Кешірімділік пен қарым-қатынас мәдениеті


Slide 1

Сабақтың тақырыбы

Slide 2

Кешірімділік - көңіл кеңдігі Қарым - қатынас мәдениеті

Slide 3

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: “кешірім”, “кешірімділік”, қарым-қатынас мәдениеті жайындағы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарап, қарым-қатынас мәдениетін сақтауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: кешірімділікке, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Slide 4

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері

2. Ойланайық, пікірлесейік!

3. Оқулықпен жұмыс

4. Жаңа ақпарат

5. Дәйексөз

6. Жағдаяттарды талдау

7. Дәптермен жұмыс

8. Түйіндеме

9. Жүректен жүрекке

Slide 5

Шаттық шеңбері

“Т І Л Е К Ш О Ғ Ы”

Slide 6

Ойланайық, пікірлесейік!

Кешірім сұраған сәтің болды ма?

Сеніңше кешірім сұрау кешіргеннен оңай ма?

Адамдарға қарым-қатынастың қажеттілігі неде?

Адамдармен қарым-қатынасты қалай құру керек деп ойлайсың?

Slide 7

Оқулықпен жұмыс

7-сынып: Теректің асқақтығы 8-сынып:Кешірімнің күші

Slide 8

Жаңа ақпарат Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адам өзіммен өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді. Кешірімді болу - айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың, өзара түсінудің көрінісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.

Slide 9

Дәйексөз

“Кешіре білген адам - күшті адам. ”

А. Йүгінеки

“Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. ”

Рудаки

Slide 10

Жағдаяттарды талдау :

Нұрбол мен Арман бір үйдің балалары. Олар біраздан бері бір-біріне өкпелеп, сөйлеспейді. Үйде үнсіз ғана әрекет жасайды. Нұрбол үлкендігін ойлап, Арманда кешіре салғысы келгенімен, інісінің кішілік көрсету керектігі есіне түскенде, бұл ойынан айнып қалады. Ал Арман болса, ағасы үлкендік танытып, оны үнемі қамқорлыққа алуы тиіс деп кішіриетін емес. Бүгін ауылдан анасы телефон шалды. Телефон тұтқасын көтерген Арман ағасына ертең анасын вокзалдан күтіп алуы керектігін қалай айтарын білмей тұрып қалды.

Slide 11

Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында қайткенде де қарсыласын сөзден ұту мақсаты ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіске ұшырап қалатын. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Slide 12

Бір үйдің екі қызы бар. Ата-анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсеге көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі, керісінше, шатшадыман. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Slide 13

Дәптермен жұмыс Дәптерді екіге бөліп, бірінші бағанға өзіңе жақын адамдарды жазыңдар. Екінші бағанға жақын адамдарыңнан не күтесің (сезімі, әрекеттері), соны тізбектеп жаз.

Slide 14

Түйіндеме: Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйтекені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады. Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады. Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады. Әдеттеріңіз оң болсын, өйткені әдетіңіз - құндылығыңыз болады. Құндылығыңыз оң болсын, өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.

Slide 15

“Аңса жаным”

Сөзі:М. Мақатаевтікі Әні:Т. Төлендиевтікі

Мен тілеймін жарқыным сен де тіле,

Орнасын деп жақсылық жер бетінде.

Аққу тіле айдынның келбетіне,

Айдын тіле аққуды тербетуге.

Мен аңсаймын сен дағы аңса жаным,

Жайлап өскен жақсыдан жан самалын.

Аңса, жаным, зарығып шарша жаным,

Қанша ғұмыр қалса да қнаша амалың.

Жүректен жүрекке


Ұқсас жұмыстар
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен этикасы
Ресми және бейресми қарым-қатынас стильдері: іскерлік этикет пен сөйлеу мәдениеті
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті мен этикалық қағидалары
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениеті мен психологиясы
Жеке тұлға және ұжымдағы қарым-қатынас: түрлері, құралдары және сөйлеу мәдениеті
Қарым-қатынас этикасы және іскерлік қарым-қатынас қағидалары
Іскерлік этикеттің негізгі ұстанымдары мен кәсіби қарым-қатынас мәдениеті
Іскерлік этикет және қарым-қатынас: мінез-құлық пен тілдік аспектілер
Сөз мәдениеті мен сөйлеу әдебі: тыңдау, түсіну және қарым-қатынас дағдылары
Кәсіпкерлік мәдениет, іскерлік қарым-қатынас және этика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz