Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары



Дәріс тақырыбы: «Delphi ортасы қолдайтын деректер қорлары»

*
Дәріс жоспары
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын деректер қорларының серверлік кестелері
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын деректер қорының жергілікті кестелері
Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің жиынтықтары
Delphi-дегі ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық кластар мен компоненттер

*
Delphi бағдарламалау тілінің өзіндік кестелер форматы жоқ, бірақ ол көптеген сыртқы форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдарға ие.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын деректер қорларының серверлік кестелеріне:
DB2;
Informix;
InterBase;
Microsoft SQL Server;
Oracle;
Sybase жатады.
Delphi бағдарламалау тілі қолдайтын деректер қорының жергілікті кестелеріне:
Microsoft Access;
dBase;
FoxPro;
Paradox жатады.
Delphi көмегімен құрылған қосымша деректер қорына BDE (Borland Database Engine) деректер қорларының арнайы процессоры арқылы қол жеткізеді.
BDE - деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін драйверлер мен динамикалық түрде байланысқан кітапханалар (*. dll файлдары) жинағы.
Деректер қорларының BDE процессоры dBase және Paradox типті деректерте қорларының кестелерімен өте эффективті жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

*
Delphi деректер қорларымен жұмыс істеудің күшті құралы болып табылады.
Delphi-де қорлармен жұмыс істеу үшін компоненттердің бірнеше жиынтықтары бар. Әрбір жиынтық белгілі бір тапсырмаларды орындауға өте жақсы келеді. Осы жерде заңды сұрақ туады: неге соншама көп, әрі әртүрлі компоненттер қолданылады? Олардың бәрі деректерге қатынаудың әр түрлі технологияларын қолданады және мүмкіншіліктер бойынша ажыратылады.
Microsoft өзінің өнімдеріне тек АDO деректерге қатынау технологиясын енгізді. Borland фирмасы әртүрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін әр түрлі құралдарды ұсынды және бағдарламалаушыны тек өзінің жобаларымен шектемейді. Осындай жағдай өте улкен артықшылықтарды береді. Одан басқа, кез-келген жағдайда қолданыла алатын компоненттер топтары бар.

*
Деректер қорларына қатынаудың бар құралдарына қысқаша шолу жасайық.
Data Access компоненттер бөлігінде (вкладка) деректерге қатынаудың негізгі компоненттері орналасқан. Олар жалпыға ортақ және басқа компоненттері топтарымен қоса қолданулары мүмкін.
Data Controls компоненттер бөлігінде кестелердегі деректерді көрсету мен редакторлауға арналған компоненттер орналасқан. Бұл компоненттер осы кезде қолданылатын деректерге қатынау технологиясының қандай екеніне қарамастан бірдей қолданылған.
BDE компоненттер бөлігі Borland Databae Engine деп аталатын Borland фирмасы жобалаған технология бойынша деректер қорларына қатынауға мүмкін беретін компоненттерді құрайды. Бұл технология өте қатты ескірді және ескі нүсқалармен өзара байланысу үшін ғана қолданылады. Оған қарамастан ол деректер қорларының ескірген типтерімен (Paradox, dBase сияқты) жақсы жұмыс істейді.

*
DBExpress -бұл Borland фирмасыныңдеректерге қатынаудың жаңа технологиясы. Ол жоғары иілгіштікпен ерекшеленеді және деректер қорларын қолданатын клиент-серверлік қосымшаларды бағдарламалауға жақсы келеді. DBExpress компоненттер бөлігіндегі компоненттерді Oracle, BB2 және MySQL сияқты серверлік технологиямен құрылған деректер қорларында қолданған жөн.
ADO (Active Data Objects) - Microsoft корпорациясымен жобаланған деректерге қатынау технологиясы. Ол өте жақсы кітапхана, бірақ оны тек Microsoft деректер қорларымен, яғни MS Access және MS SQL Server қолданған жөн. Оны сондай-ақ тек ODBC арқылы жұмыс істей алатын деректер қорларының спецификалық сервері болса да қолдануға болады.

*
Delphi-дегі ДҚБЖ-мен жұмыс істеуге қажетті базалық кластар мен компоненттер
TTable (кесте) классы - TDataSet (деректертің абстрактілі жиыны) базалық класына деректер жиындарымен жұмыс істеген кезде BDE-нің функционалдылығын жүзеге асыратын TBDEDataSet классы негізделген. Оның ұрпағы - TDBDataSet классы - деректер қорымен байланыс үшін жауап береді. Оның негізінде бағандар мен жолдарға ұйымдастырылған кестелер түріндегі реляциялық ақпаратпен жұмыс істей алатын компоненттер жасалған. Атап айтқанда, маңызды компоненттердің бірі TТable TDBDataSet классының ұрпағы болып табылады.
TField (жазба өрісі) класы - Берілген класс бағдарламада виртуалды келтірілген нақты жазба өрісін сипаттайды, яғни ол физикалық жазба үшін қабық ретінде болады және оны жобалаушыға қажетті касиеттері мен тәсілдер жиынтығымен толықтырады. Физикалық (нақты бар) өрісті сипаттайтын TFiеldDef класына қарағанда TField класының негізінде псевдоөрістер құрылады: есептеуге жататын өрістер, сәйкес келу өрістері және тағы басқалар.

*
TField типі бағдарламада шынайы жоқ. Оның орнына, жазба өрісінің нақты типтеріне сәйкес келетін (мысалы, TDataField датаны сақтайтын өріс үшін, TGraphicField графикалық бейне сақтатйын өріс үшін т. с. с. ) оның көптеген ұрпақтары қолданылады. Сонымен қатар қасиеттердің көбісі осы ата-ана класында сипатталған.
TFieldDef (жазба өрісін сипаттау) классы - TFieldDef класы деректер қоры кестесінің физикалық өрісін сипаттауға қолданылады. Деректер модуліне жаңа кесте қосылғанда, ол үшін барлық өрістірдің сипатталуы қалыптастырылады. Келешекте, мысалы, деректер модулін көру терезесінен Fields жолының контекстік менюсінен NewField (өріс құру) пунктін таңдау арқылы виртуалды өрістердің де сипатталуын қалыптастыруға болады. Одан кейін бағдарламада TFieldDef класымен деректер көзімен байланыс блогында TFiеldDef класының өрістерін TField класының өрістеріне автоматты түрде айырбасталатындықтан жұмыс істеу мүмкін емес болып қалады.
Класс TNamedItem (деректер қоры элементтерін анықтаудың базалық классы) және TСollectionItem (коллекция элементі) кластардың қасиеттер мен әдістерін мұрағаттанады.

*
TData Source (деректер көзі) компоненті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz