Блум таксономиясы бойынша сабақта оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру



Блум таксономиясы бойынша сабақта оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.

Блум таксономиясы

Менің қасиеттерім қандай?

Менің қасиеттерім қандай?
Бірінші жолға жазылған қасиет-өзімізге жетіспейтін қасиет
Өзімізде бар қасиет
Басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтындығымызды білдіреді
Біздің неден қашқактайтынымызды білдіреді
Мұндай тестер әзілге негізделетінің ұмытпау керек.

Мақсаты: Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлаудың жолдарын түсіндіру, ой бөлісу.

Күтілетін нәтижелері:
Блум таксономиясы туралы біледі;
Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарлауды үйренеді;
Өз сабақтарында қолдана алады.


Көпмүшелерді түрлендір

Талдау
1. Аян, Айжанның жауабы туралы сен не ойлайсың?
2. Ардақ, Нурланның жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?
3. Естігенің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?



Блум таксономиясын қолдану

Танымдық сала
Мысалы мен түйінді ұғымдары
1
2
Білім: Деректерді не ақпаратты еске түсіру.
Мысалдары: Стратегияны баяндау. Сатып алушыға тауарлардың бағасын жатқа айту. Қауіпсіздік техникасын білу.
Түйінді ұғымдары: анықтайды, сипаттайды, ұқсатады, біледі, қайсыбір категорияға жатқызады, атап шығады, сәйкестігін табады, атын атайды, бейнелеп айтады, есіне түсіреді, таниды, жаңғыртады, іріктейді, тұжырымдайды.
Түсінік: Мағынаны, мәліметті бір өлшем бірлігінен екіншісіне аударуды, интерполяцияны түсіну, нұсқаулар мен проблемалар түсіндірмесін ұғу. Проблеманы өз сөзімен сипаттау.
Мысалдары: Жазбаша бақылау жұмысының ережелерін қайта қарау. Күрделі тапсырманы орындаудың қадамдарын өз сөзімен жеткізу. Теңдеуді компьютердің электронды кестесіне көшіру.
Түйінді ұғымдары: түсінеді, конверттейді, жақтайды, айырып таниды, жуықтап бағалайды, түсіндіреді, кеңейтеді, жинақтап қорытады, мысал келтіреді, қорытынды шығарады, түсіндірмесін береді, парафразалайды, болжайды, қайта қарайды, түйіндейді, аударады.
Қолданыс: Ұғымды жаңа жағдайда пайдалану, я болмаса абстракцияны еш жәрдемсіз қолдану. Сынып бөлмесінде (аудиторияда) үйренгенді
жұмыс орнында отырып бейтаныс жағдайға байланысты қолдану.
Мысалдары: Анықтамалықты пайдалана отырып, қызметкерлердің демалыс уақытын есептеп шығару. Жазбаша тестінің сенімділігін бағалауда статистика заңдарын қолдану.
Түйінді ұғымдары: қолданады, өзгертеді, есептеп шығарады, құрастырады, көрсетеді, сырын ашып
біледі, қолмен шебер жұмыс істейді (манипуляция жасайды), түрлендіреді, әрекет етеді, болжайды, әзірлейді, жасап шығарады, байланысын анықтайды, танытады, шешеді, пайдаланады.

1
2
Анализ: Заттық нәрсенің я идеяның құрылымы түсінікті болу үшін оларды бөлшектеп қарастыру. Фактілерді ой-тұжырымдардан айырып тану.
Мысалдары: Жабдықтың қайсыбір бөлшегіндегі ақауын дедукциялық әдістің көмегімен тауып, жөндеу. Дәлелдеме қисынынан қате ойды көру. Бөлімшеден (мекемеден) келіп түскен мәліметті жинақтап, оның ішінен орындалып бітуі үшін ізденуді қажет ететін тапсырмаларды іріктеу.
Түйінді ұғымдары: талдайды, бөлшектеп қарастырады, салыстырады, қарсы қойып салыстырады, сызбанұсқа
түрінде бейнеледі, бар құрылымды бөлшек-бөлшекке ажыратады (деконструкциялайды), саралайды, ерекшелейді, айырып таниды, ұқсатады, суреттейді, қорытынды шығарады, бейнелеп айтады, байланысын анықтайды, іріктейді, ұсақтап бөледі.
Синтез: Құрылымды я үлгіні алуан түрлі элементтерден жасау. Құрамдас бөлшектерді біріктіріп, жаңа мағынаны, я болмаса құрылымды шығаруға баса назар аудару.
Мысалдары: Компания операциялары немесе технологиялық процесі жайлы нұсқаулық жазу. Ерекше бір тапсырманы орындау мақсатында мәшине жобасын (механизмді) жасап шығару. Проблема шешу үшін бірнеше дереккөзден алынған оқу материалын кіріктіре пайдалану. Алынған нәтижені жақсарту үшін, оны өңдеп түзету.
Түйінді ұғымдары: категорияларға бөледі, қиыстырады, компиляциялайды, тұтастырады, жасайды, ойлап табады, жобалайды, түсіндіреді, қозғау салады, түрлендіреді, ұйымдастырады, жоспарлайды, қайта топтастырады, қайта құрады, байланысын анықтайды, қайта ұйымдастырады, түзетеді, қайта қарайды, түйіндейді, сөйлеседі, жазады.
Баға: Идеялардың не заттық нәрселердің құндылығы жайлы пікір қалыптастыру.
Мысалдары: Ең тиімді деген шешімді таңдау. Ең білікті деген кандидатты жалдау. Жаңа бюджетті түсіндіріп негіздеу.
Түйінді ұғымдары: есептейді, салыстырады, шешім қабылдайды, қарсы қойып салыстырады,
сынайды, сыни талдау жасайды, жақтайды, сипаттайды, ерекшелейді, бағалайды, түсіндіреді, түсіндірмесін береді, негіздейді, байланысын анықтайды, түйіндейді, қолдайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz