Қыс. 3 сынып




Презентация қосу
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Ақшығанақ ауылы
Қ.Топаев атындағы орта мектебі

АШЫҚ
САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫС
3 СЫНЫП

ӨТКІЗГЕН: МАХАТОВА АҚБӨПЕ
ҚҰТТЫҚОЖАҚЫЗЫ

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: Абай Құнанбаевтың өмірімен
таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын
ашу. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру,
оқушыға қыстың қатаң көріністерін түсіндіру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың
байланыныстырып сөйлеу дағдысын
жетілдіру,елестету есте сақтау ,өз бетінше
жұмыс жасау қабілетін , сөздік қорын ,
мәнерлеп оқыту дағдысын дамыту;
3. Тәрбиелілік: Әр маусым ерекшелігін байқата
отырып, табиғат сұлулығын тануға және
сұлулыққа тәрбиелеу;

Ұйымдастыру кезеңі:






Психологиялық дайындық :
Табиғатым тамаша ,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз.

• Сыныпты 4 топқа бөлу.
• / Табиғат белгілері арқылы/

1.Білім “Үзінді ”ойыны
• 1. Осы бөлімнен оқыған мәтіндер арқылы халқымыздың басынан қандай
кезеңдерді өткізген?
• 2.Қаракерей Қабанбай шұбырынды болған жұрттың басын қосты. Қай мәтінде?
• 3. Алғашқы қазақ жасағын құрған кім?
• 4. Ақжолтай Ағыбай батыр мәтінінің авторы кім?
• 5. Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңді.
• 6. Езілген қазақ елінің

Бағы үшін туған ер
• 7. Қара судан басқа түк татпағанына бүгін үшінші күн.
• 8. Азаттық жолында мәтінінің басты кейіпкері кім?
• 9. Ол кезе С.Сейфуллиннің есімін атауға жұрттың қорқатын кезі еді.
• 10. Аңсап көкті жасынан

Еркін қаққан қанатын өлеңін әрі қарай жалғастыр.
• 11. Бауыржан туралы деректі әңгімені кім жазған?
• 12. Берлинді әр үй ,әр баспалдақ үшін қатты шайқас,қантөгіс ұрыс жүріп жатыр.
• 13. Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк туымыз
асқақ желбіреп тұр.


2. Түсіну












Жұмбақтар жасыру арқылы жаңа сабақты ашу
1.Қыста барда ,жазда жоқ
2. Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бір ғажап өнерпаз,
Мәнерлеп ою ояды.
3. Көлге жапқан қақпақ
Сіресіп тұр қатты-ақ.
4.Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жел еді.
Аузы жоқ ұлиды.







1. Қазір қандай мезгіл?
2. Бір жылда неше мезгіл бар?
3. Қыста қандай өзгерістер болады?
4.Қыс айларын ата?
5. Қыс мезгілі несімен қызық?

ҚЫС

Абай Құнанбаев туралы не
білеміз?

АБАЙ
Ұлы ақын

Сазгер

Шешен
Тәрбиеші
Аудармашы
Ағартушы
Ойшыл

Абай ақын: Ғылым таппай мақтан ба, Интернатта оқып жүр,
Әсемпаз болма әрнеге, Жасымда ғылым бар деп
есекермедім.
Табиғат суретшісі: Қан сонарда ,Қыс, Жаз,Күз,Жазғұтұрым
Абай аудармашы: Шегіртке мен құмырсқа, Қарға мен түлкі
Абай сазгер: Көзімнің қарасы,Желсіз түнде жарық ай,Сегіз
аяқ,Бойы бұлғаң т.б
Абай данышпан: 500-ге тарта өлеңдері,45 қара сөзі бар.

Жаңа сабақ: Қыс






Бұл өлең 1888 жылы жазылған.
Ақ киімді ,денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау ,түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.






Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе ,қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.






Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті –қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай, теріс айналды.

3.Қолдану
• Оқу жұмыстарын жүргізу
• Сөздік жұмыс: Шидем – қой жүнінен тоқылған
сырт киім.
• 1 топқа: Ақын қысты кімге теңеген?, Өлеңдегі шалдың
мінезі қандай?
• 2 топқа: Шалдың киімдері қандай?, Соқыр мылау деген
себебі не?
• 3 топқа : Киім деп отырған не?, Түр түсі қандай, түсі
суық дегенді қалай түсінесің?
• 4 топқа : Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға
болады?, Ақын балалар мен малшыны қалай
суреттеген?

Сергіту сәті
• Ән:”Желсіз түнде жарық ай”

4. Талдау
• Дәптермен жұмыс
• Адам кейпінде қыстың суретін
бейнелеп тұрған сөздерді тауып
жаз.

Суретпен жұмыс: Мына суретте Абайдың
“Қыс” өлеңіне ұқсастық бар ма?

5.Жинақтау / Дана-Үкі
стратегиясы/
• Постермен жұмыс
• 1 топқа: Қыс мезгіліне
байланысты мақал-мәтелдер айту
• 2 топқа : Қыс туралы шағын эссе
жазу
• 3 топқа : Бес жолды өлең
құрастыру
• 4 топқа: Қыс мезгілін бейнелеп
сурет салу.

6.Бағалау
• Оқушыларды өз –өздерін бағалату
• Сабақтан алған әсерлерін стикер
арқылы жазу.


Ұқсас жұмыстар
Көңілді қыс
Көктем сәні. 3 сынып
Жаз мезгілі тобы
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ана тілі
Қызыл қасқыр
Тармақталған алгоритмді блок схемаға салу үлгілерін үйрету
Логикалық сұрақ
Щ, щ әріпі мен дыбысы
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР
Пәндер