"Желтоқсан оқиғасы"




Презентация қосу
1986 жылғы
Желтоқсан
оқиғасы
Дайындаған: Ильясова Алия
Тунгышбаевна

СИПАТТАМАСЫ

1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы
Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң
пленумы
болды.
Онда
Орталық
партия
Комитетiнiң Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама
жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру
жөнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек
сөз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол кеңес қоғамын
ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия,
Кеңес органдары қызметiнен байқауға болады.

1986

жылғы ақпан
айында болып өткен
Қазақстан
Компартиясы
XVI
съезінде, ол кезде
Республика
Министрлер
Кеңесінің төрағасы
болып істеген Н.Ә.
Назарбаев
сөз
сөйледі.



1985 жылы республика бойынша ауылдан келген
студенттердің төрттен үші ғана жатақханамен қамтамасыз
етілді. Әсіресе, Алматыдағы жағдай мәз емес еді. Ондағы
студенттердің 57,7 пайызы ғана жатақханаға орналаса
алды. Желтоқсан оқиғасы қарсаңында "еңбектен тыс
табыс” дегенмен күрес пайда болып, соның салдарынан
тек қана Алматыдағы пәтер жалдап оқып жүрген үш
мыңдай
студент
баспанасыз
қалды.
Ең бастысы, бір ғана ұлттың басым көпшілігінен тұратын
одақтас елдердің билік органдарымен салыстырғанда
біздің республика басшылығы көп ұлттан тұрды. 19201986 жылдар аралығында бірен-саран қазақ болмаса ел
партия ұйымына орыс пен еврей, поляк пен грузин және
армян,
ұйғыр
жетекшілік
етті.
1985 жылдың дерегі бойынша Қазақ КСР-ның Жоғарғы
Кеңесінде қазақтар үлесі – 36 пайыз, орыстар – 40,8 пайыз
болды.



1986
жылғы
желтоқсан
күні
Қазақстан Компартиясы
Орталық
Комитетінің
бірінші хатшысы Д. А.
Қонаевты
орнынан
алған кезде айырықша
көзге
түсті.
Пленум
мәжілісі
небары
минутқа созылды. Осы
уақыт ішінде Қазақстан
Компартиясының
бiрінші хатшысы Д. А.
Қонаев
қызметінен
алынып, оның орнына
Мәскеу жіберген Г. В.
Колбин сайланды.



Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев
(1912—1993)— аса көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері, үш мәрте
Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР
Ғылым
академиясының
академигі,
техника
ғылымдарының
докторы.
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің
депутатыболып сайланды. КОКП-ның
XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің
бәріне делегат болды. Парламент және
партия
делегациясын
басқарып,
әлденеше
рет
шетелдерде
болып
қайтты.

1956 жылдан бастап СОКП-ның
Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның
XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық
Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне
кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып
сайланды.
КСРО
Жоғарғы
Кеңесі
Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.



Колбин
Геннадий
Васильевич
(7.5.1927, Свердлов облысы Нижний
Тагил қаласы – 19.1.1998, Мәскеу
қаласы)

саяси
қайраткер.
Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы
(1986 – 89). Қазақстан Компартиясы
ОК-нің екінші хатшысы, 1989 – 90 ж.
КСРО
Халықтық
Бақылау
комитетінің төрағасы қызметтерін
атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А.
Қонаевтың орнына келді. Оның
билігі
кезіндегі
қысымда
қазақтардың
ұлттық
санасы
көтеріліп,
1986
ж.
Желтоқсан
көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен
оқиғасы
белең
алды.
Қазақтар
республикадағы
жетекші
ұлтқа
айнала бастады. Колбин жергілікті
халықтың
саяси
белсенділігін
төмендету үшін жазалау шараларын
күшейтті
(Қылмыстық
жауапкершілікке тарту, жұмыстан,
оқудан шығару, тағы басқалар).

ЗАРДАПТАРЫ
Әр ұлттың өкілдерінен тұратын
2401 адам ұсталды.
Алматының соттары 326 адамды
әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық
тәртіп бойынша – 99 жас сотталды,
екі адам ату жазасына тартылды.
Қарағанды университетінен 25
студент комсомолдан шығарылып,
11-і университеттен қуылды.

Қайрат Ноғайбайұлы
Рысқұлбеков

Қайрат
Ноғайбайұлы
Рысқұлбеков
(13
наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік
ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) –
1986
жылғы
Желтоқсан
көтерілісінің
қаһарманы. 1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле
би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров
атындағы
мектеп-интернатта
оқып,
жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік
ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта
мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң,
әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі
Ноғайбайға
жәрдемші-малшы
болып,
Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс
істеді. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны
болған
Рысқұлбеков
еліміз
егемендік
алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты
Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы
шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық
Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында
Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс
паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке
ескерткіш қойылған.

Ләззат Алтынайқызы
Асанова

Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы
облысы Панфилов ауданы Ақжазық а. —
25.12.86, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің
(1986)
құрбаны.
1985
ж.
Алматыда
П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен.
Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған
қазақ
жастарының
отаршылдық
және
әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне
белсене қатысқан., Ләззаттың мәйіті бірнеше
күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан
табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші
қабатынан
құлап
өлген
деген
қауесет
таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы
облысы
Панфилов
ауданындағы
Ақжазық
кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл.
қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы
қарауылдап
апарған.
Ләззатты
жерлеудің
алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде
оның екі білегіне салынған темір бұғаудың
қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің
шүйдесі ойылып кеткені анықталды.

Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы

Cыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.1964 ж. Алматы
облысы Панфилов ауданының еңбекші ауылы - 23.12.1986
ж. Алматы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің
құрбаны. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1981-1982
жылдары Кеңшарда жүргізуші болып істеді. 1982-1984
жылдары Кеңес Армиясы қатарында болды. 1985 жылы
Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986
жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының
отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне
белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып
ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды. Мәйітін ауылына
Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі
шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде,
Желтоқсан
көтерілісіне
байланысты
жарық
көрген
жинақтар мен кітаптарда жазылды.

Сабира
Мухамеджанова

Желтоқсан
оқиғасының
тағы
бір
қызғалдақ
құрбаны-Сабира
Мухамеджанова. Ол 1970 жылы Шығыс
Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы,
Ақмектеп
ауылындағы
Ленин
жолы
атындағы 8 жылдық мектепті үздік бітірді,
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты,
осы арқылы мұғалімдер мен оқушылар
арасында зор беделге ие болды.1985
жылы сегіз жылдықты үздік бітірісімен,
Өскемен
қаласында
мұғалімдер
даярлайтын оқу орнының қазақ бөлімінде
оқиды. 1986 жылдың Дүрбелеңге үн
қосқаны
үшін,
өзінің
ар-намысына,
анасына атасына масқара сөздер айтып,
балағаттағанына, училищеден жазықсыз
шығарылғаны үшін шыдай алмай Өскемен
педучилищесінің 1-курс студенті Сабира
Мухамеджанова жатаханың 5-қабатынан
құлап өледі.Үлбіреген қызғалдақ мезгілсіз
қиылды.



ҚОРЫТЫНДЫ

1986 жылғы желтоқсанның 17-18 жұлдызында бүкiл елдi дүр сiлкiндiрген
ғаламат көтеріліс болды. Совет өкiметi тұсында бұрын-соңды кездеспеген
құбылыс Алматыда демонстрация "Брежнев алаңында қаптаған жұрт”,
"Көшелерде сап түзеп бара жатқан жастар” деген лебiздер ескен желдей
гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсiне алмай дал болды. Демонстрация,
алды-артымызды бағамдағанша, ес жиып ой қорытқанша болмай, аяусыз
басылды. Артынша бұл оқиға 1825 жылғы орыс декабристерiнiң iсқимылымен
салыстырылып,
желтоқсан
қаһармандары
"қазақ
декабристерi” аталып, бiрден-бiрге айбыны асқақтай түстi. «Желтоқсан
көтерілісі – ғасырлар бойы жиналған ашу-ыза жарылысы. Яғни біздің
халқымыздың тіл мүддесі, рух мүддесі – осының бәрінің қосындысы ашуыза тудырғаны шындық. Қазақ халқы орыстардың қол астында бола
отырып азаттық пен тәуелсіздікті аңсау кезінде әр түрлі деңгейдегі 300ден астам ұлт-азаттық көтерілісін өткізді. Соның қорытындылаушысы,
егемендікке бастаған көтеріліс – Желтоқсан көтерілісі», - деді ақиық
ақынымыз Мұхтар Шаханов. Демек бұл әншейін ауыз толтырып айтуға
қана жарайтын оқиға емес, бұл шын мәніндегі елді, бүкіл Кеңестер
Одағын елең еткізген, күш қолданып басуға мәжбүр еткен көтеріліс
екендігінде дау болмаса керек.
Қазіргі таңда 16-17 желтоқсанды тәуелсіздік мейрамы етіп жариялады.
Сондықтан 16 желтоқсанның қасыретті күн екендігін жадымызда сақтап
әрі Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы талпыныстардың ақталған күні
екендігін сезінуіміз қажет. Бұл күні қара жамылып отыру орынсыз. Сол
себепті де әрі арманға қол жеткізген күн деп шаттық ретінде атап өтіп,
екінші жағынан Желтоқсан құрбандарына да тағзым ете жүруіміз керек.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан ұлт - азаттық қозғалыстардың жал
Желтоқсан желі желбіреткен тәуелсіздік туы
Көтеріліс хронологиясы
Желтоқсан оқиғасы туралы ақпарат
Желтоқсан көтерілісі туралы
Діни экстремизм: психологиялық аспектілер
ЖӨНІНДЕ ЖЕЛТОҚСАН
1986 жылқы Қазақстандағы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары
Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері
Желтоқсан оқиғасы. 1986 ж
Пәндер