Акробатикалық жаттығулар




Презентация қосу
Сабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар

Сабақ мақсаты:
А) Оқушыларға акробатикалық

жаттығуларды үйрету.
Ә) Дене қол қымылын икемдеу,қимылқозғалысын арттыру.
Б)Оқушыларды ептілікке, шеберлікке,
ұйымшылдыққа,салауатты өмір салтын
сақтауға тәрбиелеу.

Дайындық бөлім:
1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.
2.Рет бойынша санау
3.Кезекшінің баяндамасы
4.Сәлемдесу
5.Оқушыларды түгендеу.
6.Жаңа сабақ тұралы түсінік беру.
7.Сабақ барысында техника қауіпсіздік тұралы түсінік беру,ескерту.
8.Саптағы жаттығулар орындату.
Орында тұрып орындалатын гимнастикалық жаттығулар.
Сыныпты 2 топқа бөліп акробатикалық жаттығуларды орындату.
Сабаққа дайын немесе дайын еместігін бағдаршам ойыны арқылы
көрсету.
-дайын емес
-дайын
Топтарды фишка арқылы бағалап жүру туралы ескерту.

Негізгі бөлім
1-тапсырма
1-топтың тапсырма:
1.Алға қарай бастан аса домалап түсу:
Алға қарай бастан аса домалап түсу үшін алдымен негізгі
тұрыстан екі қолды жерге тірей, басты еңкейтіп отыру
керек. Сонаң соң төбені жерге тірей алдаға қарай домалап
түсу керек.
2-топтың тапсырмасы:
1.Арқа қарай бастан аса домалап түсу:
Артқа қарай бастан аса домалап түсу үшін
Жүреден отырған қалыпта басты еңкейте тізені иыққа
жақындатып,қолды жоғары сермей артқа қарай домалап
түсу қажет.

Негізгі бөлім
2-тапсырма
1-топтың тапсырмасы:
2. Жауырынға тұру : Жауырынға түру үшін алдымен жерден
немесе аяқты созып отырған қалыптан шалқадан жату
қажет.Сонаң соң аяқты жоғары серпий көтеріп,қолды белге
ұстап, шынтақты жерге тірей қою керек.Жауырынға тұрған
кезде аяқты бүгіп немесе созып ұстайды.
2-топтың тапсырмасы:
2.Гимнастикалық аттан секіру былай орындалады: жүгіріп
келген бойда секіріп аттың үстіне шығып,қолды тірей
жүрелеп отыра қалу : сонаң соң түрегеліп, сәл шалқая екі
қолды жоғары көтерген қалыпта жерге секіріп түсу.
1-2 тапсырмаларды топтар бір-бірімен ауыстырып
орындайды. Мұғалім тапсырмаларда көрсетіп береді.

Қортынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Топтың жаттығуларын тексеріп қортындылау.
Оқушыларды топ бойынша бағалау.
Рефлексия:”Бесбармақ”
Басбармақ жоғарыға қарай = сабақ маған ұнады
Басбармақ төмен қарай = сабақ ұнамады
Үйге тапсырма беру:
Акробатикалық жаттығуларды үйрену,қайталау.

Топпен жұмыстың
ерекшілігі

Топ
мүшелері
сабақтың
нәтижесін
жүйелейді,
талдайды

Бір-бірімен
сыйластық
қарым қатынаста
болады, түйінді
идея келісіледі

Топтың бір мүшесі
сабақ өткізеді,
қалғандары
қадағалайды
Бірлесе отырып жұмысты
қайта жоспарлайды

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Жүріспен орындалатын жаттығулар
Гимнастикалық таяқпен жаттығу
Денені дамыту жүйесі
Спорттық гимнастика
Негізгі гимнастика
Сноуборд - жиегінде екі аяққа арналған бекіткіштер орнатылған тақта
Көркем гимнастика
ТАҢҒЫ ГИМНАСТИКА
Емдік дене шынықтыру
Фитнес негізгі түрлері
Пәндер