Қазақ классиктері: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов - өмірі, шығармашылығы және сыныптық бағалау критерийлері


Slide 1

Сәлемдесу.

Амандасу салтымыз

Оқып біліп жатырмыз

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз.

ІІ. Шаттық шеңбері

.

Сәттілік біздер тілейік

Мен саған, сен маған

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік

Мен саған, сен маған.

Slide 2

БЕС АРЫСЫ

ҚАЗАҚТЫҢ

Slide 3

Ахмет Байтұрсынов

(1873-1938)

Қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі ғалым, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық

үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері.

Slide 4

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

“ Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?»

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?

Slide 5

Жүсіпбек Аймауытов

(1889-1931)

Аймауытов, Жүсіпбек (1889-1931) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911-1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.

Slide 6

Міржақып Дулатов

(1885-1935)

«Оян, қазақ»

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

М. Дулатов

Slide 7

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.

Slide 8

Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Топбасшылар топтың

жұмысын бағалау

Slide 13

Үздік топтар

Slide 14

Топтағы «жылылық»

Ең белсенді

топ

Ең ақылды

топ мүшесі

Ең сыпайы

топ мүшесі

Нағыз кеңесші

Slide 15

Табыс баспалдағы

Оқушы өзін сәйкес баспалдаққа орналастырады:

өте сенімдімін

сенімдімін, ұғындым

әлі қайталау керек

көмек қажет

Slide 16 Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатов: өмірі, шығармашылығы және қазақ тілін дамытудағы рөлі
Міржақып Дулатов: өмірі, шығармашылығы және Бақытсыз Жамал романының талдауы
Мағжан Жұмабаев: өмірбаяны мен шығармашылығы
Жүсіпбек Аймауытов: өмірі, шығармашылығы және қоғамдық қызметі (1889-1931)
Мағжан Жұмабаев (1893-1938): өмірі, шығармашылығы және қуғын-сүргін
Алаш қайраткерлері Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және Жүсіп Аймауытовтың балалар әдебиетіне қосқан үлестері
Мағжан Жұмабаев: өмірі, шығармашылығы және педагогикалық мұрасы (8-9 сыныптарға арналған электрондық дидактикалық материал)
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931): өмірі, шығармашылығы және әдеби мұрасы
Ахмет Байтұрсынов: өмірі, шығармашылығы және Анама хат өлеңін талдауы
Міржақып Дулатов (1885-1935): өмірі, қоғамдық-саяси қызметі және әдеби мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz