Сөйлер алдында тыныштық пен өзіне назар аударуын күту;
Оқушыларды шатастырмау үшін ұзақ нұсқауларды бірізділікпен беру;
Оқушылардың тапсырма орындау кезіндегі іс-әрекетін алдын-ала болжау;
Оқушылардың тапсырманы қаншалықты деңгейде дұрыс түсінгендігін анықтау үшін кері байланыс орнату.
2. Бақылау біліктілігі
Әрдайым оқушылар іс-әрекеті туралы хабардар болу;
Топтан- топқа өтіп, әр оқушының іс-әрекеті мен топтағы талқылауларды тыңдай жүріп бақылау. Барлық бақылау нәтижелерін жазып отыру. Тек қажет болған жағдайда немесе топ жұмысын жақсарту мақсатында ғана оқушы іс-әрекетіне араласу.
3. Сұрақ қою біліктілігі
Бірнеше дұрыс жауаптары бар сұрақтар қою;
Талқылауды жұппен, топпен, сыныппен жүргізу;
Барлық оқушыларды сұрақтармен қамту;
Белсенді тыңдау дағдысын қолдану;
Оқушының ойын бірден бөлуден және түзетуден аулақ болу;
Оқушының дұрыс емес жауап берген сұрағын басқа оқушыларға бағыттау;
Оқушыға сыныптасының ойын қорытындылауды ұсыну;
Оқушыларға соңғы нәтижеге жету барысында қалай ойлағандары туралы әңгімелеуді ұсыну;
Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюын мақұлдау.
4. Оқушыны қолдау біліктілігі
Жақсы фасилитаторлар оқушының іс-әрекетін мадақтағаннан гөрі, қолдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Мадақтау мен ынталандыру оқушыларды мадақтау үшін ғана іс-әрекет ету қажет деген ойға алып келеді. Қолдау - оқушының өзіне деген сенімділігі мен қабілеттерінің артуына ықпал етеді.
Оқушыны қолдау мысалдары:
Позитивті болыңыз: Сен бұл жұмысқа көп уақытыңды бөлдің;
Мықты жақтарына назар аударыңыз: Сенің суретіңде мына элементтер жақсы орындалыпты;
Оқушылардың ілгері дамуын ынталандырыңыз: Егер, сенің салған суретің өзіңе ұнамаса, суретті дұрыстау үшін не істеуге болады?
Оқушылардың тәртібін бағалауда нақты болыңыз: Сенің сабырлылығың үшін, үлкен рахмет!
Оқушылардың ынтасы мен жігерін қолдаңыз: Сенің жұмысың қаншалықты жақсара бастағанын қарашы!
Табысты фасилитаторлар жағдаятқа араласпас бұрын, сыныпты мұқият бақылап ойланады. Фасилитаторлар мына жағдайда араласады:
Жобалау жұмысы барысында кері байланысты қамтамасыз ету;
Бағдарлама талаптарына сай жасау;
Өзіңізді оқушылар қаншалықты дұрыс түсініп жатқанын тексеру;
Оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға көмектесу;
Үдерісті жақсарту;
Ақиқаттықты орнату;
Анықтауға көмектесу;
Кикілжің жағдаяттарды шешуге көмектесу;
Топтық ережелерді ескерту.
Араласпас бұрын фасилитатор шешеді:
Нені айту;
Қалай айту;
Қашан айту;
Кімге айту;
Не үшін айту.
назарларыңызға рахмет