Аналық тақша



Дәріс тақырыбы: «Аналық тақша»
«ЭЕМ-ді ұйымдастыру» пәні
Оқытушы Валиева Д. Г.

Аналық тақша ұғымы;
Процессорды орнату ұяшығы;
PCI стандартты разъем-слоттар;
ISA типті разъем-слоттар;
Оперативті жадын орнату слоттары.
Жоспары

Аналық плата - дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна - басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы - чипсет басқарып отырады.

Чипсет - процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғылар мен байланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

Бұрынғы компьютерлердің аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:
жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді.
енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.


Томато аналық тақшасы

Аналық тақша - бұл белгілі бір құрылғыларды орнатуға арналған үлкен «разъемдар коллекциясы». Тек бірнеше негізгі типтерін атап өтейік.

Процессорды орнату «ұяшығы». Pentium және Pentium MMX, сонымен қатар AMD Кб және Cyrix M2 процессорларын орнатуға арналған аналық платаларда, «ұяшық» - шаршы формалы, рамка бойымен процессорды орнатуға арналған тесіктері бар. Разъемның мұндай типі Socket 7 деп аталады. Pentium II - Pentium IV (Slot 370, Slot A, Slot 487) процессорларына, сонымен қатар AMD фирмасының К7 атты прцессорларына арналған платаларда шаршы «ұяшық» емес ұзын разъем- слот (Slot 1 типі) орналасқан. Көптеген үйге арналған компьютер аналық платаларында сокет немесе слот тек бір экземплярда болады (бірақ екі процессорлы жүйелер құруға арналған платалар да қолданылады) .

Socket 7

Қуат қосу слоттары: AT және ATX деген екі түрі бар. Барлығы аналық плата класына байланысты. Өлшемдері бірдей, бірақ конструктолы ерекшеліктері бар. Қазір негізінен аналық платаларда АТХ қолданылады.

PCI стандартты разъем-слоттар. 32 разрядты құрылғыларды қосуға арналған слоттар. Олар төртеу. PCI разъемдары - әдетте платадағы ең қысқасы, ақ түсті, теңсіз екі бөлікке бөлінген. PCI слотқа жалғана алатын құрылғылар: видеокарта, PCI типті дыбыс карталары, ішкі модемдер, контроллера (SCSI) платалары, USB құрамдастарын қосу платалары, тораптық карталар.

AGP разъемдары. AGP форматтағы видеокарталарды орнатуға арналған, өткізгіштігі өте жоғары арнайы слоттар. Соңғы уақытқа дейін AGP стандарты видеокарталарға өте қатты жұмыс істеуге мүмкіндік береді және тек өзінің оперативті жадын ғана емес, сонымен бірге компьютердің де оперативті жадын да қолдануға мүмкіндік беретін еді. Бірақ осы разъеммен жабдықталған Socket 7 ескі форматты платалар келді.

ISA типті разъем-слоттар. 16 разрядты құрылғыларға арналған слот. Өткізгіштік жағынан PCI слоттарынан баяу ISA слоттары 386 типті компьютерлер кезеңінен қалған. Бірақ дәл осы слоттар, PCI слоттары емес, көп сұранысқа ие. Дәл осыларға әлі күнге шейін көптеген қосымша карталар жалғанады: дыбыс платалары, ішкі модемдер, тораптық карталар, сканерлердің арнайы платалары және сол сияқты. Олар Socet 7-де 2-ден 4-ке дейін және 1-ден 2-ге дейін Slot 1-де болады. Сыртқы көрінісі бойынша ISA слотары PCI слоттарына келеді, бірақ олар бір жарым еседей ұзын және түсі ақ емес, қара. Бүгінде ISA слоттарына келетін құрылғылар шығарылмайды.

Оперативті жадын орнату слоттары. Оперативті жадын орнату слоттары платаларды орнату слоттарынан айырмашылығы - алғашқысында арнайы құлттанатын тетігі бар. Pentium MMX платаларында екі түрлі жадыны орнату қарастырылған - ескі форматты SIMM (72 контакт) және DIMM (168 контакт) типті жылдам жады. DIMM типті слоттар SIMM слоттарынан біраз қысқа болып келеді. Бұл типті слоттардың саны 2-ден 4-ке дейін болады. 20 ғасыр аяғында SIMM жадылар толығымен өндірістен алынған, сөйтіп жылдам әрі арзан DIMM жадыларына өтуге мүмкіндік берген. Pentium IV типті компьютерлер жаңа RIMM разъемдарын қолдануда.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz