Көкөністердің жыныстық жолмен көбеюі




Презентация қосу
Көкөністердің жыныстық
жолмен көбеюі
Асылбекұлы Шыңғыс
Көкөністер
Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен
көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық
көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді:
тамыржемістілер — тарна, асханалық қызылша, сәбіз, 
ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, 
балдыркөк түйнегі; жапырақтылар — қырыққабат, 
салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты
балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық;
жемістілер — томаттар, баялдылар, тәтті бұрыш, ащы
бұрыш, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, кәді, самсарлар,
гүлді капуста, бұршақ, лобия, атбас бұршақ, 
қант жүгерісі; баданалылар (тамаққа басы мен
жапырағы пайдаланылады)— шалқан пияз, сарымсақ, 
порей, батун пияздары, шнитт пиязы.
Көкөністер
 Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, 
тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер — бағалы
тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың,
ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас
қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті
витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі
органикалық қышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп — 
крахмалға, ал асханалық қызылша — қантқа бай; капустада С
витамині, ал сәбізде — организмде Д витамині құрылатын — каротин
 (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк
бұршақ белоктарға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да
тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей
де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану
керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған
тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге
жәрдемдеседі. Көкөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де
зор (емдік тағамдар). 
Көкөністер
  Көбею туралы жалпы түсінік.
 Барлық тірі организмдер сияқты
өсімдіктерге де қоректену, тыныс алу,
қимыл, тітіркену, өсу, даму және көбею
сияқты қасиеттер тән. Бұл қасиеттер бір-
бірімен өте тығыз байланысты. Осының
ішінде көбею өзінің биологиялық мәні
тұрғысынан басқа қасиеттерден ерекше.
Өйткені көбею кезінде негізінен аналық
особьке ұқсас жаңа организмдер пайда
болады.
Көбею
Көбею — тірі организмнің жеке санының
артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып,
түрдің сақталып, табиғатта таралуын
қамтамасыз ету қасиеті. Көбею барысында
өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь
сандарының артып, өз ортасында кең
таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл
прогрессивті түрлерге тән. Ал
кейбіреулерінде особь саны тұрақты,
олардың таралу кеңістігі, ареалы көлемін
ұлғайтпайды не кемітпейді.
Генеративті көбею
Өсімдіктердің келесі бір түрлерін особь сандары,
соған сәйкес олардың таралу кеңістігі үнемі кеміп
отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Бұлар табиғи
түрінде жойылып кетеді.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты
көбею, жыныссыз көбею және вегетативтік көбею.
Жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі
жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болады.
Жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс
тұрғысынан жіктеле қоймаған бір жасушаның өзінен
жетіледі. Вегетативтік көбеюде жаңа организмге
бастаманы вегетативтік мүшелер, олардың бөліктері
және түр өзгерістері (метаморфоз) береді.

Ұқсас жұмыстар
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
Эукариотты клетканың құрылымы
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер
Тірі ағзалардың көбеюі
Саңырауқұлақтар әлемі
Фитофтораның өмірлік циклы
Жыныстық көбею
Бактериялардың өсу фазалары
Зигомицеттердің филогенезі
Пәндер