Сандардың шығу тарихы.Жеті санына байланысты аспаптар.Жеті санының қасиеті!


Slide 1

ғ

ы

л

ы

М

и

ж

ұм

ы

с

4

сынып

Еркебұланқызы Жәния

Slide 2

7

Slide 3

Сандардың шығу тарихы. Жеті санына байланысты аспаптар. Жеті санының қасиеті!

Slide 4

3-қасиетті сан.

Келесі сандар да қасиетті.

Slide 5

7

Slide 6

3-саны қасиетті келесі сандар да қасиетті

3

Slide 7

9 санынан сақтан!

+

Slide 8

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Сандардың шығу тарихы

4. 7 саны - қасиетті сан

5. 7 санына байланысты қазақ аспаптары

6. Қорытынды

Slide 9

Аннотация

Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезсе, түйсіні білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа байланысты, тәрбиелік мәні мен саналы орны болған. Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын “адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы”-деген қағидасын ұстанамын.

Slide 10

Кіріспе

Математика - ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, Оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдарығының аттап басқан заманда “артық” “кем” “үлкен” “кіші” ұғымдары туған. Бұлар кейін “тең” ұғымының шығуына негіз болған. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін сандары болады. Біреудің бақытты саны -13, бақытсыз саны - 9 делік.

Slide 11

Зерттеудің мақсаты

Қазақ халқының салт-саанасы мен ата-бабасынан келе жатқан өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантты мен дарындылығын, өзгеден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну.

Қасиетті сандар арқылы Тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу.

Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау.

Көптеген шешілмеген мәселерді атап көрсету.

Slide 12

7 санының қасиеті

Аптаның жеті күні. Олар : дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады : қызыл, қызғылт - сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады.

Жеті жұт. Олар : құрғақшылық, жұт (мал қырылу) , өрт, оба (ауру) , соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну) .

Slide 13

Пифагордың болжамы:

Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.

Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап-ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті.

Slide 14

Қазақ халқының санды құрметтеуі

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Slide 15

Мәселе, зерттелетін зат

Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.

Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу.

Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі - Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.

Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы - туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Slide 16

Сондай - ақ. . . . . . .

Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие.

Ол - этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата - тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары) . 4. Бала (өмір жалғасы) . 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды) . 6. Жер («Жерсіз - ел тұл, ерсіз - жер тұл») . 7. Ит.

Slide 17

Жігіттің жеті қазынасы

Жігіттің жеті қазынасы:

Жүрдек аты -жігіт қаны, қанаты

Қыран бүркіт - қарым күші, қуаты.

Құмай тазы - бастан берік сенімі,

Ақ мылтығы - сөнбес оты, серігі

Алмас кездік - жігіт сусы, һәм мысы

Ау жылымы - амал, айла, әдісі

Қара қақпан серті себі тірліктің

Осы жеті қазынасы жігіттің.

Slide 18

Ислам аңызы бойынша. . .

Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:

1. Қыдыр (қызыр) . Қыдыр дарыған адам бай болады.

2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады.

3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі) .

4. Денсаулық.

5. Ақ жаулық.

6. Тұз (Ол - Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені) .

7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі) .

Slide 19

Басқа халықтардың түсінігі

Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады) . 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі) . 4. От (От - Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады) . 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ) . 6. Жер (тіршілік анасы) . 7. Ит.

Жеті қат көк. Ол - аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят) . Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал) . Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен.

Slide 20

Ежелгі наным - сенімдер

Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты - тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты - «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады.

Жетіқарақшы. Ол - аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары - Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады.


Ұқсас жұмыстар
Ғылыми жобаның тақырыбы
"7 саны киелі сан"
Киелі сандар сыры
Таңғажайып жеті саны
Сандар тарихы
Сегіз қырлы
Дискідегі ақпаратты сығу программалары
Ондық бөлшектер
Сөз құрамын Сөз таптарын зерттейтін сала
Бес бұтақта ағашта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz