Қазақстанның тас дәуірінің кезеңдері




Презентация қосу
Қазақстанның тас дәуірінің кезеңдері
Палеолит. Ежелгі тас ғасыры – б.з.д.
2.4 млн – б.з.д. 10 т. жж.
Мезолит. Орта тас ғасыры – б.з.д. 10
- 7-мыңжылдықтар.
Неолит. Жаңа тас ғасыры - б.з.д. 7-6
- 4-мыңжылдықтар
а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі
палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.
ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.
б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 -
35-30 мың жыл.
в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит-
40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-
мыңжылдық.
Ертедегі тас дәуірі - адамның және оның шаруашылығының
қалыптасуының бастапқы уақыты. Палеолит дәуіріндеп
адамдардың қоғамдық ұйымдары өте күрделі және ұзақ даму
жолынан өтті. Бастапқы кезеңде жабайы үйір пайда болды. Ол
ерте ашельге сәйкес келеде. Осы кезеңде бірте-бірте жаңа
әлеуметтік организмнің, яғни алғашқы қауымның пайда
болуының алғы шарттары қалыптаса бастады. Іс жүзінде алғашқы
қауымның жетілген түрлері тек кейінгі палеолитте ғана
қалыптасады. Ол, көптеген зерттеушілердің пікірінше,
прогрессивтік дамудың алғашқы айқын нышандарының бірі
болып, неандертальдықтардын кәзіргі адам түріне айналу
кезеңімен түспа-тұс келді.
Олдувайлық мәдениет- бұл Homo habilis деп аталған ертедегі
адамның («іскер адам») өмір сүрген уақыты. Олдувайлық кезең
өзінің ұзақтығымен (шамамен 2 млн. жыл) палеолиттің басқа да
кезеңдерін бәрін қосқаннан да асып түседі.
Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту
кезеңі) пышақ пішінді пластинкаларды, оның ішінде
микропластинкаларды бөлу техникасының өте жоғары дамуымен
ерекшеленеді. Осы кезеңде пышақ пішінді пластинкадан
құралдар жасау өте кең таралды.
Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық
бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар,
тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды.
Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника
дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын,
макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең
таралады.
Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу
техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады.
Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы
қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек
және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің
ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға
муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері
мезолитте ғана жасалынған.
Неолит кезеңіндегі тұрғындардың қол
жеткізген даму деңгейі басқа да мәдени-
тұрмыстық жаңалықтардың пайда болуына
себепші болды. Осы кезде тау-кен ісі алғашқы
бастау алады. Қыш құмыра жасау, тоқ
імашылық дамиды. Неолит кезеңінің әлеуметтік
жағдайында рулық қоғам өмір сүрді, онда
ұжымдық еңбек және өндіріс құралдарына
жалпы меншік билік етті. Сонымен бірге бұл
кезеңде қоғамдық ұйымдастыру формаларының
жоғары дамуы орын алды: тайпалар немесе
тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар
қандас туыстар біріккен, шаруашылықтары да
біріңғай сипатты бірнеше рулық қоғамдардан,
яғни рулықтардан тұрды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан аумағындағы қола дәуірі
Тас дәуірінің кезеңдері
Қола дәуірі туралы түсінік
Қазақстан тарихының кезеңдері
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері және оның басты кезеңдері мен тарихнамасы
Алғашқы адамдардың тас құралдары
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Қазақстан тарихына кіріспе
Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары
Ежелгі Қазақстан тарихына шолу
Пәндер