Оқытудағы басқару мен көшбасшылық


Slide 1

*

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық

Искакова Әлия Серікбайқызы

« Басқару мен білім беру сапасы»

“Асықата” жалпы орта мектеп директорының

оқу-ісі жөніндегі орынбасары.

Slide 2

Жоспар:

1. Лидерлік туралы жалпы түсінік.

2. Лидерге қажетті 21 қасиет.

3. Тренинг

Slide 3

*

Тренинг мақсаты:

Білім менеджерінің лидерлік мінез-құлқының этикалық нормалары жайлы танымдық ілім-білімді қалыптастыру.

Slide 4

1. Лидерлік және лидерлер туралы не білесіз? Не білсеңіз соны жазып шығыңыз.

2. Жаныңызда отырған әріптесіңізбен бірге жазғандарыңызды талқылаңыз.

3. Сызықтың бойына төмендегі белгілерді қоя отырып, мәтінді оқып шығыңыз.

-мұны мен білемін.

+ - бұл мен үшін жаңалық, ол туралы бірінші рет оқып тұрмын.

? -не туралы айтылғанын түсінбедім.

! - мынау өте қызық екен, бұл туралы қызметтестеріммен сөйлесу керек.

Slide 5

Адамдар лидерлік деген ұғымға түрлі мағына береді. Олар үшін лидерлік дегеніміз, адамдарды біреудің соңынан ерту деп біледі.

Лидерлік- англосаксондық lead, leader деген сөзден шыққан, ол «жол» деген сөз, «саяхаттау», «жүру» деген мағынаны білдіреді. Ол кезде адамдар саяхат жасаған кезде штурвалдың рөлін ұстаушының рөлі өте зор болған, жол көрсеткен адамды көшбасшылардеп таныған, олар капитан және шайқастағы қолбасшы . Ол теңіз толқыған кезде өзінің бар өнерін салып кемені, адамдарды сақтап қалып, оған артқан сенімді абыроймен ақтауы тиіс болған.

Slide 6

14. 02. 12

2. Жаттығу. «Жеке тұлғалық теорияны сезіну».

1. Тапсырма. Нағыз лидер санайтын 3 адамды атаңыз. Олардың аттарын төмендегі таблицаның 1-ші бағанының көздеріне жазыңыз.

Мен жақсы білетін, нағыз лидерлер

Жеке тұлғалық қасиеттері:олар қандай?

Өздерін ұстау моделі ?

Олар қалай іс-әрекет жасайды?

1

2

3

1.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

2.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

3.

1.

2.

3.

1.

2.

3.

Slide 7

*

«Лидерлердің менеджерлерден маңызды бір айырмашылығы-лидерлер мәдениетті жасайды және өзгертеді, ал менеджерлер мен әкімшілер сол мәдениеттің ішінде тіршілік етеді»

(Э. Шейн, американдық зерттеуші)

Slide 8

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Slide 9

“Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшыларға байланысты болады”

Көшбасшылық жөнінде атақты сарапшы Джон Максвелл

Slide 10

Басқару лидерліктен төмен тұрады. «басқару -шаруаларды дұрыс істеу, лидерлік -дұрыс шаруаларды істеу».

Slide 11

*

Лидер сөзін қалай ассоциациалауға болады?

Лидер

Ассоциация сөздерін пайдаланып, «лидер » ұғымына анықтама беріңіз

Slide 12

Лидер- англосаксондық lead, leader деген сөзден шыққан,

ол «жол» деген сөз, «саяхаттау», «жүру» деген мағынаны білдіреді. Ол кезде адамдар саяхат жасаған кезде штурвалдың рөлін ұстаушының рөлі өте зор болған, жол көрсеткен адамды көшбасшылар деп таныған, олар - капитан және шайқастағы қолбасшы . Ол теңіз толқыған кезде өзінің бар өнерін салып кемені, адамдарды сақтап қалып, оған артқан сенімді абыроймен ақтауы тиіс болған.

Slide 13

Лидерге қажетті 21 қасиет.

Бірінші қасиет. Мінез-құлық: жартастай берік бол!

Қиын өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады.

Екінші қасиет. Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!

Харизма дегеніміз - адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады. Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек?

Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол іскер адамдарды бос арманшылдардан ажыратады

Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса, барлық уақыттарда өмір сүреді.

Төртінші қасиет. Қарым-қатынас жасап араласа білу: онсыз өмірде жалғыз өзіңіз қадам басасыз

Оқытушы мамандар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым - қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады.

Slide 14

Бесінші қасиет. Құзыреттілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.

Біз жоғарғы құзыретті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын.

