ЖЫЛҚЫ СҮТІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ


Slide 1

Секциясы: Ауылшаруашылығы

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

ЖЫЛҚЫ СҮТІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ

Slide 2

Шығармашылық-ізденіс жолында

Slide 3

Жылқы малының адамзат тұрмысындағы қажеттілігі

Slide 4

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

шипалы сусын

28 түрлі дәрумендер бар

Қымыз тәбетті ашады, жүрек жұмысын белсендіреді.

Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт алуға болады. Кей биелер 15-17 литрге дейін сүт береді

Slide 5

Дайын қымыз әрі кетсе 3 тәулік сақталады

Дайын қымыздың

қышқылдығы 810-1000Т

тығыздығы 1, 020-1, 018

құрамында 1, 5%-этил спирті

белок-2-2, 5%

май-1-2%, қант-3, 5-4, 8%

витаминдер, фосфор, кальций болады.

Slide 6

Германияда қымызға деген сұраныс жоғары, өндірісі де жақсы дамыған. Кәсіпті нәсіп еткеннің көсегесі көгеріп, қазынасы артып отыр.

Еуропа елдері бал қымыздың бар құпиясын біліп алған

Ганс Цольман Германиядағы ең ірі қымыз өндіруші саналады

Slide 7

Биылдан бастап Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы “Байқадам” шаруа қожалығы қымыз өндірісін қолға алмақ.

Немістердің қымызды бөтелкелеп сатып, дүкен сөрелеріне толтырып тастайтынын естіп жүрміз.

Slide 8

Қымыз екі түрлі әдіспен ашытылады

І-ші әдісі:

Өнеркәсіптік әдіспен дайындау үшін арнайы микроб-болгар таяқшасымен ашытылады. Ашытқы қосылады да, сүт 20 минут бойы араластырылады. Ашытқының қышқылдығы бойынша 50-600Т болуға тиіс. Даяр болуына 15-20 минут қалғанда температурасын 170 дейін жеткізіп, бөліп-бөліп шөлмекке құяды. Шөлмектің аузын тығындап, қымыз салқындату үшін арнайы бөлмеге қояды.

Slide 9

ІІ-ші халық әдісі:

Қор дайындау

Ашытқы (қор)

Суы бетіне шақырады Қоюы түбінде шөгеді

Төгеді Сүзеді

1 жыл сақтайды

( Ашытқы (қор) бір-ақ рет қолданылады )

Қолдануы

Түйеді

Ұсатады

Жаңа сүтке салады

Араластырады

1 тәулік піседі

Қымыз семіз жылқының терісінен сабада ашытылады. Қымыз ашыту үшін жаңа сауылған бие сүтін сабадағы бұрынғы қор үстіне құйып әлсін-әлсін пісіп отырады. Сабаға сүт құю тоқтатылғаннан кейін саумалды пісіп, араластырады да жел өтінен қағаберіс жерге қояды. Ертеңіне қымыз дайын болады. Сабаны 6-7 күнде бір рет жауып, жел қақтырып, кетіреді, сары май жағып тобылғы немесе ашамен ыстайды.

Slide 10

Қымызды дайындау технологиясына мынадай процестер жатады:

Сүт дайындау

Ашытқы дайындау

Ашыту

Қымыздың жетілуі

Сапыру

Ыдысқа құйып тығындау

Көпіршіту

Салқындату

Сақтау

Slide 11

Уыз қымыз-биені алғаш байланғанда, уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қымыз.

Бал қымыз -бал, қант, өрік-мейіз қосып ашытылған қымыз; сырқат адамдарға, балаларға, жас босанған әйелдерге беріледі.

Құнан қымыз - үш тәулік бойы ашытылған қымыз. Саумал ішпейтіндерге құнан қымыз берілген. Ас пен тойлар, ұзақ отырыстар үшін даярланған.

Дөнен қымыз -үш түнегеннен кейін қотарылып, мейлінше ашуы жеткен қымыз.

Бесті қымыз -бес тәулік бойы ашытылған қымыз.

Саумал - баяу ашыған немесе ащы қымызға жаңа сауылған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған қымыз; қарттар мен балаларға арналып дайындалады.

Қысырдың қымызы - бие ағытылып кеткеннен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыста қолда ұстап сауады. Түнеме қымыз - пісуі жеткен қымыз; мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік бойы сапырылады. Түнемел қымыздың қызуы күшті; оны көбінесе құрт, май, ірімшік үшін даярланған.

Сірге жияр қымыз - бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы да бір той болады.

Қазақта жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, құр қымыз, қысқы қымыз деп атаған.

Slide 12

Қырық түрлі қымыздың, шипалы шарапаты

Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. Өйткені оның құрамында В, В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан. Сондықтан тек ауырған кезде ғана емес, күнделікті профилактика үшін де қымызды ішіп жүруге кеңес берілген.

Slide 13

Қымыздың емдік қасиетін зерттеп зерделеген кезде тек адам денсаулығы үшін ғана емес, төрт түлігіміз үшін де пайдасы молын айта кетуіміз қажет.

Қымыз бойындағы спирт малдардың жылынуына септігін тигізген.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ешкі сүті
Бие сүті мен қымыздың қасиеті
Жылқының қасиетің білу
Ешкі сүті және ешкі сүтінің тағамдық құндылығы
Қымыздың пайдасы
Қымыз өндіру технологиясы
Биенің сүтінен сүт өнімдерін өндіру технологиясы
Жылқы жануарының қасиет, ерекшелігімен танысу
Ұлттық сүт өнімдерінің биохимиясы
Ұлттық сүтқышқылды сусындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz