Агрономиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану


Slide 1

Презентация «Агрономиялық зерттеуде радиоактивті изотоптарды қолдану»

Slide 2

Агрономиялық зерттеулер

Агрономиялық зерттеу жұмыстарында барлық тәжірибелер түрлерінің өзі екі түр өзгешелігінен - егістік - лабораториялық және егістік болып бөлінеді. Егістік - лабораториялық нақты өндірісте немесе шаруашылықта болмағанмен аймақтын топырақ -климат жағдайларына сәйкес жүргізіледі. Сондықтан егістік - лабораториялық тәжірибе арқылы тыңайтқыштың тек қана дақылдардың қосымша өнімділігі мен сапасын арттыруын анықтауға мүмкіндік береді. Егістік тәжірибе мүмкіндігінше шаруашылық жағдайына жақындата, реті келсе сәйкестіре жүргізіледі. Мұндай тәжірибелердің нәтижелерінің тиімділігі экономикалық жағынан да бағаланады. Егістік - лабораториялық тәжірибелер көбінесе тыңайтқыштардың жаңа түрлерін зерттеуде қолданылады. Егістік тәжірибе алдында анағұрлым көлемді мақсат қойылады. Яғни оның зерттейтіні агротехникалық жүйелердің жеке элементтері емес. Мұнда агротехникалық жүйелердің және сол шаруашылықтың агрономиялық, әрі экономикалық тиімділігін бағалайды. Егістік тәжірибелер мынадай басты талаптарға жауап берулері керек: 1. Тәжірибенің типтестілігі; 2. Салыстыра бөлумен жалғыз ғана өзгешелігін сақтау; 3. Тәжірибені арнайы учаскеде жүргізу; 4. Дақыл өнімін есепке алу және тәжірибе мәнінің дәлдігі;

Slide 3

Өсімдік қоректенуіндегі азот, фосфор, калий изотоптары

Алматы обылысының шелек ауданының жерінде азот мөлшері өте төмен, жылжымалы фосформен орташа қамтамасыз етілген, ал алмаспалы калий мөлшері өте жоғары боз топыраққа гектарына N140-160 Р70-100 бергенде, 15-18 центінер құрғақ жапырақ жиналған. Республиканың ғылыми мекемелері мен озат шаруашылықтарының тәжірибелері топырақ пен алғы дақыл ерекшеліктерін ескере отырып, темекі егісінің гектарына 60-120 кг азот, 60-90 кг фосфор, 30-60 кг калий қолдану жоғары сапалы мол өнім алуға болатынын көрсетуде. Гектарына 20-30 тонна көң өндіру де жақсы нәтиже береді. Мұнда көң мен фосфор, калий тыңайтқыштарының жылдық мөлшерін түгелдей сүдігер жыртар алдында, азоттың жылдық мөлшерінің 30-50 % күзде немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтарға тұқымды себер алдында культивациялауда, қалған мөлшерін үстеп қоректендіруде беру керек.

Темекі егісіне амоний сульфаты, амоний силитрасы, қос суперфосфат, аммофос, калий сульфаты, халиймагенезия сияқты минералдық тыңайтқыштарды қолданған дұрыс.

Slide 4

Изотоптық әдісті қолдану

Топырақ құрамындағы өсімдік өзіне тікелей сіңіретін калий мөлшерін оның сиымдылық факторы дейді.

Топырақ ерітіндісіндегі калий ионының тең салмақтылық белсенділігін

каркындылық факторы деп атайды.

Аталған көрсеткіштерді изотоптық әдісті қолдану арқылы анықтауға болады.

Микроэлементтердің өсімдікке әсерін білу үшін топырақтың жыртылатын қабатындағы олардың жылжымалы түрінің мөлшерін анықтаудың маңызы зор. Топырақтар механикалық құрамы мен қасиеттері жағынан әртүрлі болғандықтан микроэлементтердің жылжымалы түрінің мөлшері өзгеріп отырады.

Бордың жылжымалы түрін топырақтан ыстық сумен, молибденді қымызды қышқыл аммонийдің буферлік ерітіндісімен (рН 3, 3), мырышты 1н сірке қышқыл аммоний (рН 9) ерітіндісімен, марганецті 1н күкірт қышқылымен, мысты 1н тұз қышқылымен, кобальтті 1н азот қышқылының ерітіндісімен ығыстырады.

Slide 5

Егістік тәжірибелерді вегетациялық тәжірибелер лизиметрлік тәжірибелер

Егістік тәжірибе жүргізілетін орнына, мақсатына, зертелетін факторлардың санына, ұзақтығына, обьектілердің қамтылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

Жүргізілетін орны мен мақсатына сәйкес, егістік тәжірибені тұрақты және өндірістік деп ажыратылады. Тұрақты тәжірибе ғылыми мекемелер мен оқу орындарының кафедаралары арнайы бекітілген алқаптарда жүргізіледі. Мұндай тәжірибенің мақсаты - түрілі сыртқы орта жағдайларының, өсімдік тіршілік факторларының, тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім деңгейі мен оның сапасына әсерін салыстырмалы түрде зерттеу. Әдетте егістік тәжірибелер қорытындысы белгілі бір топырақ - климат аймақтарына орналасады.

Егістік тәжірибені зерттелетін тәсілдің санына қарай бір факторлы (қарапайым) және көп факторлы (комплексті) болып бөледі.

Бір факторлы тәжірибемен жалғыз ғана тәсілдің әсерін зерттейді. Мысалы, тыңайтқыштардың түрінің, мөлшерінің, мерзімінің нақты ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына әсері.

Slide 6

Егістік тәжірибе мүмкүндігінше шаруашылық жағдайына жақындата, реті келсе сәикестіре жүргізіледі. Мұндай тәжірибелердің нәтижелерінің тиімділігі әкономикалық жағынан да бағаланады.

Егістік лабораториялық тәжірибелер көбінесе тыңайтқыштардың жаңа түрлерін зерттеуде қолданылады.

Егістік тәжірибе алдында анағұрлым көлемді мақсат қойылады. Яғни оның зерттейтіні агротехникалық жүйелердің жеке элементері емес. Мұнда агротехникалық жүйелердің және сол шаруашылықтың агрономиялық, әрі экономикалық тиімділігін бағалайды.


Ұқсас жұмыстар
Радионуклидтердің қолданылуы мен өндіру
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ РАДИОАКТИВТІ ИЗОТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН
МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АЛУ
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері
Қоршаған табиғи ортаны өндіріс және тұрмыс қалдықтарынан қорғау
Атом - күрделі бөлшек
Микрохирургия әдісі
Агрохимия ғылымының міндеттері мен зерттеу әдістері
Нейтрондық әдістердің нәтижелерінің ұңғымаға әсері
Егіс тәжірибе жүргізу әдісі және оларды орындау техникасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz