Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру




Презентация қосу
С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебі

Оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін дамыту
және
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Математика пән мұғалімі:
Айтуғанова Жадыра Жолдасқызы.

І. Жоспар
1. Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды
атқаратын әдістемеліктер.

II. Негізгі бөлім.
1. Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін логикалық
есептер арқылы дамыту.
3. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.
4. Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану.

III.Қорытынды.
Пайданылған әдебиеттер

Білім - кез келген мықты мемлекеттің тірегі. Білімнің мемлекеттік саясаты
стратегиялық мақсатқа бағытталған: болашақ ұрпаққа инновациялық және
шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті етіп тәрбиелеу, оның жеке тұлға
болып қалыптасуында адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін алдыңғы
орынға қоя отыра өсіру. Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және
реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты
түрде беру процесі екені мәлім. Бүгінде Қазақстан Республикасында білім беруді
дамыту әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді, еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуын, әлемдік білім жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере
отырып іске асырылмақшы.
Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір
баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы:
мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында
өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті
үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті,
адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын
жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім

Оқушылар шығармашылығының
тәрбиелік мәні.
Баланың
қабілеттерін
дамыту мәселесі
өзінің тамырын
адамзат
тарихының
тереңінен алады.
Ежелгі грек
ғалымы және
философы
Сократ өз
оқушыларының
дамуына үнемі
қамқорлық
жасап отырған.

Адамның
ақыл- ойын,
қабілеттерін
дамыту
арқылы оны
бақыт жолына
жеткізу
мәселесіне
бірнеше күрделі
еңбектерін
тікелей арнаған
шығыстың
әйгілі ойшылы
Әл-Фараби
болады.

Бүкіл бір халықтың
ұстазы ұлы Абай
өзінің қырық үшінші
қара сөзінде бала
өмірге келгендегі
қабілетті әрі қалай
дамытуды,
шыңдауды қажет
ететінін, сонда ғана
олар пайдаға
асатынын жазған.
Ал назардан тыс
қалған қабілеттер
бара-бара жойылып,
жоқ болатынын
айтқан.

М.Жұмабаев
өзінің
педогогика
оқулығында
баланың
дамуының
мәселелерін
көтереді. Ол
үшін оның
танымын,
ақылын, еркін,
зейінін
қалыптастыру
керек екенін
жазады.

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық
белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға
тура келеді.Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған
материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп
толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты
жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім
алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни
оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу
жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге
қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық
қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір
ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және
қатысушылармен танымдық қарым - қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның
барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық
белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.
Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында
қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап
кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу
әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.



Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді
ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді
пайдалануын талап етеді. Оқушыларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін
қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі –
нәтижеге жетуге ынталандыру. Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін
қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы
баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік
алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін,
адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін
пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны
практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға,
ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ
кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа,
шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог
басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады.
Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол
ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін
арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп
жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинскийдің «егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік
деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас
қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән
беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде
көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.



Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс
түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге
болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез
келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын
арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.
Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін
өте қажетті жағдай.
Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы
жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең
толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға
қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше
ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне
бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.Мысалы; үлестірме
екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы
жазылады.Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын
дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан
белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.
Дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше.
Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез
ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы
зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек
пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді
негізгі

Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой
қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
Математиканың өмірмен байланысы анық. Миды жаттықтыру үшін адамға математиканы үйрену,
есеп шығару, математиканың бүкіл заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. Біздің
өміріміздегенің бәрі бір – бірімен өзара байланысты. Тіршілік құбылыстарын бір – бірінен бөліп
зерттеуге болмайды.Математика пәні ең бірінші оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап
етеді. Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас бұрын оқушының қызығушылығы мен белсенділігін
арттыру мақсатында немесе сабақ ортасында, соңында шығармашылық есеп ретінде логикалық
есептер, не болмаса тапсырмалар беріледі.Математика сабағында оқушының қызығушылығын
тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық есеп түрінде беріледі.Математиканың сан
алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс
қызықты әрі ұтымды болады. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап
оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау
барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс –
қимылға жетелейді. Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға
ұмтылады.Логикалық есептер 5-6 сыныптарда, шығармашылық жұмыс ретінде, әр тақырыпта немесе
келесі тақырыпқа дайындық ретінде беріледі.Әрбір шығармашылық есеп логикаға негізделген.
Логикалық ойлау арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Білсем, үйренсем дейді,
тіпті математикаға қабілеті жақсы, зерек оқушылардың өздері логикалық есептерді құрастырады.
Логикалық есептердің оқу процесіндегі маңызы зор. Мұндай есептер оқушының ойлау қабілетін,
математикаға деген қызығушылыған арттыру үшін өте тиімді. Логикалық есептер математикалық
олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданылады.Шығармашылық деңгейдегі есептер жоғары
сыныптарда да беріледі. Сонымен бірге математика апталығы да, сыныптан тыс жұмыстарда
шығармашылықпен айналысатын оқушыға логикалық есептерді шешу тиімді. Логикалық есептер
математикалық олимпиадаларда, түрлі жарыстарда, «Кенгуру» , «Ақбота» интеллектуалды
ойындарында көп қолданылады. Логикалық есептердің саны да, шығару тәсілдері де алуан түрлі.
Математика ғылымында логикалық есептер бірнеше түрге бөлінеді. Солардың әрбіреуіне жеке – жеке
тоқталайын.

Сөзім дәлелді болуы үшін 6 – сыныпта «Нүктелердің координаталарын таба білу»
тақырыбы.
Бұл математика пәніндегі күрделі тақырыптың бірі. Осы тақырыптан кейін түрлі
функцияның графиктерін саламыз, яғни, графиктерді сызу үшін нүктелерді дәл таба білу
керек. Координаталық жазықтықта нүктелердің координаталарын таба білуде логикалық
ойлауды қажет етеді. Сондықтан мына сызбаны координаталық нүктелерін таба отырып,
қағаз бетіне түсіріп, оқушыға істеттім.
«Тышқан»
Координаталары:
(- 6; 0) (- 3; 2) (- 4; 3) (- 3 ; 4) (- 2; 4) (-1; 3)
(- 2; 2) (- 1; 2) (0; 3) (3; 3) (5; 1) (5; 0)
( 3; – 2) (-2: 2) (3; -1) (0; – 1) (- 1; -2) (-2; -2)
(-1; -2) (-3; 0) (-6; 0)
Қосымша: (-3; 1) (5; 1) (7; 3)
Сөзімнің соңында логикалық есептерді шығаруда шығармашылық жұмыс істеу әрбір
оқушыға тиімді дер едім. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеген адамның өзіне және
өз ісіне деген сенімі, жауапкершілігі артады, іскерлік дағдысы қалыптастырады.
Математиканы оқып – үйрену есеп шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез – келген
проблеманы шеше білу, өз қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет.Сондықтан, «Мен ақша
санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей білемін, одан өзге математиканың маған
қажеті шамалы» деуге болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді
көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай ғана тіршілік болады.
Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл – сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді
мағыналы қылып, барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты бүкіл білімді пайдалана
білуіміз керек.Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге, аңғарымпаздыққа, ой
ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің орны ерекше дер едім.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін
қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту
және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік
іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Ойлау дегеніміз – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда
жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана,
оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып
оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта
алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай
келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.
Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл
байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты
анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана
отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:барлық логикалық
ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде
қалыптастыру;ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
«Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –
логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский.

Қорытынды

 

«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміне ештеңе қоспаған 
осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана»
Я. А. Каменский
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлап алатын, шұғыл шешімдер қабылдай
білетін, белсенді, шығармашылық адамдар қажет. Сондықтан да сабақтарда тек
білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп
келеді. Шығармашылық әлемді мәдениеттің дарлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген
ізденістердің болғандығынан байқауға болады.
Көтеріп отырған мәселе туралы жазған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар,
еңбектер баршылық. Бұл ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Балсұғын,
Әл – Фараби, Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан еңбектерінде адамның
жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. Қабілеттер жайлы
жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында
табиғи мүмкіндіктер болады, ол тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда
байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи
психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келемін.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп
Мұғалім туралы мәлімет
Дарынды балаларды анықтау жолдары
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру технологиясы
Шешім қабылдай білу қабілеті
Мектеп математикасында информатиканы қолдану
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамыту
Функционалдық сауаттылықты дамыту
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРҒА МҰҒАЛІМ
Пәндер