Бейнелеу өнерінің жанрлары. 5-сынып




Презентация қосу
Бейнелеу өнерінің
жанрлары

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Ө.Е.Семғалиев

С.Меңдешев жалпы білім
беретін орта мектебі

Бейнелеу өнері мен
жанрларын оқушыларға
жүйелі түрде түсіндіре
отырып, меңгерту

Сабақтың
мақсаты

Осы жанрға сурет салған
суретшілердің
шығармаларына талдау
жасау

Эстетикалық
тәрбиелей отырып,
сурет салуға баулу

Сабақтың әдісі:
• Топтық;
• сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
• бағалау
Көрнекілігі: АКТ, видеокөрсетілім,
сурет дәптері, суретшілер
шығармалары

Сабақтың барысы:

Тренинг /топқа
бөлу/

Негізгі
бөлім

Үй тапсырмасын
тексеру/видео/

Машықтық
жұмыс

Қорытынды

Тренинг
Топқа бөлу үшін осы үш суретті алып, әр суретті 4
бөлікке бөліп, араластырып, оқушылар суырады.
Құралған сурет бір топ болады.

Үй тапсырмасын тексеру/Осы жанрға сурет
салған суретшілердің шығармалары/
• Біз өткен сабақта қазақтың атақты
суретшілерімен және олардың
шығармаларымен танысқан болатынбыз.
1. Сұрақ - жауап:
а) Қазақстанның ең тұңғыш қазақ суретшісі
атанған кім?
ә) Тағы қандай суретшілерді білеміз?
б) Суретшілер шығармалары туралы не
айтасыңдар?
2. Көрнекі суреттер арқылы, яғни суретшілер
суреттері мен шығармаларын көрсету арқылы
өткен тақырыпты пысықтау.

Негізгі бөлім
• “Натюрморт” – жансыз заттар мен бұйымдарды
үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» —
француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді
білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда
Голландияда пайда болды.
«Пейзаж” – табиғат көріністері бейнеленген
шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж
шығармалары өмірде бар нақты көріністерді
бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан
туады.
“Портрет” – адамның бет пішіні бейнеленген көркем
шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты –
адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін,
рухани келбетін көрсете білу.

• Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен
тарихи кезеңдер бейнеленген көркем
шығармалар.
• Батальдық жанр – соғыс оқиғалары,
Отан қорғау, жер қорғау көріністері
бейнеленген көркем шығарма.
• Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит
сияқты табиғат көріністері бейнеленген
шығармалар.
• Анималистік жанр – жан-жануарларды
бейнелеген көркем шығарма. Ол
латынның «animal» (хайуанат) деген
сөзінен шыққан.

• Ал енді балалар, жанрларға
байланысты сурет салуға кірісейік.
Алдымен кезеңдер бойынша
көрсетілген үлгіге қара, суретті қалай
бастау амалдарын ұғынуға тырысамыз.
1. Альбом бетіне дұрыс орналастыру,
орын белгілеу.
2. Суретті толық(қарындашпен) салу.
3. Бояу түстерін анықтау.
4. Анық, қою түстерін ажыратып, суретті
аяқтау.

Машықтық жұмыс

І топ “Натюрморт”

ІІ топ «Пейзаж”

ІІІ топ “Портрет”

«Білімімізді тексерейік!»
1 топ
1. Жылы түстерді ата.
а) көк
ә) сары
б) күлгін
2. Иллюстрация дегеніміз —
а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет
ә) ойдан салынған сурет
б) түрлі нобай суреттер
3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады?
а) натюрморт
ә) портрет
б) пейзаж
4. Маринистік жанр дегеніміз —
а) соғыс тақырыбындағы шығармалар
ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар
б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар
5. Акварель бояуын немен езеді?
а) сумен
ә) тек ыстық сумен
б) арнайы ерітіндімен

Қорытынды

«Білімімізді тексерейік!»

Қорытынды

2 топ
1. Суық түстерді ата.
а) қызыл
ә) қоңыр
б) көк
2. Түс шеңбері неше түстен тұрады?
а) 8
ә) 6
б) 4
3. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады?
а) пейзаж
ә) портрет
б) тарихи жанр
4. Түрлі-түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады?
а) графика
ә) сәулет өнері
б) живопись
5. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата?
а) гуашь
ә) акварель
б) тушь

«Білімімізді тексерейік!»
3 топ
1. Негізгі түстерді ажырат.
а) күлгін, сары, жасыл
ә) қызыл, көк, сары
б) жасыл, қызыл, көк
2. «Композиция» сөзі нені білдіреді?
а) бейнелеу
ә) құрастыру
б) суретті бояу
3. Пейзаж қандай шығарма?
а) жануарлар бейнеленген сурет
ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет
б) адам келбеті бейнеленген шығарма
4. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер.
а) мүсінші
ә) суретші
б) сәулетші
5. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім?
а) Қ. Телжанов
ә) Ә. Қастеев
б) М. Кенбаев

Қорытынды

Бағалау

І. Топ басшысы бағалайды:
Аты-жөні

Ұпай

1. Үй тапсырмасын тексеру- 2балл
2. Машықтық жұмыс- жоғары-5балл, төменгі-2балл
3. Қорытынды- жоғары-5балл, төменгі-0балл
ІІ. Мұғалім жиынтық баға шығарады:
Аты-жөні

Жалпы ұпай

Жинаған ұпай саны

Бағасы

10-12

8-10

4-9


Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанралры
Жауынгерлік жанр
А.Райымбергенов жетекшілігімен құрылған музыкалық МҰРАГЕР бағдарламасы
Портреттін функциясы
Бейнелеу өнерінің түрлері
Әдеби тек
Әбу Насыр Әл-Фараби әдебиет зерттеушісі
Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым - энциклопедист, Отырардан шыққан Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Пәндер