Алтыншы қасиет. Ерлік: Ерлігі мықты бір адам, көп адамға тең.

Ерлік - адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет!

Уинстон Черчиль, британдық премьер - министр

Жетінші қасиет. Қырағылық: шешілмеген жұмбақтарды шеше білу.

Ақылды адамдар естігендерінің жартысына сенеді, ал қырағы адамдар қай жартысына сену керек екенін біледі. Джон Максвелл

Сегізінші қасиет. Жинақтылық: ол айқын болған сайын, сіз айқын қимылдайсыз

Slide 15

Тоғызыншы қасиет. Жомарттық: егер шамыңыздың жарығы қоршаған ортаға да түссе, онда одан ешкім кетпейді

Беру - өмір сүрудің жоғарғы дәрежесі. Келвин Кулидж, америкалық президент

Оныншы қасиет. Жігерлілік: Онсыз бір қадам баса алмас едіңіз

Көшбасшы үшін ең қорқынышты нәрсе - масаттанушылық.

Джон Максвелл

Он бірінші қасиет. Тыңдай білу: адамдардың жүрегіне жол табу үшін, құлақтарыңызды қолданыңыздар

Қарым-қатынас кезіндегі туындайтын қиындықтар тыңдай алмаудан туады.

Он екінші қасиет. Құштарлық: осы өмірді қабылдап және оны сүйіңіздер

Көшбасшы тыңдармандарына құштарлықпен сөйлесе, онда олар тарапынан көшбасшыға да жауапты құштарлық қайтады.

Джон Максвелл

Slide 16

Он үшінші қасиет. Позитивті ұстаным: егер істей аламын деп сенсеңіз, істей аласыз

Табысты адам - өзіне лақтырған кірпіштерден мықты іргетас қалай алатын адам. Дэвид Бринкли, тележурналист

Он төртінші қасиет. Мәселені шешу: сіздің проблемаңыз, проблема болып қала бермеуі керек.

Көшбасшының калибрін ол қолға алатын проблемалары арқылы өлшеуге болады. Көшбасшы әрқашан өзіне сай проблемаларды алады. Д. Максвелл

Он бесінші қасиет. Өзара қатынас: егер сіз адамдармен тату болсаңыз, олар да сізбен тату болады

Жетістіктің жеке алынған, ең маңызды қосылыстарының бірі - адамдармен байланыс орната білу. Теодор Рузвельт

16-шы қасиет. Жауапкершілік: егер сіз допты қақпаға өзіңіз бағыттаммасаңыз, онда команданы басқара алмайсыз.

Көшбасшы жауапкершіліктен басқа барлық нәрседен бас тарта алады. Д. Максвелл

Slide 17

17-ші қасиет. Сенімділік: құзыреттілік сенімісіздіктің орнын толтыра алмайды.

18-ші қасиет. Өзін-өзі ұстай білу: сіздің бастамаңыздағы бірінші адам- ол өзіңіз. Бірінші және ең маңызды жеңіс-өзіңді жеңу. Джон Фостер. әдебиетші.

19-шы қасиет. Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: алға жылжу үшін алдымен басқаларды өткізіңіз.

Өзіңіздің адамдарыныңызды өзіңіздің қазіргі қызметтеріңізден де қатты жақсы көру керексіз. Джон Максвелл.

20-шы қасиет. Үйренуге қабілеттілік: көшбасшы болып қалу үшін оқушы болып қала беру керек.

Кейбіреулер нәтижеге қол жеткізген соң өсудің қажеті жоқ деп есептейді. Өсуін тоқтатқан күні, олар-өзінің және ұйымның әлеуетін жерге көмеді. Бірдей қателікті 2 рет қайталамаңыз.

21-ші қасиет. Болашақты көре білу: нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз.

Өзінің көре білгенін өмірде жүзеге асыруға көмектесетін көшбасшыға тән ерлік қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады. Джон Максвелл.

Slide 18

*

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы Сөйлемді аяқтаңыз: Лидер -. . . . Лидер болу үшін. . . . Лидер, ең алдымен. . . . . Лидерге тән қасиеттер. . . . Лидер болып тумайды, қалыптасады, өйткені. . . Мен лидерге түртіп алу үшін ұсынар едім. . .

Slide 19

*


Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушымен АКТ оқушымен жұмыс АКТ жұмыс
Шұғыла жалпы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Нашар оқушы
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасы
Заманауи оқыту әдістемесі
Сай болуға Педагогикалық этика
Шағын топтар тапсырмасы Алақан әдісі
Жаңа формация мұғалімнің кəсіби маршруты
Көшбасшылық теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz