Біріккен сөз. 4 сынып


Slide 1

Бастауыш сынып мұғалімі:

Байназар Алма Сәбитқызы

Ашық сабақ

Тақырыбы: Біріккен сөз

4 сынып

Slide 2

Мақсаты. Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын түсіндіру.

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздердегі қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылатындығы.

Екі сөзден тұратын кісі аттарындағы қатар келген екі дауыстың бірі түсіріліп, жазылатындығын бірнеше мысалдар арқылы түсіндіру.

Дамытушылығы. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Топпен және жекелей жұмыстар жасауға үйрету.

Slide 3

Тәрбиелік жағы. Ұқыпты, әдемі жазуға үйрену.

Көрнекілік. Сызба, суреттер.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ. (дүние тану,

ана тілі пәндерімен байланыс)

Slide 4

Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Біздің алар бағамыз,

Ылғи төрт пен бес пе екен.

Көк және қызыл кәмпиттер шашу

арқылы топқа бөлу.

Slide 5

Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сөз неден тұрады?

2. Қаратпа сөз деген не?

3. Күрделі сөз деген не?

4. Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не?

Сонымен өткен сабақты «сұрау» әдісі бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы жауап алдық.

Slide 6

Жаңа сабақ Біріккен сөз. Ерте, ерте, ертеде «Сөзстан» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты «Күрделі сөздер»екен. Оның үш ұлы болыпты.

Күрделі сөз

Біріккен сөз

Қос сөз

Қысқарған сөз

Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте, бақытты өмір кешіпті. Балалары да, тату болып, бір-біріне н ажырамай, ұйымшыл болған екен Біріккен сөздер- екі не одан да көп түбірден құралған сөздерден тұрады. Олар бірігіп жазылады. Мысалы . Балқарағай. . Бал+қарағай.

Екі түбірден құралып тұр. Ала+бота, Ала+көл. Мысалы мынау не? Айна

Мынау не? Гүл Осы екі заттың атын біріктіріп айтайықшы,

Айна+гүл. Сонда екі заттың бірігуі арқылы біз біріккен сөз жасадық .

Бірінші түбірі Айна сөзі, екінші сөз гүл.

Slide 7

Оқулықпен жұмыс. 32-жаттығу. Берілген сөздерден бірігу арқылы біріккен сөздер жасау. Әр сөз неше түбірден құралған?Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалып тұр?

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты ұяң

, үнді дыбыстардың біріне бітіп, кейінгі түбірдің

басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса,

олардың орнына

ғ, г әріптері жазылады. Ол қатаң болып айтылса,

, қ, к әріптері жазылады.

Мысалы. Ботагөз, Ырыскелді.

Slide 11

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.

Аққу, шаңсорғыш, кемпірқосақ.

33-жаттығу

Сөздерді оқып, көшіріп жаз. Әр сөз неше түбірден құралған?

Аққк, бұзаубас, Ақмарал, шаңсорғыш.

Оқулықпан жұмыс.

Ережені хормен айту.

Slide 12

34-жаттығу.

Өлеңді оқып, жатқа жаз. Өлеңде біріккен сөз бар ма?Біріккен сөздердің астын сыз.

Кемпірқосақ.

Күн күркіреп, себелеп,

Жаңбыр жауып басылды.

Көкжиекке керемет,

Кемпірқосақ асылды.

Slide 13

Топтық жұмыс.

1-топ.

Әр сөз неше түбірден құралған?

Айнабұлақ, Алакөл, итбалық.

2-топ.

Біріккен сөздердің арасына (+) белгісін қой.

Қосқұдық, Ақтеңіз, Түйебай.

Slide 14

35-жаттығу.

Берілген біріккен сөздерді қатыстырып, сөйлам құрап жаз.

Аққұтан, шекара, көкжиек. Бұлар қандай сөздер?

Бұлар қандай мағына береді?

Яғни екі түбірден құралған, бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа жауап береді.

Slide 15

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Slide 16

Дамытушылық тапсырма.

1-топ 2-топ

1. Таудың суретін сал. 1. Салған суреттің атын жаз.

. Алатау.

2. Екі құдықтың суретін сал. 2. Қосқұдық.

3. Ағып жатқан бұлақ. 3. Айнабұлақ.

4. Балықтың суретін сал. 4. Көксерке . . .

5. Сұлу құстың суретін сал. 5. Аққу.

Slide 17

«Кім шапшаң» ойыны.

Біріктіру арқылы біріккен сөз жасау.

1. топ 2. топ.

Сары су

Саңырау құлақ

Қос аяқ

Тау ешкі қайда жүреді? Немен қоректенеді? . Әңгіме құрау.

Slide 18

Шығармашылық жұмыс.

Екі топ кестені толтыру. Біріккен сөздер жаз

аң

құс

жәндік

балық

Slide 19

Постермен жұмыс. Біріккен сөз туралы алған білімдерін қағазға түсіру.

Slide 20

Біріккен сөз

Біріккен сөз

Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалады

Қараторғай

көкқұтан

аққұйрық

итмұрын

Slide 21

Бекіту. Үй тапсырмасы. 36-жаттығу. Біріккен сөз .

Бағалау.

і


Ұқсас жұмыстар
Алтын қақпа
Біріккен сөз Күрделі сөз
Біріккен сөздер
СӨЗДЕР САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ
Қос сөз
ҚОС СӨЗДЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Дыбыс үндестігі жайлы
СӨЗЖАСАМДЫ ОҚЫТУ
Тіл мәдениеті
Түбір сөз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz