Тура және кері пропорционал шамалар


Slide 1

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тура және кері пропорционал шамалар

Сабақтың мақсаты: Шамалардың тура пропорционалдығын, және кері пропорционалдылығын түсіну

Сабақтың міндеттері:

• Білімділік: екі шаманың біреуін арттырғанда екіншісінің өзгеруіне байланысты болатын пропорционалдылықты түсіндіру

• Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой дүниетанымын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып теориялық материалдың өмірге қажеттілігін айқындау

• Тәрбиелік: Оқу еңбегіне тәрбиелеу

• Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, есептеулер, топтық есептер

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Slide 2

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру: ”Сәлемдесу” тренингі

Сәлем, достым! (Амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарымен қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (Колдарын жүректеріне қояды)

Сен келдіңің ( Құшақтарын жаяды)

Жақсы болды (Құшақтайды)

Slide 3

ІІ. Жаңа сабақ

Мысал: Егер бір дәптер 90 г қағаздан дайындалса, екі, үш, торт . . . Сегіз дәптер неше грамм қағаздан дайындалатытын табу үшін кесте құрайық

Дәптер саны нешеге өссе немесе кемісе оны дайындалатын қағаздың массасы сонша есе өсетінін немесе кемитінін көрдік

Дәптер саны

1

2

3

4

5

6

7

8

Қағаздың массасы

90

180

270

360

450

540

630

720

Slide 4

Егер шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде) екіншісі де соншаға артып немесе кемісе, мұндай шамаларды тура пропорционал шамалар дейміз.

Тура пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,

х1 :у1 = х2 :у2

Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы сәйкес екіншісінің мәндерінің қатынасына тең болады. Бұл тура пропорционалдылықтың негізгі қасиеті

Slide 5

Мысалы: массасы 300г, концентрациясы 15% қантты су ерітіндісіне 60 г таза су құйылды Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент

1. масса процент

300 г 100 %

Х г15 %

Х= (15*300) : 100 =45 демек, алғашқы ерітіндіде 45 г қант бар.

2. Соңғы ерітіндінің массасы 300г + 60г(су) =360 г

3. Соңғы ерітіндінің концентрациясы (у %) неше процент екенін табамыз

масса процент

360 г 100 %

45 гу%

у =(45*100) : 360 = 12, 5

Slide 6

Кері пропорционал шамалар

Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8, 12, 16 жұмысшы неше сағатта орындайды?

Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды?

4*120 =480 сағ.

2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын

480: 16 = 30 сағ екенін табамыз.

Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Орындалу уақыты

120

60

40

30

Slide 7

Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз.

Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.

Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады

Slide 8

Есептер шығару

А.

№ 128

Кестені толтырыңдар

Х

3

4

6

8

9

12

15

У

12

36

Slide 9

Сергіту сәті:

Сергіту сәті: «Жунглидағы жаңбыр» Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз) . Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) . Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі) Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз) Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар) . Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз) . Тағы да нөсер жауын жауды. Ұсақ жаңбыр сіркіреді. Дауыл соқты. Жел соқты. Жел басылып келеді.

Slide 10

№129-137 есептер шығару

Slide 11

Бағалау: Белсенді араласып отырған, тақтаға шыққан оқушылар бағаланады Үйге: 139


Ұқсас жұмыстар
Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы
АЙНАЛМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫС ДИНАМИКАСЫ
Бастауыш сынып математикасында шама ұғымын оқыту әдістемесі
Ғажайып өрнектер
Суреті Атауы Шартты Қызметі Өлшем белгісі бірлігі
Қысым тақырыбын қайталау. 7-сынып
Физика – ғажайыптар әлемі
Ньютон заңдары
Массалар әрекеттесу заңы
Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz