Кіндігімнің жас қаны тамған жерім, ауылым
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік селосы
“Шүкірлік негізгі мектебі”КММ
Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Алибекова Жанар Ерсаиновна
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«Кіндігімнің жас қаны,
тамған жерім ауылым»
•Шүкірлік ауылы
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларды туған ауылының
тарихымен таныстыру;
2. халқымызға болашағынан үміт күтетін
білімді ұрпақ керек екенін ұғындыру;
3. өз туған елін, жерін сүюге,қастерлеп,
құрметтеуге тәрбиелеу.
“Саржайлау” күйі орындалып тұрады.
Туған жердің қандай жақсы күзі де,
Туған жердің қандай жақсы қысы да.
Туған жердің қандай жақсы көктемі,
Туған жердің қандай жақсы жазы да.
Жақсы екен туған жердің күні де,
Жақсы екен туған жердің түні де.
Жақсы екен туған жердің суы да,
Еш жаманын таба алмайсың осында.
Ауыл – адамзаттың кең дүниенің есігін ашып
өмірге келген, бізге дейінгі сан толқын
ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған
киелі мекені. Ана әлдиі, алтын бесік, алғашқы
қадам - әр адмның аяулы қымбаттысы.
Сондықтан ет пен сүйектен жаратылған
жаратылыстың барлық иелері өз ауылын
сүйетіні сөзсіз. Дүниедегі ең құдіретті ана
болса, ауыл да – барлық халықтың анасы,
тіршіліктің нәрі.
Ауыл – халқымыздың бойына нәр құятын
алтын бесігі, негізгі мекен жайы, ұлттық
рухтың қуат алар қайнар көзі.
•“Ауылым” тақырыбына кластер құрастыру
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
М. Мақатаев.
Бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп отырған қонағымыз бар. Ол кісі
тарих және география пәнінің мүғалімі Ұлан Кәкімұлы. Бұл кісі қазір
Шүкірлік ауылымыздың тарихына шолу жасап,біраз мәліметтермен
таныстырып өтеді.Мұқият тыңдайық.
Ауыл тарихы
Ауыл қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Небір керемет атақты ғалым, ақын,
жазушы, әнші, күйшілердің өздері де ауылдан шыққан. Ауыл адамдарының еңбегі
орасан зор.Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызға арнап “Менің ауылым” атты
тақырыпқа өлең жаттап, сурет салып, шығарма жазып келуге тапсырма берілген
еді.
Оқушылардың монтаждары:
Аяжан: Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Әмірхан: Уа, дариға алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Әділжан: Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,Арманым жоқ, бұл дүниеде ,- дер едім;
Аян:
Болдым ғашық, туған дала, мен саған
Алыс жүрсем, арманым – сен, аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың,
Өз ауылым - өзім туған босағам!
•“Ауылым” тақырыбына сурет салу
“Туған елдің түтіні”- атты тақырыпқа шығарма жазу
Ауыл десем мал елестер көзіме,
Ауыл десем,
Дән елестер көзіме.
Ауыл десем
Ер саламын құр атқа
Ауыл десем,
Ән елестер құлаққа.
“Ауылым” - әні
•Сонымен, оқушылар болашақта ауыл экономикасын,
халық тұрмыс жағдайын көркейтетін сіздерсіздер! Туған
елдің алтын бесігін аялау, қорғау сіздердің қолдарыңызда!
Сенімді жолмен әманда,
Халқымның алып батасын.
Аттаған жаңа заманға,
Ауылым менің жасасын!
Ауылым – ырысы мол құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.
Саяңда ойнап, өсіп, білім алып
Алаңсыз асыр салып ер жетемін.
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл-елді,
Көркейтетін болашақ біз жастармыз !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz