Компьютерлік желілер классификациясы




Презентация қосу
Компьютерлік желілер
классификациясы

Компьютерлік желі

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer
network) — барлық құрылғылардың бір
бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік
беретін байланыс желілері арқылы
қосылған компьютерлердің және басып
шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты
басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен,
кабельдер арқылы тұрақты жалғанған,
немесе телефон желілері мен сымсыз
арналар арқылы уақытша жалғанған
болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет,
ол бүкіләлемдік желілер тобы болып
табылады.

• Байланыстың қарапайым түрі РАN (Personal Area
Network) деп аталады. АN "Area Network" деген ұғым.
Басқа да желілерде АN аббревиатрасы осы ұғымды
білдіреді. Р "персоналды" дегенді білдіреді. Бұл тәсіл
бір адамға тиесілі әр түрлі құрылғылар арасындағы
мәліметтерді қосу және жіберу үшін қолданылады.

• Жиі қолданылатын және кең таралған әдіс – LAN
(Local Area Network). L – локальды. Локальды желі
деген не? Бұндай желі бір бөлмедегі, офистағы, үйдегі
бір немесе одан да көп компьютерлердің байланысы
үшін қолданылады. Сонымен қатар бұған заводтағы
және сол сияқты үлкен алаңдағы байланысты
қамтамасыз ететін желілер де жатады.

• САN (Campus Area Network) - кампусты желі. Бірбіріне жақын орналасқан ғимараттар, үйлер, кеңселер
арасындағы ақпаратты айырбастау үшін қызмет етеді.

MAN (Metropolitan Area Network) - бір немесе
бірнеше қалаларда орналасқан көптеген
компьютерлерді байланыстыратын үлкен желі.
Осындай әдісті қалалық, мемлекеттік басқару қызметі
қолданады. Мысалға, көлікті басқару немесе басқа да
әлеуметтік құрылымдар. Бұл желі өзіне бірнеше
локальды немесе кампусты желілерді қоса алады.


• WAN (Wide Area Network) - ең үлкен желі, яғни жаһандық
желі. Жер шары емес, қандай да бір географиялық район немесе
аумақ. Бұндай байланыстарды телекоммуникация қызметін
ұсынатын ұйымдар қолданады. Сонымен бірге осы
байданыстарды жаһандық желілердің каналдарына интернетті
орнату үшін қолданады. Бұл желілер өте үлкен және көпшілік
қолданушыға арналғандықтан, жалпыға бірдей қол жетімді және
ашық болып келеді. MAN - желілер сияқты, WAN желілер де
өзіне кішігірім байданыстарды қосады. Желідегі компьютерлердің
саны мен көлемінен бөлек, желілер басқа да белгілері бойынша
жіктеледі. Байланыстың әр түрі қолданылады, телефон желісінен
бастап, серіктерге дейін. Сонымен қатар желілер мәліметтердің берілу
жылдамдығына байланысты да бөлінеді.

Тарихи анықтама
Америка құрама штатының қорғаныс министiрлiгiнiң болашаққа
жоспар құру агенттiгi (DARPA) – тұңғыш
компьютерлiк желiлердi ойлап тапқан және сол себептен
ARPAnet деген атқа ие болы.
29 қазан 1969 жыл
желiнiң туған күнi деп
UCLA
саналды.
UCSB

SRI
Төрт түйiннен тұратын ARPAnet-тiң
құжаттық сызбасы

UTAN

SRI – Стенфорд университетiнiң Зерттеу орталығы
UCLA – Лос-Анжелестегi Калифорния унверситетi
UCSB – Cанта Барбарадағы Колифорния университетi
UTAN – Юта штатының университетi

• 1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге
мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, кеңінен тарала
бастады.
• 1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания
және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат ие болды.
• 1970-жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін
ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі интернет желісінің басқа техникалық
стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады. 
• 1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен
қарқынмен тарала бастады. 1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа
келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP
протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде
кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын
«Интернет» термині пайда болды.
• 1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

Желілік технологияның дамуы
• 1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады.
Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын
желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса)
біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation
Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET
желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай
компьютер қосылды.
•1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты
уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
•1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN)
қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі
ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын,
HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты

• Мәліметтерді тасымалдаудың компьютерлік желілері қазіргі таңда
коммуникацияның негізгі құралы болып табылады.
• Желілерде ақпаратты тасымал-дау жылдамдығы жоғары, жұмыс орнында
отырып-ақ хабарлама алу/жөнелту, жер шары-ның кез келген нүктесінен
керекті ақпаратты жылдам алу мүмкіндігі, әр түрлі компьютерлер
арасында және әр түрлі программалар арасында мәлімет алмасу, т.с.с.
әрекеттер орындала беруге болады.


Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер жайлы
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
Мәліметтер базасы сервері
Компьютерлік желілер жайлы жалпы түсініктер
Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер
Vpn деректерді қорғау
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
АКТ даму тарихы
Компьютерлік желілердің жіктелуі
Пәндер