Астана –тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы!


Slide 1

Астана -тәуелсіз мемлекетіміздің бас қаласы!

Slide 2

Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169, 2 мың адамға көбейіп, 2012 жылдың басында 550, 2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2011 жылы қалада 8, 8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4, 3 мыңға көп. 2011 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6, 3, өлім - 6, 7 құрады.

Slide 3

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000-2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. - 6, 8 мың, 2003 ж. - 5, 4 мың, 2004 ж. - 14, 2 мың, 2005 ж. - 15, 7 мың адам) . Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5, 2 адамға дейін көбейді.

Slide 4

Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3, 5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238, 6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.

Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.

1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді.

Slide 5

2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.

Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т. б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.

Slide 6 Slide 7

Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58, 3 мың адам. Оқушылар саны 1, 9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Астанада 64 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60, 1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11, 2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.

Slide 8

2011 жылы Астана қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3, 6 мың дәрігер және 4, 2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821, 2 млн-нан 4 176, 6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102, 4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.

Slide 9

Елордада «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын тиiмдi жүзеге асыру еңбек нарығындағы елдiң белсендiлiгiн арттырды. Халықтың әлеуметтiк проблемаларын шешуге бағытталған арнайы бағдарлама бүгiнде алғашқы нәтижесiн көрсетiп отыр.

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асуда. Алдымен жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқыту және оларды жұмысқа орналастыру қарас-тырылған. Кәсiптiк бiлiм беру - осының дәлелi. Бұл бойынша белгiлi мамандығы жоқ 150 адам, жаңа кәсiптi меңгеру үшiн қайта даярлау мақсатында - 163, кәсiби бiлiктiлiгiн жетiлдiру үшiн - 170 қатысушы қамтылады деп болжануда. Ақпарат халыққа таралған күннен берi, бұл бағдарламаның игiлiгiн көру ниетiмен 468 адам хабарласқан. Бүгiнде 416 қатысушының өтiнiшi қабылданды. Ал жыл басынан берi 164 азамат оқуларын бастап та кеттi.

Айта кеткен жөн, «Жастар тәжiрибесiн» ұйымдастыруға республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы 300 адамды жұмысқа орналастыруға мүмкiндiк берiп отыр. 48 адам жолдама бойынша тәжiрибеден өтуде.

Slide 10

Өткен жылы кәсiптiк оқытуға жiберiлген жұмыссыз азаматтардың басым бөлiгi қаңтар айында оқуын аяқтаған. Оқуын бiтiрген 1848 азаматтың 366-сы жұмысқа орналастырылды. Олар құрылыс, бiлiм беру, денсаулық сақтау, сауда, экономика, қаржы, қызмет көрсету, көлiк және байланыс, коммуналдық шаруашылық салаларында тер төгiп жүр.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Президентінің 1998 жылғы
Тәуелсіз киелі ел
Республикасының тұңғыш президенті
Тұңғыш ғарышкер кім
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы ақпарат
Елбасының елеулі еңбектері
Астана - Қазақстанның бас қаласы
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Елбасы Нұрсұлтанның бастамасы
БІЛЕСІҢ БЕ ЕЛОРДАНЫҢ ТАРИХЫН?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz