Пиктография
Презентация қосу
Пиктография
Ильясова Алия Тунгышбаевна
бейнелеу пәнінің мұғалімі
Анықтамасы
Пиктография (лат.pictus
болу, грек, grapho
жазамын) — сурет жазу. Пиктографиялык
жазу шартты түрде бейнеленген суреттер
аркылы тілдік формаларды емес, тек ойды,
ұғымды білдіретін ертедегі жазу түрі.
Суретті жазу тарихы
Қазақстан аумағында өмір сүрген ежелгі тайпалар қалдырған
құнды мәдени ескерткіштер өте көп. Олардың көпшілігі жартасқа салынған суреттер.
Мұндай сурет галереяларын ғылыми тілде питроглифтер деп
атайды.
Алғашқы өнер мен жазу бір-бірінен ажырамайтын
синкретикалық қалыпта болды. Суретті синкретикалық
жазу шығу тегі жағынан ең алғашқы көне өнерге сурет
өнеріне барып тіреледі. Пиктографиялыќ жазудың тұңғыш
рет шыққан мерзімінің алғашқы сурет өнерінде әртүрлі
суреттерді бейнелеу қызметінен, бірдеме жайында хабарлау
қызметіне ауысу кезінен басталады. Демек пиктографиялық
жазу ең алғашқы суретті жазудың таңбалары –
пиктограммаларға айналу кезеңіне пара-пар
Пиктографиялық жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі
пайдаланатын болған.
Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде
суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі
суреттердің жиынтығынан құралған. Пиктограммалық жазудың таңбалары
питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады. Бұл жазудың ерекшелігі
ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады.
Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай
пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл
жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады.Себебі бұл тіл басқа
тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Сонымен
питроглифтер өте көне жабайы жазу болып шықты.
Алғашқы адамның қоныс орындары мен тасқа қашап салған өрнекбедерлер, таңбалары олардың қоршаған таулы ормандар мен мыңғырған аң
мен құстар бар екеніне дәлел бола алады.
Осыдан 4000 жыл бұрын тасқа қашалып салынған суреттер Үстірт
даласында, Қаратауда, Жетісуда, Орталық және Шығыс Қазақстанда
табылған
Жартасқа
қашалып салынған
бейнелер
Бұл таста ирелеңдеген
сызықтың екі жағында жабайы
аңдар-таутекелер, қасқырлар
мен түйелер суреті салынған.
Сібір бейнелерінде де өзендер
осылайша иір сызық арқылы
көрсетіледі. Бұл таза бейнелеу
өнері ме, әлде ежелгі
картографиялық бейне
"географиялыќ карта" ма?
Белгісіз.
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Тағай құзының төңірегінде
қасқыр мен таутекелер бейнелері
және оның үстінде руникалық
көне түркі жазуларында андасанда ұшырайтын "РТ"
таңбасы, яғни "арт", "арқа",
"бел", "асу" сөзі жартасқа
ойылған
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Сіздердің назарларыңызға біздің, яғни Солдатово ауылының маңындағы
Қайыңыбұлақ сайынан табылған пиктограммалық жазулардың мәнін
талқылап ашуды ұсынып отырмыз.
Бұл жазуларға бүгінгі күнге шейін аса көп көңіл бөлінбеді. 1997 жылдың
күзінде Алматыдан келген бір топ археологиялық экспедиция мүшелерін ауыл
тұрғындарының бірі (Садыков Кәүкен Мұхаметқалиұлы) өзі көрген таудағы
суретке алып барады. Бейнелі тас ауылдан Оңтүстік –Шығысқа қарай
Қаратау тауына көршілес сайдың күнгей беткейінде шамасы ауылдан 12
шақырымдай жерде орналасқан. Питроглифтер қызыл тасқа шекіліп
салынған. Тастың биіктігі 83 см. де жалпақтығы 50 см. Суретке назар
аударсақ. Аң аулауға шыққан қолдарында садақтары бар аңшылар бейнесі,
тазы иттер және иттер қамауында қалған буаз ана бұғының ылдиға қарай
қашқанын көреміз. Буаз ана бұғы деп тұрғанымыз зейін салып қарасақ
бұғының ішінде кішкене аң бейнесі шекілген, яғни бұл бұғы құрсағындағы
ұрық болуы мүмкін. Бірақ біздің білуімізше аңшылар буаз дала аңына оқ
салмайды. Мүмкін олар оны атып алмақшы емес қорқытып, қамалап, ұстап
қолға үйретпекші шығар деген пікір амалсыз ойға оралады. Археологтар
пікіріне сүйенсек бұл питроглифтер біздің жыл санауымызға дейін 2000 жыл
бұрын салынған.
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Ендігі биіктігі 2 м., жалпақтығы 3 м., тасқа салынған
питроглифтерді өте ертеде бейнелеген деуге болады.
Себебі тасқа салынған "бәйтерек" тарихи деректерге
сүйенсек 3 - 3,5 мың жыл бұрын салынған қасиетті белгі.
Түркілер бәйтеректі аса қадірлеп,қасиетті ағаш деп
санап одан қиып бағана жасаған. Бұл бағана көктегі
тәңір мен жердегі пендені немесе жердің үш қабатын
байланыстырушы болып саналып, қадірленген. Сол
себепті Түркілер күні бүгінге дейін ат байлайтын
бағананы соның қалдығы деп есептейді. Сонымен бірге
бұл бәйтерек тұсында архарлар, таутекелер, белгісіз
құбыжық аңдардың бейнесі салынған. Ал тастың оң жақ
төменгі шетінде руникалық жазудың белгілері деп
пайымдауға болатын белгілер бар. Бүл тас бірінші тасқа
тұспа-тұс шамамен одан батысқа қарай 10 м. жүріп
өткен қашықтықта орналасқан.
Жартасқа қашалып
салынған бейнелер
Пиктографиялық ескерткіштер көне мәдениетіміздің тарихын зерттеуші
ғалымдар үшін, тіл мен ой пікірдің дамуы тарихы мен шұғылданатын
философтар мен тілшілер үшін жазу тарихы мен теориясының мамандары
үшін нақты дерек болып табылады. Сонымен қатар бұлар тұтас ойды
қарапайым баяндауды алтын діңгектегі өрнегі, бастан кешкен оқиғалардың
тасқа қашалған мәңгілік іздері, жаңа рауандап келе жатқан көне
мәдениетіміздің ескі көзі, оны паш етудің алғашқы тұтқасының бірі былайша
айтқанда, арғы бабаларымыздың мұрасы деп білеміз.
Қорыта айтатын болсақ Түркі тайпаларының ежелгі отаны болған Алтайда
әлі ашылмаған ескерткіштер көп болуы мүмкін. Алғашқы ата-бабаларымыз
ойларын сурет арқылы беруге тырысса, олардың ұрпақтары көне түркілер 1-5
ғасырларда әліпби құрап сол тастарға дастандар жазып қалдырды. Ол үшін
суретті жазу пиктография – идеография (логографиялық жазу) – буын жазуы
– әріп жазуы сияқты кезеңді бастан кешті. Сондықтан жазу мәдениетінің
ерте шығуы жағынан бізге мақтануға болады. Бұл мақалада тек
Қайыңдыбұлақ ескерткіші ғана сөз етілді. Келешекте суретті жазу ғана емес,
әріпті жазуы бар тастарды іздеп табуға тырысамыз.
Пиктографиялық жазу басқа типті тілдерде сөйлейтін халықтарда
да болған. Бұл жерде әңгіме тілдердің полисинкретикалық құрылысы
осы тілдерде сөйлейтін халықтарда пиктографиялық жазудың
дамуына мүмкіндік берген жағдайлардың бірі екендігі жайында болып
отыр.
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды
ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады.
Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады.
Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің,
магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ
киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың және т.б. суреттерінің
пиктографиялық сипаты бар.
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Жартасқа қашалып салынған
бейнелер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz