Агробизнеске түсінік




Презентация қосу
Презентация

«Агробизнеске түсінік»

Орындағандар: Мамирова М.,
Жаныс Б.,
Қайрат А.
Қабылдаған: Есентуреева Г.
Агробизнес
Агробизнес -ірі ауқымды іскерлік кәсіпорын ретіндегі жер өңдеу;
ауыл шаруашылығына арналған өндірістік мақсаттағы
тауарларды өндіру, (мысалы, фермерлік машиналар,
тыңайтқыштар), сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімді - азық-
түлік, шикізатты сатуды қоса алғанда жер өңдеуге тығыз
байланысты немесе оған тәуелді экономикалық іс-әрекет.
Агроөнеркәсіптік кешен
Агроөнеркәсіптік кешен немесе қысқаша
АӨК, ауыл шаруашылығының дамуымен
байланысты, оның өндірісіне қызмет ету
мен ауыл шаруашылық өнімін тұтынушыға
жеткізу сияқты халық шаруашылығының
салалар жиынтығы болып табылады.
«Агроөнеркәсіптік кешен» термині
айналымға 70-жылдар ортасында енді, бұл
кезде ол біртұтас болып қалыптасты.
Агроөнеркәсіп кешенінің қалыптасуына
тарихи тұрғыда ғылыми-техникалық
революция әсер етті. Онда ауыл
шаруашылығына жетістіктердің енуімен
қатар, ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіптің арасындағы байланыс
беріктеді.
Батыс дәстүрі бойынша ауыл
шаруашылығымен байланысты салаларды
агробизнес деп атайды.
Агробизнес термині
Агробизнес терминін 60 жылдары
американдық экономист Р. Голдбергн
енгізді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің соңғы өнімін
жасауда өндірістің әртүрлі сатыларында
халық шаруашылығының 70-тен аса
саласы тура әрі жанама түрде қатысады.
Агроөнеркәсіптік кешенінің құрамына тек
өндіріс процесінде, әрі соңғы өнімді
тұтынушыға жеткізуге қатысатын
технологиялық және экономикалық
жағынан өзара байланысты салалар кіреді.
Азық-түлік өнімдерін өндіруге және
азықтық емес тұтыну заттарын жасауға
қатысатын салалар сәйкестігі
агроөнеркәсіптік кешенінің салалық
құрылымын құрайды.
Агробизнес дамуы
Агробизнес дамуының негізгі әлеуметтік- экономикалық
мақсаттары:
1. ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу;
2. елдің азық-түлік мәселелерін шешу мен азық-түлік
өнімдерін тұтыну деңгейін ғылыми негізделген нормаларға
таяу;
3. халықтың ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалған
азықтық емес тауарларына деген сұранысын
қанағаттандыру;
4. аграрлық өнеркәсіпті интенсивті формаға көшіру, соңғы
өнім өндірісінің қарқынды өсуін қамтамасыз ету;
5. ресурстарды әлуетті пайдалануды жақсарту және осы
негізде өндіріс тиімділігін жоғарылату;
6. бірте-бірте азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарушы
елге айналдыру мақсатында сыртқы сауда айналымының
құрылымын өзгерту;
Агробизнес салалары
Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі үш саласы бар:
Бірінші сала агроөнеркәсіптік кешенді өндіріс құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін,
сонымен қатар ауыл шаруашылығына өндірістік-техникалық қызмет көрсететін салалардан
тұрады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің екінші саласына ауыл шаруашылық өнімді өндірумен
айналысатын кәсіпорын мен ұйымдар кіреді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің үшінші саласына ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу,
дайындау және оны тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз ететін салалар және кәсіпорындар
кіреді.
Агробизнестің бірінші саласы
Агробизнестің бірінші саласы мынадай
салаларды қамтиды:
1. Трактор және ауылшаруашылығы
машиналарын жасау, жеңіл және құрама
жем шығаратын, мал шаруашылығы
мен жем-шөп өндірісіне қажетті
машиналар жасайтын өнеркәсіптер;
2. Ауыл шаруашылығындағы
жабдықтардың барлық түрлерін
жөндейтін өнеркәсіп кәсіпорындары;
3. Минералды тыңайтқыштар мен
өсімдікті қорғау үшін химиялық заттар
өндіретін өнеркәсіптер;
4. Құрама жем дайындайтын және
микробиологиялық өнеркәсіптер;
5. Мелиоративтік және жол
құрылысын қоса есептегендегі ауыл
шаруашылығының күрделі құрылысы.
Агробизнестің екінші саласы

Агробизнестің екінші саласы тікелей ауыл
шаруашылығы салалары:
1. Өсімдік шаруашылығы, оған көкөніс
шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы,
астық өндірісі, мақта шаруашылығы,
зығыр шаруашылығы және т.б. жатады.
2. Мал шаруашылығы, оған ірі қара мал
шаруашылығы, шошқа шаруашылығы,
қой шаруашылығы, құс шаруашылығы
жатады. Сонымен қатар мал
шаруашылығы салалары өнім өндіру
сипаты бойынша: етті-жүнді қой
шаруашылығы, сүт бағытындағы ірі қара
мал шаруашылығы, ет бағытындағы ірі
қара мал шаруашылығы және т.б.
Ауыл шаруашылығы машина
жасауды дамытудың басымдылық
бағыттары:
1. тракторлар, егін жинайтын комбайндар және азық жинайтын
комбайндар шығаруды ТМД елдерінің машина жасау
кәсіпорындарымен тығыз байланыста дамыту;
2. дақылдарын өсіру мен жинауға арналған топырақты қорғау
машиналары кешенін дайындау және ұйымдастыру;
3. ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуге арналған
жоғары технологиялы машиналар, құрал-жабдықтар және қосалқы
бөлшектер өндірісін жасау және ұйымдастыру.
Назар аударғандырыңыз үшін
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында агробизнес және кәсіпкерлік қызметтің субъектілерінің жіктелуі
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Ежелгі түркілердің көне діні
Жердің ядросы туралы түсінік
Атомның құрамы мен құрылысы
Топырақтану ғылымының маңызы
Сәулет өнері туралы түсінік
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Халық ауыз әдебиеті
ҮЙРЕНУ МЕН ҮЙРЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер