Криптография




Презентация қосу
Криптография

ОРЫНДАҒАН: Сабитов Аманбек
ОИН-302 тобы.

Жоспар:


Ақпараттарды криптографиялық
қорғау

• Криптографиялық жүйелерге қойылатын
талаптар
•Криптографиялық әдістерді топтастыру

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
Бөгде тұлға оқи алмайтындай ақпаратты қайта құру, түрлендіру жолымен
қорғау мәселелері адамзатты бұдан бұрында толғандырды. Криптографияның
тарихы адамның тілі дамуымен қатар. Бұдан басқа алғашқы жазбаның өзі
криптографиялық жүйе болды, ежелгі қоғамда жазуды тек қана таңдаулы
тұлғалар білді. Мұның мысалы ежелгі Египеттің әулие кітабы мен Ежелгі Үнді
кітаптары.
Жазу жұмысының кең таралуына байланысты дербес ғылым түрінде
криптография дами бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың
басында пайда болды. Цезар хат жазысу барысында жүйелік шифрді
пайдаланып, шифрге оның аты берілді.
I және II дүниежүзілік соғыс кезінде криптографиялық жүйе қарқынды
дамыды. Соғыстан соңғы жылдардан бастап күні бүгінге дейін ЭЕМ
(электронды есептеу машинасы) пайда болуы криптографиялық әдістің
жетілуімен жаңа әдіс табуға жол ашты. Автоматтандырылған жүйедегі ақпарат
қорғаудың криптографиялық әдісі – ЭЕМ-де өңделетін әр түрлі ЕҚ-да
сақталатын жүйеден әр түрлі элементтер арасымен берілетін ақпаратты қорғау
болып табылады. Криптографиялық түрлендіру бекітілмеген ақпаратқа қол
жеткізуге ескерту әдісінің көп ғасырлық тарихынан тұрады. Қазіргі таңда
шифрлеу әдісі көп, оны пайдаланудың теориялық және тәжірибелік негізі
дайындалған. Бұл әдістердің көпшілігі ақпараттарды жабуға тиімді
пайдаланылуда. Ақпарат тасушыларда ақпараттар (деректер базасы,
құжаттар) шифрленген түрде сақталады.

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
Ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдісті пайдалану мәселесі
қазіргі таңда не себепті өзекті мәселе болып отыр?
Бір жағынан, компьютерлік желілердің қолданылуы кеңейді, соның
ішінде өзге тұлға пайдалануға болмайтын үлкен көлемді әскери, сауда,
мемлекеттік, ақпараттардың Интернет желісі арқылы таралуы.
Екінші жағынан, жаңадан қуатты компьютерлердің, жүйелік және
нейрондық есептеу технологияларының пайда болуы, бұған дейін
ашылмайды деп жүрген криптографиялық жүйелердің дискредитациясына
мүмкіндік берді.
Ақпаратты түрлендіру жолымен қорғау мәселесімен криптология
(kryptos-құпия, logos-ғылым) айналысады. Криптология екі бағыттан:
криптография және криптоанализден тұрады. Бұл екі бағыттың мақсаты
қарама-қайшы.
Криптография (cryptographic) – құпияжазу - ақпаратты заңсыз
пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері
жайындағы ғылым. Кодталынған хабарларды құрастырумен және оларды
кері шифрлаумен шұғылданады. Өзге адамдардан ақпараттың құпиясын
сақтап қалу криптографияның нeriзгi мақсаты болып табылады.
Ақпаратпен заңсыз таныспақшы болған осындай адамдарды қаскөйлер
(қаскүнемдер), жолдан ұстап қалушылар деп атайды.

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін
іздеумен және зерттеумен шұғылданады. Криптография ақпаратты
оқу (бұрынғы қалпына келтіру) тек оның кілтін білген кезде ғана
мүмкін болатындай етіп түрлендіреді. Криптографиялық әдістерді
қолданудың негізгі бағыттары мыналар: жасырын ақпаратты
байланыс арналары (мысалы, электрондык пошта) арқылы
тасымалдау, жіберілген хабарлардың шынайылығьш анықтау,
ақпаратты - (құжаттарды, дерекқорларды) шифрланған түрде
тасуыштарда сақтау.
Криптоанализ - ақпаратты кілтсіз кері шифрлау мәселесімен
айналысады. Криптожүйеге сәтті жүргізілген криптоаналитикалық
зерттеулер негізінде хабардың бастапқы ашық мәтінімен қатар оның
кілтін де ашуға мүмкін болады. Криптоаналитиқ шифрланған
хабарды, немесе кілтті, немесе екеуін де оқуға мүмкіндік беретін
криптожүйенің осал жерлерін ідеумен шұғылданады. Шифрлау
алгоритмі, сондай-ақ, алуан түрлі кіттердің, ашық және шифрланған
мәтіндердің жиынтығын криптожүйе деп айтады.

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
Қазіргі криптография- 4 ірі бөлімнен тұрады:
•Симметриялық криптожүйе
•Ашық кілтті криптожүйе
•Электрондық қол жүйесі
•Кілт арқылы басқару
Криптографиялық әдісті пайдаланудың негізгі мақсаты байланыс
арнасымен құпия (мысалы, электронды пошта) ақпарат беру, берілетін
құжаттың түпнұсқасын бекіту, ақпарат тасушыларда ақпараттарды
(деректер
базасын,
құжаттарды)
шифрленген
түрде
сақтау.
Автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық
әдістері – түрлі типті есте сақтау құрылғыларында сақталатын және ЭЕМде өңделетін ақпараттарды қорғау үшін де қолданылады. Сонымен,
криптография ақпаратты оқу немесе қалпына келтіру кілтті білгенде ғана
орындалатындай етіп түрлендіреді. Ақпараттарды шифрлау немесе кері
шифрлау ретінде кейбір әліпбиге құрылған мәтін қарастырылады.
Әліпби- ақпаратты кодтауға пайдаланған белгілердің ақырғы жинағы.
Мәтін- алфавиттен алынған әріптердің реттелген жиынтығы.
Қазіргі ақпараттық жүйелерде қолданылатын әліпбиге мысал ретінде
келесілерді келтіруге болады:

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
•Z42 әліпбиі – қазақ әліпбиінің 42 әрпі;
•Z33 әліпбиі – орыс әліпбиінің 32 әрпі және бос орын;
•Z26 әліпбиі – ағылшын әліпбиінің 26 әрпі;
•Z256 әліпбиі – ASCII және AAK-8 стандарттық кодтарға кіретін символдар;
•Бинарлық әліпби - Z2 ={0,1};
•Сегіздік немесе он алтылық әліпби.
Шифрлау (ciphering, encryption) – белгілі-біp адамнан басқалар оқи
алмайтындай
етіліп
ақпаратты
математикалық,
алгоритмдік
(криптографиялық) түрлендіру әдісі. Қабылдаушы жақ бұл ақпаратты
дұрыс оқу үшін оны кepi шифрлауы керек. Шифрлау бөлшекті (әрбір кезекті
бөлшек тәуелсіз шифрланады) және ағынды (әрбір таңба біp-бipiнен
тәуелсіз шифрланады) түрде жүргізілуі мүмкін.
Кері шифрлау - шифрлауға кері процесс. Кілттің негізінде
шифрланғанмәтін бастапқы қалпына келетіндей түрде түрленеді.
Kiлт (key) – ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ, оған
қол қою үшін арналған цифрлық кода. Ол барлық мүмкін варианттардан
криптографиялық түрлендіру алгоритмі үшін тек бip варианты таңдауды
қамтамасыз етеді. Кілттің ортақ, жеке меншік және құпия деп аталатын
түрлері болады.

Ақпараттарды криптографиялық қорғау
Криптожүйелер симметриялық және ашық кілтті жүйеге бөлінеді.
Симметриялық криптожүйеде шифрлауға да, кері шифрлауға да бір ғана
кілт қолданылады.
Ашық кілтті жүйеде бір-бірінен математикалық байланыста болатын екіашық және жабық кілт пайдаланылады. Ақпарат барлық адамның қолы
жететін ашық кілтпен шифрленеді де, ал оны ашу ақпаратты алушыға ғана
белгілі жабық кілтпен ашылады.
Кілттерді бөлу және кілттерді басқару –пайдаланушылар
арасындағы кілттерді бөлу және жасаудан тұратын ақпаратты өңдеу
жүйесінің жұмысына жатады.
Криптотұрақтылық дегеніміз- кілтсіз кері шифрлеуге тұрақтылығын
анықтайтын шифр сипаттамасы. Криптотұрақтылықтың бірнеше көрсеткіші
бар, соның ішінде:
•мүмкін болатын кілттер саны,
•криптосараптауға қажетті орташа уақыт.

Ақпараттарды криптографиялық қорғау

Тк-түрлендіруі тиісті алгоритммен және k параметрінің мәнімен
анықталады. Ақпаратты қорғау мақсатындағы шифрлеу тиімділігі шифрдің
криптотұрақтылығына және кілт құпиялылығының сақталуына байланысты.
Мәліметтерді криптографиялық жабу жұмысы бағдарламалық және
аппараттық түрде жүзеге асады. Аппараттық жүзеге асыру
құнжоғарылығымен,жоғарыөнімділігімен,қарапайымдылығы,
қорғалғандығымен ерекшеленеді. Бағдарламалық жүзеге асыру
тиімділігімен, пайдалануға өте икемділігімен белгілі.

Криптографиялық жүйелерге қойылатын талаптар

Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы
төмендегідей жалпы талаптардан тұрады:

криптографиялық

жүйесі

•шифрленген мәлімет тек кілтпен ғана оқылуы керек;
•шифрленген мәліметтегі үзіндіні шифрлеуге пайдаланған кілтті
анықтауға қажетті және сол ашық мәтінге сәйкес операцияның саны мүмкін
болатын кілттердің жалпы санынан кем болмауы керек;
•ақпаратты ашу үшін таңдалған барлық кілттердің атқаратын жұмысы
қазіргі заманғы компьютердің мүмкіндігінен асып түсуі қажет әрі бағасы
төмен болуы керек;
•шифрлеу алгоритмінің мәні қорғау беріктілігіне кепілдігіне әсерін
тигізбеу керек;
•аздаған болар-болмас кілт өзгерісі, бір кілтті пайдаланса
шифрленген
мәліметті түбірімен өзгерте алмайтындай болуы қажет;
•шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгертілуі керек;

да

Криптографиялық жүйелерге қойылатын талаптар
•шифрлеу барысында мәліметке енгізілген қосымша биттер түгелдей және
шифрленген мәтінде берік әрі құпия сақталуы керек;
•шифрленген мәтін ұзындығы бастапқы-шығатын мәтін ұзындығына сай
болуы керек;
•шифрлеу барысында пайдаланылатын кілттер арасындағы байланыс
қарапайым әрі жеңіл бекітілетіндей болуы керек;
•көптеген мүмкін болатын кілттер кез-келген ақпараттың берік қорғалуын
қамтамасыз етуі керек;
•алгоритм таратудың бағдарламалық және аппараттық түрлеріне де жол
беріп, осы тарату барысында кілттің ұзындығының өзгеруі шифрлеу
алгоритмінің сапасын төмен түсіруге жол бермеуі керек.

Криптографиялық әдістерді топтастыру
Симметриялық
криптожүйелерде
қолданылатын
криптографиялық
әдістерді мынадай топтарға бөлуге болады: жай ауыстыру, орын ауыстыру,
гаммалау және блоктық шифрлар.
Жай

Гаммалау

ауыстыру
Симметриялық
криптожүйелер

Орын ауыстыру

Блоктық
шифрлар

Сурет.1- Симметриялық криптожүйелерді түрлендірудің кластары.

Криптографиялық әдістерді топтастыру
Қарапайым ауыстыру шифрында бастапқы мәтінің әрбір символы
мәтінің соңына дейін сол алфавиттің бірдей символдарымен
ауыстырылады (бір алфавиттік ауыстыру шифрлары деп аталады).

Полибий квадраты
Полибий квадраты қарапайым ауыстырудың алғашқы шифрларының біp
болып есептеледі. 5x5 квадраттың әрбір орнына кездейсоқ түрде алынған
бip әрin жазылады (1-сурет). Грек алфавитінің әріптерімен толтырғанда бip
орын бос қалған, ал латын алфавитінің әріптерімен толтырғанда бip орынға
екі әріп (i және j) жазылған.

A

B

C

D

E

F

G

H

I,J

K

L

M

N

O

P

Q

R

S

T

U

V

W

X

Y

Z

1) грек алфавиті

2) латын алфавиті

Сурет-2. Полибий квадраты

Криптографиялық әдістерді топтастыру
Полибий квадраты көмегімен шифрлау кезінде ашық мәтіннің кезекті
әрпінің орнына сол бағанда одан төмен орналасқан әpin шифрмәтінге
жазылады. Егер ашық мәтіннің әрпі кестенің төменгі қатарында
болса, онда шифрмәтін үшін осы бағанның ең жоғарғы әрпі алынады.
Мысалы,ψ сөзі үшін шифрмәтін шығады. Егер әpбip
әріпті екі санмен (катардың және бағанның нөмipi аркылы) белгілесек, онда
бастапқы мәтін мынадай 41 44 13 21 25 24 сандар тізбегімен шифрланады.

Цезарь шифрлау жүйесі
Цезарь шифрын (біралфавиттік ауыстыру) қолданған кезде бастапқы
мәтіннің әpбip әpпi сол алфавиттің одан К=3 әpiпке тең ығысу аралығында
орналасқан әріппен ауыстырылады. Ю.Цезарь (Цезарь Гай Юлий (біздің
эрамызға дейінгі 100-44 ж.ж., рим императоры)
галлармен соғыс кезінде Римдегі өзінің жолдастарымен хат алысқанда
осы цифрды пайдаланған) шифрында (1-кесте) хабардағы латын әліпбиінің
бipiншi әрпі (А) төртінші (D), екінші (В) - бесінші (Е), осылайша, ең соңғысы
(Z) - үшінші (С) әріппен ауыстырылған.

Криптографиялық әдістерді топтастыру
H

J

A B C D E F G
I
K L M N O P Q R S T U V W X Y Z
D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z A B C
1-кесте - Біралфавиттік ауыстырулар (К=3, m=26)

H
A B C D E F G

J
I

K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z A B C
Мысалы TOMORROW EXAMINATION (Ертең емтихан) деген хабарды
осы әдіспен шифрланғанан кейін ол мынандай түрде жазылады:
WRPRUURZ HADPLQDWLRQ.

Криптографиялық әдістерді топтастыру

Кілттік cөзi бар Цезарь жүйесі
Бұл жүйенің ерекшелігі - ауыстыру алфавитіндегі символдардың ығысқан
және өзгертілген peтi үшін кілттік сөз қолданылуы. Кілттік сөз ретінде К
санын, 0≤К<25 және сөз немесе қысқа сөздер тіркестігі таңдап алынады.
Кілттік сөздің әpіптері әр түрлі болғаны жақсы.
Мәселен, кілт ретінде MACROS сөзі және К=5 таңдалсын. Кілттік сөз
алфавит әріптерінің астына таңдалған К санына сәйкес келетін әріптен
басталып жазылады:
0 1 2 3 4 5

H

A B C D E F G

J
I

C
M A

K L M N O P

Q R S T U V W X Y Z

O
R

S

Ауыстыру алфавитінің қалған әріптері алфавиттік ретпен кілттік сөзден
кейін (қалғандары алдынғы жағынан) жазылады:

Криптографиялық әдістерді топтастыру
0 1 2 3 4 5

H

A B C D E F G

J
I

C
M A

K L M N O P

Q R S T U V W X Y Z

O
R

S

Сөйтіп, хабардың әрбір әpпi үшін ауыстыру әрпі анықталды. Енді
CONTROLLERS мәтіні былайша шифрланады: WFEKIFBBZIJ.
Kілттік сөздің барлық әріптері әр түрлі болуы тиісті деген талаптың міндетті
емес екенін ескеру керек. Кілттік сөзді (немесе сөздер тіркестігін) жай
бірдей әріптерді қайталамай ғана жазу керек. Мысалы, кілттік сөйлем
ДЕРЕКТЕР АЛМАСУ және К=3 ауыстырудың келесі кестесі туындайды:
ж
а ә б в г ғ Де

и
з

й к қ л м н ң о ө п р с т у ұ ү ф х Һ ц ч шщъ ы і ь э юя

ю я Д Е Р К Т А Л М С Уә б в г ғ ж з и й қ н ң о ө п ұ ү Фх һ ц ч ш щ ь ы і ъ э
Алынған кесте көмегімен БАҒДАРЛАУ ТІЛІ мәтіні былайша шифрланады:
ДЮКЕЮҚВЮЩ ҢЬВЬ.

Криптографиялық әдістерді топтастыру

Трисемустың шифрлайтын кестесі
Осындай ауыстыру шифрын алу үшін әдетте алфавиттің әpiптepi мен кілттік
сөз (немесе сөздер тіркестігі) жазбасына арналған кесте қолданылған.
Кестеге алдымен кілттік сөз жазылып, қайталанатын әpіптері алынып
тасталады. Содан кейін бұл кесте алфавиттің кілтке кірмей қалған
әріптермен реттелген түрде толықтырылады.
Қазақ алфавиті үшін шифрлайтын кестенің өлшемі 6x7 болады. Кілт ретінде
АЛГОРИТМ сөзін алайық. Осындай кілтпен шифрлайтын кесте 3-суретте
көрсетілген.
Бастапқы мәтін
Шифрмәтін

АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
МҰҺМҒМЕЕАТҰВҒҚМЧ

А
М
Ж
Ө
Х
Ы

Л Г О Р И
Ә Б В Ғ Д
З Й К Қ Н
П С У Ұ Ү
Һ Ц Ч Ш Щ
І Ь Э Ю Я

Бастапқы мәтін АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ.
Шифрмәтін МҰҺМҒМЕЕАТҰВҒҚМЧ
Сурет-3. АЛГОРИТМ кілттік сөзімен шифрлайтын кесте

Т
Е
Ң
Ф
Ъ

Криптографиялық әдістерді топтастыру

Гронсфельд шифры
Гронсфельд шифры деп аталатын бұл күрделі ауыстыру шифры Цезарь
шифрының өзгертілген бір түрі болып табылады. Ол үшін негізгі хабар
әріптерінің астына сандар түріндегі кілттің цифрлары жазылады. Егер кілт
хабардан қысқа (аз) болса, онда кілттің цифрлары қайталана береді.
Мысалы, кілт ретінде 3514 санын қолдана отырып ОПТИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ
хабары үшін келесі шифрмәтін алынады
Хабар

О

П

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ

Қ

О

Р

Ғ

А

У

Кілт

Шифрмәтін

Р

Ұ

У

Л

М Ғ

М Ю Н

О

Ө

Ұ

Ж Ғ

Ұ

Криптографиялық әдістерді топтастыру
Вижинер шифрлау жүйесі
Вижинер ((1523-1596), Римдегі француз елшісі, өзінің шифр жүйесін ойлап
тапқан. Виженердің шифры 400 жыл бойы кері шифрланбайтын деп
саналған, сондықтан әскери шифр ретінде кеңінен қолданылған). Вижинер
жүйесі Цезарь шифрлау жүйесіне ұқсайды. Шифрлау кестесі Вижинер
кестесі деп аталады. Вижинер кестесі n2 элементтен тұратын квадраттық
матрица болып табылады. Бұл жерде n – қолданылатын алфавит
символдарының саны.
Бірінші қатарда алфавиттің барлық әріптері жазылады. Әрбір келесі
қатарда бір әріпке ығыстырылады. Осындай әрекетті аяғына дейін
қайталаудың нәтижесінде қатар саны бағанның (алфавит әріптерінің)
санына тең квадрат кесте құрылады. 6-суретте қазақ тіліне арналған
Вижинер кестесі көрсетілген. Кестенің екі кірісі бар: негізгі ашық мәтіннің
әрпін анықтайтын жоғарғы қатардың символдары және кілттің сол жақтағы
шеткі бағаны.
Шифрлау (және кері шифрлау) үшін Вижинер кестесін қолдануға болады.
Шифрлауды орындау үшін әріптерден тұратын кілт таңдап алынады.
Шифрлау былайша жүргізіледі. Толық кестеден бірінші қатар және бірінші
әріптері кілттің әріптеріне сәйкес келетін қатарлар іріктеліп алынады.


Ұқсас жұмыстар
Криптографиялық әдістер
Кодтау теориясына кіріспе. Кодтау схемаларына шолу. Макмиллан теңсіздігі. Деректерді сығу. Лемпел-Зив алгоритмі
Ашық кілт криптографиясы
Криптографияның математикалық негіздері
Симметриялық криптография
Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІНІҢ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ДИСК АЛЬБЕРТИ
Ақпаратты қорғау
Қорғау тәсілдері
Пәндер