Әлеуметтанудың пайда болуының алғашқы кезеңі-Xix ғасырдың 40- жылдары
Презентация қосу
Қандай да бір ғылым белгілі бір объективтік
қажеттілікте, өмір сұранысына байланысты
пайда болады. Өмір, тәжірибе қажеттілігі,
сұранысы болмаса, ғылым пайда болмаған болар
еді. Осыған орай әрбір ғылымның, тіпті
теорияның өзіне тән шығу, пайда болу тарихы
бар. Сондықтан әрбір ғылымның шығу, пайда
болу тарихын білу қажет, өйткені бұларды
білмейінше біздің нақтылы ғылым туралы
біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болады.
Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары,
шығу себептері қандай, оның ғылым болып
қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?
Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес. Өйткені
әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға
ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз
антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан
бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары
Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері
мен Аристотельдің “Саясат”, т.б. еңбектерінен
кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде
Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір
тұжырымдалған.
Әлеуметтану қалай пайда болды, қай уақытта, оның
өмірге келуіне қандай алғышарттар себеп болды, т.с.с.
сұрақтарға ғылыми дұрыс жауап беру үшін біз
ғылымдардың шығуы мен дамуы зертейтін
“Науковедение” атты кітаптың деректеріне сүйенеміз.
Бұл ғылымның ұйғарымы бойынша, әлеуметтану ХІХ
ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз
оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік
философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда
болған. О.Конт бұл 6 томдық еңбегінің 3-ші томында
“Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып,
қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі -
әлеуметтану ғылымының пайда болуының және
қалыптасуының басты себебі болды.
Француздың белгілі
әлеуметтанушысы, философы,
әлеуметтанудың өз алдына
дербес ғылым ретінде негізін
салушы, ғылымды дерексіз
философия мен теологиядан
құтқаруға бағытталған
әлеуметтану мен философияда
позитивизмнің іргесін
қалаушы.
Еңбектері: “Жағымды
философиялық курсы”,
“Жағымды саясаттың жүйесі”.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық
құбылыстарды баяндай сипатында болды. Бұл кезеңде
әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды
зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік
тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ
осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші
болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер
қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы
саласы қалыптаса бастады
Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60
жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде
әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік
аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану
эксперименталды (практикалық) ғылымға
айналды. Оның әр түрлі ақпарат құралдары
қалыптасып, математикалық аппаратты
кеңінен қолдана бастады.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл
кезеңде әлеуметтану өткен кездегі
әлеуметтанудың теорияларын, алуан түрлі ой-
тұжырымдарын өміре қолдана бастады.
Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті
және президенттерді сайлаулардың қарсаңында
нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп,
саяси серіктестердің сайлауын қамтамасыз
етіп отырды.
Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде
жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде
әлеуметтану ғылымында алуан түрлі
тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда
болды
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz