Буыннан шығып кеткен төменгі жақты орнықтыру


Slide 1

Буыннан шығып кеткен төменгі жақты орнықтыру

Орындаған: Ғылымбек Ж. Б Мт-201 Тексерген: Искакова А. М

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім - буын шығуы жіктелуі - жиілігі - себептері ІІІ. Жақтың шығуы - жіктелуі - жиілігі - клиникасы - емі

IV. Қорытынды V. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Буын шығуы - деп сүйек эпифиздерінің өз орнынан толық тайып кетуін айтамыз. Кейде буынның жартылай шығуын да (подвывих) байқауға болады. Буынның орнынан толық шығуы, - деп екі сүйектің буын басының орнынан шығуын айтады. Омыртқа сүйегінде жоғарғы омыртқаның орнынан

таюын шығу - деп атайды.

Slide 4

Даму себептері бойынша шығу

Туа біткен

Жүре қалыптасқан

жарақаттан соң дамыған шығу; уақытымен - 3 күнге дейін, кешеуілдегенде - 3 аптаға дейін, кешіккенде -3 аптадан жоғары немесе әдетке айналған шығу қалыптасады

патологиялық үрдістерден кейін дамитын шығу

Slide 5

Жарақаттан соң кездесу жиілігі

- иық шығуы - 40-50% - шынтақ шығуы - 8, 5-27, 2% - ұршық шығуы - 8-9% - саусақ шығуы - 7-8% - бақайлар шығуы - 5-6%

Slide 6

Себептері

Буындарды өте көп бүгу және жазу;

Құлау;

Патологиялық процесстер: - спецификалық аурулар; - онкологиялық аурулар

Slide 7

Анатомиялық тұрғыдан буынның көлемінің маңызы зор. Мысалы, жауырынның буын беткейі иық буынымен салыстырғанды кіші және де олардың құрылысы да өзгеше. Жамбас - ұршық буын - шар тәріздес болып келіп, өз орнында тереңде жатыр, жан-жағынан мықты бұлшық етпен, байланыстырушы сіңірлерімен қоршалған.

Сонымен қатар, буын байланыстырушы сіңірлердің мықтылығы да шығуда маңызды орын атқарады. Сондықтан, мысалы: ұршық буын, иық буынына қарағанда сирек шығады. Тағы да, буындағы қозғалыс көлемінің шекті шамасы мен шығарушы күштің арасында маңызды қатынас бар. Неғұрлым шығарушы күш үлкен болып, буындағы қалыпты қозғалыс көлемі аз болса - буын шығуы жиі кездеседі. Негізінен буын тайғанда буын қабы жыртылып, байланыстыру сіңірлері мен қан тамырлары жарақаттанады. Сондықтан буын айналасының қанталауы мен буын қуысына қан жыйналу (гемартроз) жиірек кездеседі. Буын шыққанда бұлшық еттердің бекіну жерлері ауысып, аяқ қолдың не ұзаруы, не қысқаруы байқалады. Бұлшық еттің жиырылуы буынды қисық қалыпта көрсетіп, қозғалуын тежейді. Сондықтан, шыққан сүйекті неғұрлым ертерек орнына түсіру қажет, ол үшін еттің босаңсуын жақсы қалыптастыру керек.

Slide 8

Клиникасы

Өзіне тән клиникалық белгілері болғандықтан диагноз қою қиын емес: - Зақымдалған буын аймағында ауыру сезімі күшейеді; - Буын аймағының пішіні өзгеріп, еріксіз қимылсыз қалыпта болады; - Аяқ-қолдың шығуына байланысты оның ұзындығы сау жақпен салыстырып қарағанда өзгеше келеді; - Шыққан жерден төмендеу терінің өзгерілуін және тамыр соғуын анықтау керек. Өйткені, кей шығуларда қан, жүйке тамырлары қысылып, зақымдалуы мүмкін; - Міндетті түрде рентгендік зерттеу әдісін қолдану керек. Онымен біз буын беткейлерінің қалай тұрғанын көріп, қосымша сүйек сынығы жоқ па екенін анықтаймыз.

Slide 9

Емдеу

- шыққан буынды орнына түсіріп, буында жыртылған тіндердің біту уақытына дейін қозғалыссыз қалыпта құрсаулап, таңып немесе гипспен бекітеміз. Ол үшін көбінесе гипспен таңуды 10-15 күнге қолданамыз, сонан соң қимыл -қозғалыспен емдеу басталады.

Шыққан буынды орнына түсіру жедел операция түріне жатады. Уақытында шыққан буынды түсіру жеңіл, бірақ күн өткен сайын буынды орнына түсіру ауырлай түседі. Буынды орнына түсірерде бұлшық еттің жиырылуын, ауыруын азайту үшін жақсы сезімсіздендіру қажет. Кейбір жағдайда жалпы, өткізгіштік, жергілікті жансыздандыру түрлері қолданылады. Қазіргі уақытта наркозбен қоса кураре тәріздес заттар қолданылады. Шыққан буынды түсіруде өте күшті күш қолдануға тиым салынған. Жансыздандырусыз буынды түсіруге болмайды, өйткені бұлшық еттің толық босаңсуы болмай, тіндерге қосымша жарақат жасалады. Кейін мүндай жағдайдың арты бұлшық еттің үзілуіне, буын ішінде беріштелуге, әдетке айналған шығуға соқтырады. Шыққан буын орнына түскенде өзіне тән «сылқ еткен» дыбыс шығады, бірақ кейінде өте баяу орнына түсіргенде бұл дыбыс шықпауы мүмкін. Буын орнына түскен соң, оны құрсаулап, таңып, бекіту керек. Буын қабы жазылған соң, 10-14 күннен кейін қозғалыспен емдеу басталады. Ол үшін буынды қалыпты қозғалтып, бұлшық еттеріне жандандыру, ЕФЖ (ЛФК), физиотерапия қолданылады. Кейбір жағдайларда буын ішіне буын қабының қысылып қалуына байланысты орнына түсіру мүмкін болмайды. Оны орнына түспейтін шығу, - дейміз. Бұл жағдайда емдеу тек операция арқылы шешіледі.

Slide 10

Кешіккен буын шығуы - оларға үш аптадан жоғары уақыт өткен шығулар жатады, оларға да операциялық ем қолданылады. Буын қабын ашып, буын беткейін ашық түрде орнына түсіреді, әрі қарай буын қабын құрастырып (артропластика), байланыс сіңірлерін қалпына келтіреді. Егер буынды қалыпқа келтіру мүмкін болмаса, еріксіз артродез операциясын жасайды. Артродез - буынды жою операциясы, буын құрастыратын сүйек беткейлерін қимылсыз қалыпта бір - біріне бітістіріп, жапсыру, бекіту жүргізіледі.

Әдетке айналған буын шығуы - көбіне алғашқы шығуды дұрыс салмаудан, жеткілікті жансыздандырмаудан, дұрыс бекітпеуден, байлап құрсаулаудың дұрыс болмауынан қалыптасады. Әлсіз қимылдан буын шығуы қайталана береді. Жиірек иық буынында анатомиялық құрылысына байланысты әдетке айналған шығу байқалады. Төсекте қозғалу кезінде, киіну, оқыс қимылдау кездерінде де әдетке айналған шығу пайда болады. Емдеу жолы - тек операциямен жүргізіледі.

Slide 11 Slide 12

Төменгі жақтың шығуы жіктелуі

Slide 13

Төменгі жақтың шығуы

Төменгі жақ екі жағынан шығып кеткен кезде ауызды жабу мүмкіншілігі болмауынан науқас шағымдарын дәрігерге жеткізе алмайды. Тек ымдау, бет қимылдары арқылы ауыру сезімі бар екенін, көп мөлшерде сілекейдің ағуын түсіндіреді. Қарап тексергенде бет конфигурациясы оның төменгі бөлігінің үзаруынан және иектің алға жылжуынан өзгерген. Тіл құрғақ, бірақ ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп тұрады. Меншікті шайнау еттері кернелген. Құлақалды аймағындағы тіндер ішке енген, ал бет доғасы астында (екі жақта бірдей) саусақпен басып тексергенде буынды өсіндінің буын басы анықталады.

Slide 14

Сыртқы құлақ жолында буын басының қозғалыстары анықталмайды. Ауыз қуысы ішінен сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің тәжді өсіндісінің алға жылжығанын айқын анықтауға болады. Тістесуі ашық, тек үлкен азу тістер ғана түйіскен. Бүйір проекцияда жасалған рентгенограммада төменгі жақ сүйегінің буын басының, буын төмпешігінің алдыңғы бүйіріне орналасқаны анықталады. Буын шүңқыршасы бос.

Екіжақты буынның шығуын жақтың буынды өсінділерінің сынықтарынан ажырата білу қажет. Сынықтар кезінде иек артқа қарай жылжыған, құлақалды аймағында тіндердің ішке енуі сирек кездеседі. Рентген суретте сүйек бүтіндігінің бүзылысын, сынық сызығын анықтауға болады.

Slide 15

Төменгі жақтың біржақты шығуы кезіндегі науқастар шағымының жоғарыда айтылған шағымдардан көп айырмашылығы жоқ. Иектің алға және сау жағына жылжуынан бет әлпеті өзгерген. Қалған белгілер жоғарыда берілгендей, тек бір бетінен анықталады. Тістер бір-бірімен түйіспеген, орталық сызық сау жағына жылжыған. Төменгі жақтың бір жағынан шығуын, буындьі өсіндінің бір жағынан сынуынан ажырату керек. Бул кезде орталық сызықтың сынық жағына жылжуы анықталады. Сыртқы есту жолында саусақпен баса отырып буын басының буын шұңқыршасындағы қозғалыстарын анықтауға болады. Сынық орналасқан жағындағы тістер тығыз түйіскен.

Slide 16

Төменгі жақтың артқа шығуы өте сирек кездеседі, иекке бағытталған соққының әсерінен пайда болады. Буынды өсіндінің басы артқа қарай жылжиды, бұл буын қапшығының зақымдануымен және есту жолының сүйек қабырғаларының сынуымен жүруі мүмкін, осының әсерінен кейде құлақтан қан ағуы байқалады.

Төменгі жақтың үйреншікті шығулары. Үйреншікті шығу ол жалпақ буын басы немесе буын төмпешігінің жалпақ болуынан, буын байламдарының әлсіздігінен, тістесулердің әртүрлі аномалиялары мен жақ сүйектерінің ақаулары кезінде пайда болуы мүмкін. Осы жағдайларда есінеу, жақ сүйекке аз күш түсіру, жөтелу немесе түшкіру кезінде шығулар пайда болу мүмкін. Дәрігердің көмегінсіз өзінен-өзі орнына тусуі тән.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары
Жүректі тыңдау
Төменгі жақ сүйегі патологиясының МРТ диагностикасы
Сүйектердің шығуы
Жылу көздері
Бейінді оқытуда таңдау курстары арқылы оқушылардың таным белсенділіктерін арттыруды ұйымдастыру жолдары
Бас көкіректің аяқ - қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары
Тиегіштер түрлері
ТУРИЗМНІҢ ОҢ ЖӘНЕ ТЕРІС ЖАҚТАРЫ
Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz