Сын есімнің сөйлемдегі қызметі


Slide 1

2014-2015 ОҚУ ЖЫЛЫ

Дайындаған: Бекенова Г. Қ

Сыныбы: 7 “а”

Пән аты: Қазақ тілі

Slide 2

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

А) Оқушылардың сын есімнің сөйлемдегі қызметін игерту, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы меңгерту.

Ә) Оқушылардың дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Б) Оқушыларды бірлесіп еңбектенуге, адамгершілікке тәрбиелеу

Slide 3

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Оқушы назарын сабаққа аударту

Үй тапсырмасын тиянақтау

59- жаттығу

Slide 4

1Күшейтпелі шырайды тап

А) үп - үлкен Б) үлкен С) үлкендеу

2. Салыстырмалы шырайды тап

А) қызыл Б) қызылдау С) Қып- қызыл

3. Сын есім қандай сөз табы

А) заттың санын білдіреді Б) заттың сапасын білдіреді

С) заттың атын білдіреді

4. Туынды сын есімді тап

А) биік Б) момын С) бойшаң

5. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер қалай жазылады?

А) бөлек Б) бірге С) дефис

6. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімді тап.

А ) үлкен-үлкен Б) үп - үлкен С) үлкендеу

7. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады

А) бөлек Б) бірге С) дефис арқылы

8. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырай тұлғалы сын есімді тап

А) тым жақсы Б) жақсырақ С) жақсылау

9. Негізгі сын есімді тап

А) биік Б) шыдамды С) опасыз

10. Күшейткіш буындар (Сын есімнің алғашқы буыны қандай дыбысқа бітеді)

А) п дыбысы Б) с дыбысы С) а дыбысы

Slide 5

Жаңа сабаққа ену кезеңі

І кезең

Талапты жас! Сен сын есімдердің түрлі

сөйлем мүшесі қызметінде кездесетінін жақсы

білесің, өзің оқыған сөйлемдерден, күнделікті

өмірден кездестіресің.

Ал оны жақсы біле түсуге бүгінгі сабақ мол

мүмкіндік туідыра түспек!

Slide 6

“Ойлантап”

Сөйлем мүшелерін ата. Тұрлаулы мүшелерді

айт. Тұрлаусыз мүшелерді атап шық

Slide 7

“Түсіну”

Сөйлем мүшелері

Ережесі

Мысалдары

Анықтауыш

Сын есім сөйлемді негізі анықтауыш болады.

Көгілдір аспанда бозторғай ән салады

Баяндауыш

Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы болады. Сын есім сөйлем соңында тұрып, баяндауыш болады

Сен бір артық көркемсің.

Әлсіз адам сүріншек

Толықтауыш

Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып толықтауыш болады.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Slide 8

Бастауыш

Заттанған сын есімдер атау септігінде тұрып, бастауыш болады.

Ұялшақ сыбағасынан құр қалады.

Пысықтауыш

Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш болады

Ол домбырада шебер ойнайды

Slide 9

Үлкенді сен сыйласаң

Сыпайы сырын сақтар

Жақсыдан үйрен

Жаманға еткен жақсылығың

Ашулыдан алты табан

Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың

Жаманның тілі ащы

Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа

Білекті бірді жығады

Жатқа кеткен малмен тең

Қашық тұр

Жаманға барсаң жабығып қайтарсың

Көк мияның гүлі ащы

Жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа

Білімді мыңды жығады

Кіші сені сыйлайды

Жаманнан жирен

Әдепті арын сақтар

Slide 10

Сөйлемдер

анықтауыш

баяндауыш

толықтауыш

Бастауыш

Пысықтауыш

Қырдан қызыл-сары гүлдер көздің жауын алады

Сен менен өткен ақылдысың

Қорқақ түнде далаға шықпайды

Ол бүгін көңілді жүр

Ол алманың қызылдауын таңдады

Slide 11

ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ

Slide 12

* Өздерің жатқа білетін ақындардың өлеңдерінжатқа айтып,

ішінен сын есімдерді табыңдар.

* Табылған сын есімдердің сөйлемдегі қызметін анықтаңдар

Slide 13

* Сын есімдерді қатыстырып “Біздің сынып”

тақырыбына “Ой толғау” жазу

Берілген сын есімдерді бірнеше зат есімдермен тіркестір

- жақсы - жасыл -ақылды

Slide 14

Бағалау.

Үйге тапсырма:


Ұқсас жұмыстар
Сын есімнің түрленуі
Есімше
Сөйлем мүшелерін ата
Зат есімнің жалпы сипаты
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есім туралы ақпарат
Зат есімді оқыту әдістері
Қазақ тілі Ағылшын тілі
Ағылшын тілінде сын есімді қазақ тілімен салыстырмалы түрде меңгерту
Морфологиялық стилистика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz