Тоғызқұмалақ
Презентация қосу
Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Елшібеков Нағметжан Амангелдіұлы
Т оғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойындарының бірі.Бұл ойынды қазақтардан
басқа қырғыздар, қарақлпақтар, алтайлықтар да ойнайды.Тоғызқұмалақ ойынын «қойшылар
алгебрасы» деп те атайды.Оның себебі де жоқ емес. Тоғызқұмалақты тұнғыш рет қойшылар ойлап
шығарған және бұл есеп ойыны. Ертеде қатар қонған ауыл қойшылары жайлауда қойын жайып
жусатқан соң, бір төбенің басына жиналып,жақ-жақ болып тоғызқұмалақ
ойынайтын болса
керек.Алайда тоғызқұмалақ ойының ол кезде қойдын құмалақтарымен ойналушы еді. Бұған онша
қүрделі жабдықтардың да қажеті жоқ. Екі жақ ойыншыға тоғыз-тоғыздан шұңқыр (отау), бір-бірден қазан
(құма-лақ жинайтын үлкен ұя) жасап,әр ойыншы 81-ден, барлығы 162 құмалақты жинап. Жерді қазып
алып, малдасын құрып отырып ойнай беретін болған. Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап,
қалың бұқараның мәдени қажетіне айналған. Көшпелі қазақ халқы адамның ой өрісін кеңейтетін, өмірге
қажетті ауызекі есепке төселдіретін, ұстамдылыққа, еңбек сүйгіштікке дағдыландыратын тамаша
спорттық ойынға бос уақыттарын бөліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келген. Ел ішінде талай-талай шебер
ойыншылар да туған. Ол ойыншылар алдымен туған ауылында оза шығып, көршілес,ауылдардың
ойыншыларымен кездесетін болған Өзінің ойыншылық күшімен, шеберлігімен көрінен дара
Ойыншылар күш сынасу үшін ел кезіп,өзімен теңдес ойыншы іздеген. Әлді ауқатты адамдар әр елден
аты шыққан ойыншыларды алдырып ойнатуды, ойын қызығын көруді дәстүрге айналдырған. Әрбір
ойынға бәйге тігілетін болған. Ойын ерте басталып, ұзақ түнге, тіпті бірнеше күге дейін созыла берген.
Тоғызқұмалақ ойыны өзінің ерекшелігі жағынан алып қарағанда, нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке
жүйрік адамдар ғана жеңеді. Тоғызқұмалақ ойыныда шахмат, дойбы ойындары сияқты тапқырлықты,
мол фантазияны талап етеді. Алайда бұл ойынның есебі ерекше, өзіне ұқсас ойындарға қарағанда
анағұрлым күрделірек.Оның басты себебі-тоғызқұмалақ ойынын немесе оның кейбір жеке
позицияларын тақтаға қарамай,ойлау аса қиын.Болып өткен позицияны немесе бір-екі жүрістен кейін
қандай позиция болсытынын еске сақтау, бағдарлау тек қана шеберленген ойыншының және ауыз-екі
есепке жүйрік адамдардың ғана қолынын келеді.Сондықтан да бұл ойынды шахмат,дойбы ойындары
сияқты тақтаға қарамай ойнау ешбір мүмкін емес.Біздің ата-бабамыз дойбы, тоғызқұмалақ та ойнады.
Бірақ кеңес дәуірі кезінде спорт мәдениеттінің қай саласы болсада кенже қалып келген. Қазақ елі
спорттың мұндай түрлерін қалың бұқараның игілігіне жарата алмады. Ал бүгінгі күні біз қазақ еліміз
спорттың қай түрі болсада мақтан ете аламыз. Халқымыздың ұл-қыздары спорттың саналуан түрлерін
өзінің рухани қажеті деп санайды
Қазан
Қазан
Арт
Тектұрмас
Ат өтпес
Атсыратар
Бел
Белбасар Қандықақпан Көкмойын Маңдай
Бұл отаулардың ертеден бері келе жатқан аттары бар. Отау аттары кездейсоқ қойылмаған. Мысалы:
ойынның алды және арты болады.Алды- 9 отау Маңдай, Арты-1 отау, 2 отау Тектұрмас аталуының
себебі онда құмалак көп жатпайды. Бұл отау – қарсы жақтың шабуыл объектісінің бірі. Оған көбінесе,
«тұздық» жасалу қаупі туып отырады (тұздық дегеніміз- отау беру, яғни сол отаудан айырылып қалу) .
3 отау- Ат өтпес. Бұлай аталу себебі бұл отаудан- ат, яғни құмалақ еш уақыт арылмайды.4 отауАтсыратар Бұл отаудың атсыратар болып аталуының себебі- ойын осы атаудан басталғанда, құмалақ
таусылып,тез атсырауға түседі. 5 отау- Бел. Нағыз орта болғандықтан, бел деп аталады. 6 отауБелбасар. Белбасар болып аталуы себебі-ойын басында бұл отаудан құмалағы қарсы жақтың беліне дәл
жетіп жатады.7 отау- Қандықақпан.Көбінесе есептен жаңылдыратын қаупті отау. Бұл отаудың
«тұздығы» позицияда үлкен осалдық тудырады. 8 отау-Көкмойын. Қандықақпаннан кейінгі осал
жер.Бұдан да «тұздық» беру аса қауіпті.9 отау – Маңдай Бұл отаудың өзіндік қасйеті басқа отаулардан
ерекше, яғни бұдан «тұздық» алынбайды. Мұндай тәртіп ойыншылардың көп жылдық тәжірибесінен
келіп шыққан деуге болады. Себебі, бұл отаудан «тұздық» берген адам, әрі қарай ойнамауына болады.
Сондықтан,ойыншы «қапыда қалмас» үшін, бұл отау-дан «тұздық» алу ережеден шығарып тасталған.
Тұздық алу:
Тоғызқұмалақта құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға
да болады. Оны ежелде «тұзды үй» деп атаған. Бүгінде «тұздық» дейді. Тұздық алу үшін
жүріс жасаған кезде қарсыластың екі құмалағы бар отауына сіз таратқан
құмалақтардың соңғысы түсуі керек. Сонда сол отауда қалыптасқан үш құмалақпен
бірге отау да ұтып алынып, сол отау ойынның соңына дейін сіздің меншігіңізге
айналады. Яғни жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ
міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Ат және Атсырау
Қазақ халқы <<Ат-ер қанаты>>дейді, сол сияқты қазақ жақсы көрген адамдарға ат
мінгізген.Тоғызқұмалақ ойынды атпен байланысты екі атау бар. << Ат >> деп ойын
барысында журелетін кұмалақты айтады мысалы: <<сенің белбасарыңа жететін менде
ат жоқ >>,<< сенің атың,менің байлығыма жетіп қалуда>> немесе байға жетем десең ат
жина деп сөйлейді.Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы
құмалақ кеми бастайды. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші
тауысып алып, жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады.
Байлық
Бір отаудағы құмалақ саны ойын кезінде басқа отауларға қарағанда едәуір көбейіп кеткен
жағдайда, ол отау ойыншының ең бай отауы болғандықтан, оны қысқаша бай деп атайды.
« Байлар» бар ойын қызықты және тартымды болады. Екі ойыншы да өзінің барлық жүрісін
осындай «байлары» шауып алу мақсатында құрады.
Тоғызқұмалақ партияларын жазу
Тоғызқұмалақ отаулары солдан оңға қарай «1» санынан бастап «9» санына
дейінгі цифрмен белгіленеді.Тоғызқұмалақ ойынында жасалған жүрісті
жазу үшін, жүріс жасала-тын отаудын цифрын, оның қасына сонғы құмалақ
барып үскен отаудың цифры жазылады.Бұдан кейін алу (-) белгісі
қойылады да қарсылас ойыншының жүрісі жазылады. Мысалы:
1) 54-54.
2) 99-89 .
3) 12-34Х
4) 68Х- т.с.с. Шабысты жүріс « тұздық » алынса, «х» белгісі қойылады.
Ойын партияларын талдағанда, мысалышахмат, дойбыдағы сияқты
жүрістің жаман- жақ-сысын бағалайтын белгілер де кездеседі. Жақсы
жүрістің артына леп ( ! ), нашар жүрістің артына сұрақ ( ? ) белгілері
қойылады.
Жүріс есептеу
Жүріс есептеу тоғызқұмалақ ойынында ойынындағы ең қиын кезең. Ол өте
көп
жаттығуды, машықтануды талап етеді.Ойынды дұрыс есептеу үшін
тоғызқұмалақтың ерекшелігін, мате-матикалық ауызекі есептің көптеген жолдарын білу
керек
(a+в)-с= д
А-отаудағы кұмалақ саны
В-сол отаудың нөмірі
С- азайтатын сандар 1.10.19.28.37.46
3+6=9-1=8 . 12+2=14-10=4.
15+5=20-19=1.
21+9=30-28=2
Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz