Қазақ хандығы құрылуы, тұлғалар




Презентация қосу
Қазақ хандығы
құрылуы,
тұлғалар

Қазақ хандығының
құрылуы

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр
хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын
бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу
жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына
мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.
1465-1466жылдары Шу мен Талас өзендері бойында
Қозыбасы жерінде “Қазақ хандығы ” құрылды.
Негізін салған : Керей мен Жәңібек сұлтандар
.

Қазақ хандығының ішкі саясаты
• Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына
Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен
Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға
құқығы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының
үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына
Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды.
• 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге
көтеріп хан сайлайды.

Қазақ хандығы алдына қойған
міндеттері:
• Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында
бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл
тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған)
көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.
• Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен
орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы
(Түркістан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы
өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік
база болатын.
• Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық
территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды
міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі
болды.

Керей мен Жәнібек

Қазақ хандары




1456-1473ж – Керей хан – Болат
сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ
ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан - Керей
ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан - Әз Жәнібектің
ұлы
1518-1523ж –Мамаш хан - Қасымның
баласы
1523-1532ж –Тақыр хан - Қасымның
немере інісі
1533-1534ж – Бұйдаш хан - Тақырдың
інісі хан
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан
1535-1537ж – хан атағы болған
сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан,
Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар - Қасым ханың
баласы
1580-1582ж –Шығай хан - Жәнібектің
немере інісі 80 жастағы
1582-1598ж – Тәуекел - Шығай ханның
баласы
1598-1628ж – Есім хан - Шығай ханың
баласы, Тәуекел ханның інісі

1680-1715ж – Әз-Тәуке - Салқам Жәңгірдің
баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан - Тәуке ханның бел
баласы
1720-1740ж –Жолбарыс - Ұлы жүздің ханы
1718-1748ж – Әбілхайыр - Кіші жүздің
хан
1748-1786ж – Нұралы - Кіші жүздің ханы
1791-1794ж – Ералы - Кіші жүздің
ханы
1795-1797ж – Есім - Кіші жүздің ханы
1797-1805ж – Айшуақ - Кіші жүздің ханы
1805-1824ж – Шерғазы - Кіші жүздің соңғы
ханы
1716-1719ж – Қайып - Орта жүз ханы
1719-1734ж – Сәмеке - Орта жүз ханы
1734-1771ж – Әбілмәмбет - Орта жүз ханы
1771-1781ж –Абылай - Орта жүз ханы
1781-1819ж –Уәли - Орта жүз соңғы ханы
1815-1817ж –Бөкей - Орта жүз соңғы ханы
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы
ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі,
Қасым төренің баласы

Қасым
хан
1511-1518
Әкесі:Жәнібек
Ізбасары:Мама
ш
Балалары:
Мамаш,ХақНазар

• Қасым хан Жәнібекұлы (1445—
1518) — қазақтың ұлы
хандарынын бірі, Қазақ
хандығының негізін
қалаушылардың бірі —Әз-Жәнібек
ханның ортаншы баласы.
Шешесі Жаған-бегім Шайбани
әулетінің атақты ханы Мұхаммед
Шайбанидің інісі Махмұд
сұлтанның шешесінің туған сіңілісі

Қасым хан тағына отыруы
XVI ғасырдың бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым
таққа отырды. Қасым хан Қазақ хандығының тағына
отырысымен ішкі- қайшылықтарды –феодал-ақсүйектердің
наразылығын бәсеңдетіп, хандықты нығайтуға кірісті. Сөйтіп
Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар
күшін,ынта-жігерін аямай жұмсады.. Қасым хан – хандықтың
кеңеюімен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын
елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл
Дешті Қыпшақтың ханына айналды.

• 1

Қасым ханның ішкі саясаты

• Феодал ақсүйектердің қарсылығын
әлсіретіп , мемлекеттің саяси,
экономикалық, әскери қуатын арттырды
• Мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы
органы Маслихат-султандар мен ру
басшыларының съезі болды.  Маслихат
жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің
ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау,
жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону
жолдарын айқындау сияқты мәселерді
қарады.

 «Қасым ханның қасқа
жолы»
• Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс






дауларын шешу ережелері)
Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау,
ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).
Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті,
қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).
.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік,
халықаралық қатынастардағы сыпайлық,
сөйлеу мәнері).
Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той,
мерекелер мен жиындардағы ережелер,
жылу, асар т.б.)

Қасым ханның сыртқы саясаты
• Сыртқы саясатындағы негізгі бағыт
бұрынғысынша Сырдария бойындағы
қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы
күрес болды.
• XVІ ғасырдың екінші он жылдығында
Қасым хан ұлан-байтақ қазақ
территориясын өз қол астына қаратты.
Бұл кезде хандықтың шекарасы
Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып,
Түркістан аймағындағы қалаларды басып
алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу
жерінің (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің
алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс

• Ноғай ордасында билікке талас өзара
қырқыстан шаршаған халық Қазақ хандығы
құрамына кеп қосылды. Осы кезде Қасым
ханның қол астына қараған халықтың саны
1 миллион адамға жеткен еді.
• Қазақ хандығының нығаюы және оның
күшеюі мемлекеттің беделін арттырып,
сыртқы саясат пен дипломатиялық қарымқатынас саласында белгілі табыстарға қол
жеткізді . Қасым ханның тұсында Орта
Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және
орыс мемлекетімен сауда-саттық және
елшілік қарым-қатынас орнатты

Қасым ханың өмірден өтуі
• Қазақ хандығын біріктіруші , бейбітшілік сүйгіш
саясатымен халықтың махаббатына ие болған Қасым хан дүниеден өтті Мұхаммед Хайдар
Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым
хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед
өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде
Қасым ханның өлген уақыты 1523—1524 жылдар
деп көрсетеді. Қадырғали Жалайырдың сөзі
бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза
болған. Тарихшы А. П. Чулошников Қасым ханның
Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында
кұламай аман тұрғанын жазады

Назарларыңызға
рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылу алғы шарты және қазақ хандығының құрылуы
Мауараннахр мен Моғолстан хандығы
Қазақ хандығының құрылуы
Құрылуы 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан
Керей хан Жәнібек хан
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығының алғашқы территориясы
Қазақ хандығының құpылуы
Экономикалық қай балаларының жағдайы
Қазақ хандығы
Пәндер