ХХІ ғасыр психологы қандай болуы керек?




Презентация қосу
ХХІ ғасырдың
педагог – психологы
қандай болуы керек?
І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта
мектебінің педагог-психологы
Браташ Сауле
4.03.2015 ж.

.....Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген
ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді.
«Сен не істеп келе жатырсың?» - деп сұрайды дана одан.
Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны
сүйреп келемін» - деп жауап береді.
Алдынан екінші арба сүйреген кісі шығады.
Сондай сұраққа ол:
«Не істейін, ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың
амалын жасап жүрмін» - дейді.
Тап сондай арбамен үшінші адам келеді.
«Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол:
«Мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» деп қуана жауап беріпті.
Барлығының да салып жатқандары мешіттің
құрылысы екен.
Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол
еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі...екен.....

Міне, жақсы психолог пен жаман психолог,
жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен,
не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймыз.
Ол сенің өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға
деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен...
Әсіресе, психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа
ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ –
мектепке психолог болып, қалай болса солай қарап,
қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды
сүйсең, сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы,
шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің
ізденіп жауап табуға талпынасың. Сенің алдыңа келген адамға
қайткен күнде де қол ұшын беріп жақсылық жасауға
тырысасың. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан
бойкүйез, терісі қалың, негізгі мәселеге салғырт, мансапқор
шығады. Ұзақ тұрып әрең кезегің келе бергенде, «үзіліс,
2 сағаттан кейін кел» - деп есікті мұрныңның алдынан тарс
еткізетін осындайлар. Оларды кезекте бір-ақ адам қалғаны,
оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды.
Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың
ауырмасын» деп халық тауып айтқан.
Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды.

«Топтық сәлемдесу» жаттығуы








Мақсаты: комуникативтік дағдыны топтық өзара
әрекетті дамыту, көніл күйді көтеру, қатаюдан арылу.
Уақыты: 10 минут.
Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 кіші топтарға бөлінуден
бастайық. Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы
бойынша жасалынсын.
Әрбір топтың міндеті – сәлемдесу ойлап тауып,
оны ым-ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету.
Талдау:
Жаттығу қаншалықты сізге ұнады?
Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?
Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма?
Топтан қалай сәлемдесу қажетті жөніндегі,
идеяны кім ұсынды?
Қандай сәлемдесу сізге ерекше ұнады?
Сіздер бірі - біріңізбен ерекше тәсілмен
сәлемдескенде не сезіндіңіздер?

ХХІ ғасыр психологы
қандай болуы керек?

Төрт топқа бөлініп постер қорғау керек

ХХІ – ғасыр психологы
қандай болуы керек?
Ең бастысы адамдарды сыйлай білу,
түсіне білу, сүйе білу керек..
Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды
іс жасауға кәсіби бейімділігіңіз болсын.
Әрдайым баланың пікірін, не қажет екенін
тыңдай біліңіз, оған ерік беріңіз, бала айтпай-ақ
білетін көреген болыңыз.
Шыдамды, сабырлы, ақылды болыңыз.
Баланың қателігін көре тұра, оған сенетініңізді
көрсетіңіз.
Әрдайым күлімдеп қасында бірге
екеніңізді білдіріңіз.

«
Менің ойымша қазақтардың
қайталанбас этикалық-психикалық
әлемі - әлі жете зерттелмей,
зерделенбей жатқан тылсым дүние»

Н.Ә. Назарбаев
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты –
мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына,
олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері
мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық
ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы
ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру;
мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру;
ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру
сабақтарын ұйымдастыру.

МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ – бұл:



үйретуші, оқытушы» емес, баланың өз-өзін танып-білуге
көмектесуші Адам;
• бала жанын ұғатын, жанашыр, үлгі-өнеге болар Тұлға;
•баланың қабілетін ашып, дамытуға мұрындық болатын Адам;
•баланың болашағына сеніп, мүмкіндігін арттыру жолын білетін Адам;
•мақсатқа жету құпиясын ашуға көмектесетін Адам;
•баланы өз-өзіне сенімін күшейтіп, алға ұмтылдыратын Адам;
•өзінің білетінімен бөлісетін әріптес;
•сезімтал, төзімді, байыпты, тыңдай білетін психолог;
•үнемі өз білімін толықтыру үстіндегі маман;
•«біз» және «мен және мен» жағдаятын тудырып, жағымды ахуал
орнататын іскер Адам;.
•мұғалімдердің мұғалімі;
•балаларға, олардың ата-аналарына дос, жолдас. Ақыл айтып емес,
мәселені бірлесіп шешуге көмектесетін қызықты адам.
•бұл емші-дәрігер секілді, бірақ денені емес, бала жанын емдеуші адам;
•баланың тығырықтан өздігінен жол тауып шығуына мүмкіндіктің
барын сездіретін адам.
•барлық баланы сол сәтте қандай, солай қабылдай отырып, жаманжақсы деп баға қоймай, оны түзетем демей, бар көмегін беретін адам;

Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл.
Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және атааналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым
салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы
әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең,
қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік
құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес
шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға
қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

Психологтың ұстаным әдебі
Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!

Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе!

Теріс бағаны дауыстап айтпа!

Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда «сөзсіз оң қабылдау» (Роджерс).

Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.
• Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да
кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
• Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін
өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
• Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды
талқылама!
• Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді
қолданба!
•Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға
мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен
сенімін жоғалтып алуға болады.
•Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма!
Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
•Өз біліміңді көрмеге қойма!
•Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.
•Клиентке теріс ақпарат берме.
•Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе
туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін
күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
•Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде
•қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.

Сөйлесу әдептері
- Тым қатты, тым ақырын не тістеніп сөйлемеңіз;
- Анық, қысқа сөйлеңіз;
- Айқай күштілікті емес, әлсіздікті білдіреді;
- Педагогикалық көтермелеуді барынша кең пайдаланыңыз, бірақ мақтауға жомарт,жазалауға сараң болыңыз;
- Қас-қабақтарыңызбен, көзқарастарыңызбен, үнсіз
қимыл-қозғалыстарыңызбен басқаруды үйреніңіз;
- Тым тіке бетке айтудан, ақылгөйліктен аулақ болыңыз, одан
кінәратсыз кеңес, ескерту әлдеқайда өтімді;
- Қажеті болмаса өз артықшылығыңызды оқушыларға көрсетпеңіз,
олар сіздің ПСИХОЛОГ екеніңізді, өздеріне қарағанда көп құқыққа
ие екенізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді
ұнатпайды.
- Әр оқушымен мінез-құлық ыңғайына қарай (қылжақбаспенқатты,қызу қандымен-жай,жаңғалақпен жұмсақ) сөйлесіңіз;
- Оқушылармен сөйлескенде қандай үнмен сөйлесудің маңызы бар;
- Әркімге өз есімі маңызды екенін ұмытпаңыз, жайшылықта есімін,
ескертуде тегін атағаныңыз тиімді.
-Орнымен айтылған әзіл-қалжың ашу-ызаның бетін қайтарады.
-Бірақ кекету әзіл емес екенін есіңізден шығармаңыз.

Психологтың кәсіптік психограммасы
- Тұлғалық ерекшеліктер, кәсіпті білуі

- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы
- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы
- Жетекші болуға қабілеттілігі
- Әдептілігі, сыпайылығы
- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы
- Жарқын жүзділігі
- Шыдамдылық, төзімділік
- Үлкен жауапкершілікті сезуі
- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі
- Еңбек іс-әрекетіне ынтасы
- Әрекеттегі ұқыптылығы
- Жаңа идеяларды тез игеруі, пікірдің өз еркінділігі
- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі
- Өз болашағын жоспарлауға қабілеттілігі
- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы
- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі
- Ауруларға қамқорлық жасай білуі
- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білуі

Психологының анты.
Психологиялық қызметімді бастай отырып, мен өзімнің
барлық білімім мен қабілетімді осы күрделі қызметке
жұмсаймын деп ант беремін.
Менің қолымда, менен көмек сұрайтын кісінің тағдыры
және оның жан дүниесі тұр. Жеке адам ретінде табиғат
сыйлаған барлық білімім мен білігімді мен алдыма келген кісіге
көмек беруге жұмсаймын.
Мен кісі жайында білген және жинақтаған мәліметтерім,
оған қарсы жұмсалатын құралға айналуға жол бермеймін.
Психолог мамандығымды игере отырып, маған сенім білдірген
кісілердің тек қана көңілінен шығуға тырысамын.
Мен өз кәсібімде жарамсыздық, сауатсыздық, немқұрайлық,
арсыздық, жауапсыздық көрсетпеймін.
Мен баланың бойындағы дарынын, қабілетін оятуға және
дамытуға, оның қиын сәттерінде көмек беріп, біртіндеп есеюіне
және оның қайталанбас даралығының құпияларын бағалап, оны
сақтауға шын ниетіммен ұмтылыс жасауыма,
тек сәттілік болсын деп тілеймін.

Онтүстік Қазақстан облыстық білім беру
жүйесіндегі практикалық психология қызметінін
психологқа арналған негізгі этикалық принциптері
1. Құпиялылық принципі

2. Біліктілік принципі
3. Жауапкершілік принципі
4. Этикалық және құқықтық – нормативтік принципі
5. Психологияны сауатты түрде насихаттау принципі
6. Клиенттің жетістігі принципі
7. Психологтың мәліметті дұрыс жеткізу принципі
8. Клиентті зерттеудің мақсат, нәтижесімен
хабардар ету принципі
9. Психологтың кәсіби әрекетінің тиімді моральдық позитивтік принципі.

Психологиялық қызметті жүргізуші
психолог-мамандардың құқықтары:
Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді
бағыттарын анықтауға құқылы.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін
белгілеп, жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы.
Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда
әкімшіліктің бұйрығынан бас тартуға құқылы.
Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған
комиссиялар мен түрлі ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен
қатысуға құқылы.
Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік
мекемелерге тапсырыстар беруге құқылы.
Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық
диогностика мен түзету жұмыстарының жаңа әдістерін өз
тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін анықтауға құқылы.
Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына
оқушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен
шығуға құқылы.
Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында
кәсіптік бағдар беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.

Өзіңізді қалай бағалайсыз?
Жауап беріп көруіңізге болады...
Оған төмендегі әдістер көмектеседі.

1. «Мен» әлеміңіз қандай?

Мына шеңбердің қайсысының ішінде
тұрар едің, соған «Мен» деп жазыңыз

2. “Қолшатыр” әдісі
Қолшатырдың суретін ақ қағазға сал.

«Мен» әлеміңіз қандай?

Кілті:
Алдыңғы үшеуі – өзіңді шамаңнан артық
бағалайсың;
соңғы үшеуі – өзіңді төмен бағалайсың,
өз-өзіңе сенімің аз;
ортаңғы (4,5) шеңбер – адекватты баға,
өмірдегі өз орнын біледі.

“Қолшатыр” әдісі

Қолшатырдың суретін ақ қағазға сал.
1. Жиналып тұрған қолшатыр салса кей кезде,
өзіне сенімсіз болады.
2. Қолшатырда гүл, узор, дөңгелек салса
шығармашыл адам.
3. Қолшатырдың ұштағышы жуан салса,
ерік – күш жігері жоғары және мықты.
4. Қолшатырдың ұстағышы иілген болса ол адам
өзінің идеясы болса да (иілгіш) көнгіш болады.
5. Ұстағышқа цепочка, білезік, ол адам кейде
сыңшыл болады.

«Мен сені бағалаймын!» сергіту сәті
Мақсаты: адамның бойынан табылатын жақсы қасиеттерін бағалау, .
өзіне деген сенімділігін жоғарылату, көңіл күйін көтеру, өзгелерге сенім
білдіру, өзара сенімділікті дамыту.
Нұсқау: Шеңбер құрамыз. Енді қатар санымен “1,2” деп қайталап
атаймыз, содан соң 1 санын атағандар ортаға кіріп топ шеңберін құрайды,
ал 2 санын атағандар шеңбердің сыртында қалады.
Әр қатысушының арқасына ақ қағаз жабыстырылған.
Сіздер, қарама –қарсы тұрған әріптестеріңіздің жүзіне жылы ниетпен
қарап, сол жайлы психолог маман ретінде, ым –ишара арқылы сөйлемей,
ақылдасып, кезек кезекпен оның бір қасиетін арқасына жазасыз.
Жазып болған соң, іштегі 1- топ, оң жаққа қарай бір қадам басып, ары
қарай, топ өз орнына келгенше осылай жазуын жалғастыра береді .
Ал енді құрметті әріптестер, қағаздарыңызды алып, оқыңыздар.
• Сіз осы жазылған қасиеттермен келісесіз бе?
• Сізге қандай қасиет ерекше болып көрінді?
• Сіздің ойыңызша нақты сізді маман ретінде кім бағалады деп ойлайсыз?
• Өзіңіздің ой пікіріңізбен бөлісемін десеңіз, ойыңызды ортаға салыңыз...

“Сәлемдесу»
Мақсаты: Топта бірін-бірі жақын тану, өз дауыс
ырғағын, мәнерін, қимыл –қозғалыстары бақылай білу.
Шарты: Қатысушылар шеңбер бойына дөңгелене
отырады.
Бір адам бастаушы психолог, ал қалғандары оқушылар
рөліне енеді.
Әрбір қатысушы “Сәлеметсіңдер ме, балалар! деп
сәлемдеседі.
“Бүгін біз “Өмір мәні” тақырыбында сабақ өтеміз!” деген
сөзді айтып шығады”.
Жаттығу соңынан топқа кімнің сәлемдесуі ұнағаны
жөнінде талқыланады.
Талдау:
• Психолог маманы ретінде балаларды қаншалықты өзіне
көніл аудартып, тарта білді?

"Сенімділік – жемісті жұмыс кепілі“
психологиялық тренинг
Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың
қасиеттерін дамытуы; бойындағы тұлғалық ерекшеліктерін,
кәсіби шығармашылығын дамытуы үшін бағыт - бағдар беру.
Нұсқау: Психологтар алдымен өзіне “ХХІ ғасыр психологы”
деген атқа сай бола аламын деген мақсат қояды.
Сонымен қатар әрбір психолог өзінің кәсібіне қатысты
кемшілігі мен қатысты кемшілігі мен мақтанышы бар қасиеттері
жайлы ойланады. Енді осы мақсатқа жету үшін өз қиялымен герб
эмблемасын салады.
Бұл жерде кәсіптік маман ретінде өзінің бойындағы
жағымсыз және жағымды қасиеттерін, психологқа
сай қабілеттері туралы жазылады.
Сол мақсаттың орындалуына қандай іс-әрекет қолданады
және бұл мақсаттың орындалуына қанша уақыт керек, соны
жазып қояды.

Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол :
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік.
Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін
нәрсеге өкінбес болар.
Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл.
Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл.
Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл.
Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл.
Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл.
Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл.
Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма.
Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл.
Өмір – бұл қатал. Шыдай біл.
Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз.
Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл.
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Қадірлі арулар, әсем әйелдер сіздерді
алдағы келе жатқан мейраммен
құттықтаймын!
“Мектеп бітірушілерді ҰБТ –ға дайындауда
психологтардың жұмыстарын дамыту,
оқушылардың кәсіпке бейімділігін анықтау”
тақырыбындағы аудандық семинар
4 наурыз 2015ж
Сіздерге зор денсаулық,
отбасыларыңызға қуаныш,
жұмыстарыңызға шығармашылық,
батыл мақсаттар, асқақ арман, берік сенім,
күш-жігер, сәттілік мол табыс тілеймін!!!

“Мектеп бітірушілерді ҰБТ –ға дайындауда
психологтардың жұмыстарын дамыту,
оқушылардың кәсіпке бейімділігін анықтау”
тақырыбындағы аудандық семинар
4 наурыз 2015ж


Ұқсас жұмыстар
ХХІ ғасыр мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі
Білімнің бәсекеге қабілеттілігі
Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
Сайысқа оқушылардың дайындығы
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі, үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары
Әрбір мұғалімнің кәсіби. Мұғалім имиджі
Мұғалімнің шектеулілігі
Сілтілік құрамы металл
ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
Химия көшбасшысы
Пәндер