Болат, шойын және түсті металл қорытпаларынан құйма жасау технологиясы


Slide 1

Болат, шойын, түсті металл қортпасынан құйма жасау

Орындаған: Кашкинбай С.

Ғылымбек Ж.

Асылхан Д.

Топ: Мт-301

Тексерген: Шошай Ж.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Ақ шойын

Қорытылған болат

Уран қорытпасынан құйма жасау

Жез қорытпасынан құйма жасау

Қола қорытпасынан құйма жасау

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Жалпы құю әдісі арқылы көптеген күрделі бұйымдарды жасап шығаруға болады. Ал осы құю өндірісінде ең көп қолданылатын металл ол шойын болып табылады, сонымен қатар бұл өндіріс саласында болаттың және басқа да түсті металдардың қорытпасынан да құйма бөлшектер алуға болады.

Slide 4

Ақ шойын

Ақ шойын ұсатқыш жабдықтардың бөлшектерін (шарлы диірмендердің қалқан сауытын, үгіткіш шарларды) шлам сораптарының бөлшектерін және т. б. Жасауда кеңінен қолданылады. Қоспаланбаған ақ шойын аса морт сынғыш келеді де үйреншікті жағдайда жонып өңдеуге көнбейді. Жалпы илемдеу біліктерінің, кранның беткі қабаттарын жасауға ақ шойынды қолданады. Оның себебі сыртқы қабат каррозияға бейім болғандықтан, ақ шойын оларды тозудан сақтайды. Аса қатаң жұмыс жағдайында үйкеліске қарсы тұрақтылықты көтеру мақсатымен қоспаланған ақ шойындарды пайдаланады.

Slide 5

Қорытылған болат

Қорытылған болатты құйып, сапалы құйма алу - болат өндірудің маңызды бір кезеңі. Қорытылған болатты құюдың бір түрі болатты жоғарыдан құю.

Болатты жоғарыдан құюдың артықшылықтары:

құю жабдықтарын дайындаудың қарапайымдылығы және арзандығы;

құймақалыпты дайындау бөлімшесі жұмысының өнімділігі.

Кемшіліктері:

құйылма сырты сапасының төмендігі.

бір мезгілде құйылатын құйылма санының шектеулігі.

Slide 6

1 сурет- Болатты жоғарыдан құю сұлбасы

Жоғарыдан құюда сұйық болат құймақалыпқа (1) шөміштен (2) (1, а сурет) немесе аралық қондырғыдан (аралық шөміш, воронка) (3) ағызылады (1, б сурет) .

Slide 7

Уран өндірісі

Уран - өте ауыр, ақ - күміс түстес жылтыр металл. Таза күйінде болаттан кішкене жұмсақтау, созымды, майысқақ, азғана парамагнитті қасиеттерге ие. Оны негізгі ядролық жанармай және реакторлардағы сол ядролық жарықмай алу үшін негізгі материал ретінде пайдаланады

Slide 8

Уран және оның құймаларын балқыту үшін келесі әдістер қолданылады:

Флюс астында балқыту;

Индукционды-вакуумды балқыту;

Вакуумды немесе инертті атмосферада балқитын немесе балқымайтын электроды бар доғалы балқыту;

Электроды сәуллік балқыту.

Уранды құймақалыпқа құю процесі кезінде температура 700˚С-тан жоғары болуы қажет (мұндай температурада су толығымен жойылады), құймақалыптың жоғарғы бөлігінде температура 100-400˚С болуы керек. Легирленбеген уранның құю температура интервалы 1320-1340˚С.

Жұқа икемдеу үшін кейін пластиналарға кесілетін жұқа дискілер түріндегі қалыпқұйманы қолдануға болады.

Уранды легирлеу және құю

Slide 9

Жезден құйма алу

Жезден құйма алудың артықшылықтарының бірі оның ликвацияға бейімділігінің төмен болуы және бұл құю өндірісінде өте маңызды болып саналады.

Slide 10

Жез

Жалпы, жез мыс пен мырыштың қорытпасы болып табылады, сонымен қатар оның құрамында темір, қорғасын, марганец, никель сияқты элементтер кездеседі, бірақ бұл қорытпада мырыш маңызды рөл атқарады.

Slide 11

Балқытылған жезді қалыпқа құю

Slide 12

Қола қорытпасынан құйма жасау

Жалпы алғанда қоладан ерекше сәндік талғамға ие өнімдерді жасауға болады. Тарихшылардың пікірінше қола қорытпасынан құйма жасау бұдан 12 мың жыл бұрын басталған екен. Алғашқыда бұл металл көмегімен қола әшекейлер мен қарапайым еңбек құралдары жасалыпты. Уақыт өте келе, бұл технология жетіліп, және бүгінгі күні бұл қорытпадан көптеген ерекше өнімдер жасалу үстінде.

Slide 13

Қола қорытпасынан құйма жасау

Қоладан жасалған құйма сапалы болу үшін белгілі бір әрекеттердің ретімен орындалуын қадағалау керек. Ең алдымен, жоспарланып отырған өнімнің нобайын, яғни сызбасын көрсету керек, Бұл сызба құйманың үлгісін дәлме дәл жасауға негіз болып табылады. Одан кейін үлгіні әртүрлі материалдардан атап айтқанда ағаштан, балауыздан және гипстан жасауға болады.

Slide 14

Қола қорытпасынан құйма жасау

Болашақ бұйымның нақты үлгісін жасағаннан кейінгі келесі кезең - бұл қалып жасау. Ал қалып жасау үшін қолданылатын негізгі материалдар балшық, мұқият тазартылған кварц құмы, және т. б. қоспалар болып табылады.

Slide 15

Қола қорытпасынан құйма жасау

Қоланы индукциялы, доғалы және басқа да металл балқытатын пештерде балқытады сонымен қатар үй жағдайында да балқытуға болады. Ол үшін отқа төзімді кірпіш пен қарапайым газ қыздырғышын қолданады.

Slide 16

Қола қорытпасынан құйма жасау

Қоладан құюдың ең маңызды кезеңі балқытылған металды қалыпқа құю. Бұл процесс тек 1-2 минутқа созылғанына қарамастан, оның дұрыс орындалуы өнімнің сапасына тікелей әсер етеді, ал дұрыс құйылмаған металл әр түрлі ақауларға алып келуі мүмкін.

Құю кезіндегі қателіктен пайда болған әр түрлі ақаулар

Slide 17

Қорытынды

Осы заманғы құю технологиясының даму дәрежесі ең жоғары талаптарға сай аса жауапты деген бұйымдарды жасап шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар оның арнаулы және ерекше әдістері де даму үстінде. Қорыта келгенде, қазіргі уақытта құю өндірісінің машина жасау саласындағы алатын орны мен маңызы өте зор!


Ұқсас жұмыстар
Металл өндірісі мен силикат материалдарының негіздері: металлургия, шойын және болат өндіру
Құйма үлгісін жасау: материалдар, түрлері және технологиялық негіздері
Металдардың жемірілуі және коррозиядан қорғау: шойын мен болат өндірісінің түрлері мен технологиялары
Шойын мен болаттың құрамы, түрлері және өндіріс технологиясы
Шойын және металл емес газ құбырлары: материалдық қасиеттері мен қолданылуы
Қазақстанның металлургиялық және машина жасау кешендері: түсті және қара металлургияның дамуы, шикізат қоры мен индустриялық мәселелері
Жапсыру сабағы: түсті қағаздан үлпілдек балапан жасау
Қара және түсті металдардың халық шаруашылығындағы қолданылуы мен экономикалық маңызы
Металдардың құрылымы, физикалық және механикалық қасиеттері: болат пен шойынға шолу
Құбырлы өзектерді орау әдісімен жасау технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz