Желілік технологиялар



Дәріс тақырыбы: «Желілік технологиялар»
«Компьютерлік желілер» пәні

Желілік технологиялар
Желілік технология - компьютерлік желі құруға қажетті стандартты протоколдар мен солардың жұмысын жүзеге асыратын программалық-аппараттық құралдар жиыны.
Протоколдар (хаттамалар) - мәлімет тасымал-даудың алдын ала бекітілген заңдылықтары мен ережелері жиыны, яғни мәлімет беру/алу кезінде екі компьютер арасында тағайындалған келісімдер жиыны.

Желілік технологиялардың кең тараған түрлері:
Arcnet (Attached ResourceComputer NETWork) ;
Ethernet;
Token Ring.
Arcnet - арзан, қарапайым сенімді жұмыс істей-тін технология. Мұнда “шина” және “жұлдыз” топологиялары қолданылады. Мұнда маркерлік шина (Token bus) арқылы басқару тәсілі қолда-нылады, яғни бір компьютер маркер жібереді. Сол маркер алынған соң, желідегі құрылғылар-дың тек біреуі ғана мәлімет жібере алады. Ол маркерге өз мәліметін және адрестерін қосып ары қарай жөнелтеді.

Бұл технология бойынша мәлімет тасымалдау жылдамдығы - 2, 44 Мегабит/сек, тасымалдау үшін коаксиальды кабель, есілген қоссым, оптоталшықты кабельдердің бірі пайдаланыла береді.
Бұл технологияның өз желілік адаптері болады. Адаптердің кабель қосылатын разъемы - ажыра-тып/қосқышы бар. Әрбір адаптердің осы желіге арналған өзіндік нөмірі (0-255) болады. Адаптер орнатылғанда сол нөмірді де сәйкестендіріп қою керек. Мәлімет беру қашықтығы 6 км, бірақ жылдамдығы төмен (2, 44 мбит/с) .

Ethernet технологиясында шиналық топология-ны қолданып, мәліметті бірден барлық желі компьютерлеріне (станцияларына) береді. Бірақ оны адресіне сәйкес тек біреуі ғана қабылдайды. Бұл технология желіге компьютерлерді біріктіріп тұратын концентраторларды және интерфейстік желі тақшасын керек етеді, олар бірігіп орнала-сады. Көбінесе арнайы кабельдер және телефон арналары қолданылады. Мәлімет тасу жылдам-дығы 10 мегабит/c, бірақ жаңа мүмкіншіліктер пайда болуына байланысты (оптоталшық) жыл-дамдығын өсіруге болады.

Token Ring технологиясын IBM фирмасы ұсынған. Мәлімет тасу орталығы - есілген қоссым және оптоталшықты кабель. Мәлімет тасу жылдамдығы - 4 Мбит/с және 16 Мбит/с. Мәлімет тасымалдауда маркерлі сақина қолданылады. Топологиясы - сақиналы не жұлдыз. Мәлімет тасу қашықтығы - 120 м (бір ғимаратта) .

Сипаттамалары
Ethernet
Token Ring
Мәлімет тасу жылдамдығы
10 Мбит/сек
16 Мбит/сек
Топология
Шина/Жұлдыз
Жұлдыз/Сақина
Қатынасу тәсілі
Кездейсоқ
Маркерлі
Мәлімет тасу ортасы
Коаксиал, есілген қоссым, оптоталшық
Есілген қоссым, оптоталшық
Желінің максималды ұзындығы
2500 м
4000 м
Желі тораптарының ең үлкен ара қашықтығы
2500 м
100 м
Желі тораптарының ең үлкен саны
1024
260

Желідегі компьютерлерді байланыстыру проблемалары
Байланыс арналарындағы сигналдарды сәйкестендіру
Тасымалдау ортасымен қатынас құру ережелерін анықтау
Информацияны тасымалдау сенімділігін арттыру
Информацияны тасымалдау маршрутын және адрестеу тәсілдерін анықтау

5. Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар
Байланыс арналары мен интерфейстер
Желілік карта (Сетевая карта)
Трансивер (transceiver)
Қайталауыш (Repeater)
Концентратор (Hub)
Көпір (Мост-Bridge)
Коммутатор (Switch)
Маршрутизатор (Router)

Байланыс арналары

RJ-45 интерфейсі
BNC интерфейсі

Желілік карта
Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді. Әрбір картаның айрықша өз нөмірі болады.

Коаксиальды кабельмен қосылған желі схемасынан мысал
Технологиясы: Ethernet 10 Мбит/с
Байланыстыру арнасы: Коаксиалды кабель

Трансивер
Трансивер тікелей кабельге жалғанып орнала-сады да, компьютердің желілік картасы арқы-лы қоректенеді. Трансивер желілік картаға AUI (Attachment Unit Interface) типті интер-фейстік кабельмен қосылып тұрады.

Қайталауыш
Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегменттерді байланыстырады, сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, мәліметті тасымалдау қашықтығын арттырады, информацияны екі бағытта да өткізеді. Қайталауыштар коаксиалды кабельді пайдаланатын желілерді кеңейтіп. олардың мүмкіндігін арттырады.
ER-200

Концентратор
MicroHub TP1008C
Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байланыс арналарын біріктіріп тұратын бірнеше порттары бар қайталауышты айтады. Концентратор желінің физикалық топологиясын өзгертеді, бірақ оның логикалық топологиясы өз-гермейді. Егер оның бір портына мәлімет келіп түссе, ол оны көбейтіп барлық басқа порттар арқылы жөнелтеді.


Концентраторлы желі мысалы

Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады.

Көпірді пайдалану мысалы

Коммутатор
Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алады.

Коммутаторды пайдалану мысалы

Маршрутизатор
Cisco 2500
Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т. с. с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі.

Маршрутизаторды пайдалану мысалы

Бір мәлімет бөлігінің (пакетінің) желі бойынша жеткізілу процесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz