Қазақстан халықтар ассамблеясына – 20 жыл!
Презентация қосу
Қазақстан халықтар
ассамблеясына – 20 жыл!
ҚХА 20жыл -эмблемасы
Қазақстан - көп ұлтты
тәуелсіз мемлекет
Мақсаты
Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық
этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын
қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық
ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық
этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық
қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды.
Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан
сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24
наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40
ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан
Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның
ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда
Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың
мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан
халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп
есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын
отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен
бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының
сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын
сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық
халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында
қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс
орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени
дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.
Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза
іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі
Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы
Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қазақстан
халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын
одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент
әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында
Ассамблеяның жұмыс органы – хатшылықтар құру туралы нұсқау
берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық
жұмыыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.
Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә.
Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді
нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың
қажеттілігіне баса назар аударып отырды.
Қазақстан халқы Асамблеясы ан алуан этностарды азаматтық
тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды.
Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап
Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен
дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс
мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың
сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар
сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары
республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.
Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы
этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея
этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының
орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе
берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері
жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет
деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің
шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру
жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор
құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және
«Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея
жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге
таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс
жүргізіп келеді.
Халық Ассамблеясы
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы
мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы
– Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.
Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары
алғышарт болды.
Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда
кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы
қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне ацналды. Шын мәнінде, ол
ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың
маңызды тетігі болатын.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық
мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны
одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт –
Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде
Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру
қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Әрқашан бауырмал
қазақ елі
Татулығы жарасқан
Қазақстан
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы
Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші
жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан
құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты
дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық
диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды
дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік
тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында
Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы
барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан
халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды
ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды
күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін
конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін
айқындайды.
Дін - тұрақтылық пен
татулықтың негізгі
тірегінің бірі
Ассамблеяның қызметі
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері,
дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени
бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның
ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде
радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру
толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп
жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі.
Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға
мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және
лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда
елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс
істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған
жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1
мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге
айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық
төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел
дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық
азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне
негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.
Парламентте ҚХА
мүшелері
Бейбіт балалық шақ
Ассамблея туралы Заң
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы
Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар
саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы
Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті.
Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе
жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға,
қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның
азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара ісқимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы
Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай,
Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық
саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете
отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және
рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және
бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан
Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Қонақжай Қазақстан
Ұлттық дәстүр сақтау
құқығы
Ассамблеяның
парламенттік өкілдігі
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ
өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел
Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007
жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы
сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық
этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған
депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып,
заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады.
Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң
жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.
Жаса көпұлтты
Қазақстан!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz