Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту: 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 25 маусымдағы
№832 қаулысымен
бекітілген

«Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл
жоспарын» жүзеге асыру жолдары

Қарастырылатын мәселелер

Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында қарастырылған.
Мектеп
оқушыларының
функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық
жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған

стратегиялық міндетті шешу жағдайында
тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға;
шешім қабылдай алуға;
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы.
Бұл
функционалдық
дағдылар
мектеп
қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы
бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында да көрсетілген.
Жалпы білім беретін мектептерде:
Дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру;
физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік
бейімделуін қамтамасыз ету.

Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары….
ҚР білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары
ретінде мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының
мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін
қамтамасыз етуге арналған.

Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша ағымдағы
жағдайды талдау
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет
өткен
ғасырдың
60-шы
жылдары
ЮНЕСКО
құжаттарында
пайда
болды
және
кейіннен
зерттеушілердің қолдануына енді.
Функционалдық сауаттылық адамдардың:
Әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсенді қатысуы;
Өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық
факторлары.

Экономикалық
ынтымақтастық
және
даму
ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15
жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың
халықаралық
бағдарламасы
(Programmer
for
International Student Assessment – РІSА) болып
табылады.
РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің:
Мектепте алған білімдері;
Іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттерінің
әртүрлігі;
Тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік
қатынастары;
Өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу
қабілеттерін бағалайды.

РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік
білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың
әмбебап құралы ретінде қарастырылады.
РІSА
шеңберіндегі
тестілеу
барысында
функционалдық
сауаттылықтың
үш
саласы
бағаланады:
1. Оқудағы сауаттылық;
2. Математикалық;
3. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет)
жүргізіледі.
Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың
қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.

2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет
қатысты.
Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:

1) Қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу
сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш –
28,6%);
2) Қазақстандық оқушылардың үлесі –
математикалық сауаттылықты зерттеуге
қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері
бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);

3) Қазақстандық оқушылардың үлесі жаратылыстану ғылыми сауаттылығын
зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды
(ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық
оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа
қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін
мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім
беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда
пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.

Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері
Ұлттық жоспардың мақсаты:
Оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету, орта
білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып
табылады.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу
жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг
жүргізу жүйесін дамыту.
6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.

Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту тетіктері
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған
елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа
Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі
көрсеткендей, оқушылардың функциялық
сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер
етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу
бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері; (6 слайд)
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін
диагностикалау мен бағалау жүйесі; (7 слайд)

4) мектептен тыс, қосымша білім беру
бағдарламалары; (8-9 слайд)
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік
нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі
дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген
достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу
процесіндегі белсенді рөлі. (10-11 слайд)

 
Білім стандарттарын, оқу бағдарламалары
мен жоспарларын жаңарту
Мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытудағы стандарт:
Қазіргі таңдағы 11 жылдық; (Жаңа стандарт)
2015 жылдан бастап енетін 12 жылдық мектептің
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
ретінде айқындалады.
Бұл ретте білім алушылардың:
Алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді
пайдалану;
Әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға
мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер
қалыптастырылады.

Қорытынды
Жалпы жоспарда 2016 жылға дейін іске асатын
37 іс-шара қарастырылған.
Олардың 11-і 2012 жылғы 4-тоқсанда басталады.
ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Ұлттық жоспарды
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 24,6 млрд.
теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 22,7
млрд. жалпы 47,3 млрд. теңгені құрайды.
Ұлттық жоспарды іске асыру оқушылардың бойында
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды
қамтамасыз етеді.
Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген
қызығушылықты арттырады.

Назар аударғандарыңыз
үшін рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Физика пәнінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы танымдық белсенділігін арттыру
Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспар
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында 5-сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды бағалау әдістемесі
ЖШС КЕРЕМЕТ-тің 2015-2016 жылдарға арналған кондитерлік кәсіпорын бизнес-жоспары
Қазақстан Республикасындағы математикалық білім беруді дамыту: анализ және синтез арқылы оқушылардың қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Тәрбие негіздері тұжырымдамасы: 2019-2024 жылдарға арналған тәрбие жұмысының мазмұны мен іс-шаралар жоспары
Роман жанрын талдау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
ББЖМ: оқу сауаттылығын бағалау және функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалар
Математикалық функционалдық сауаттылықты дамыту: функциялар мен олардың графиктері бойынша сыни-ізденістік әдістемесі
PISA тапсырмаларын кіріктіре отырып тотығу-тотықсыздану реакцияларын оқыту арқылы ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz