Ақпараттарды өңдеу әдісі және оның нәтижелерін талдау
Презентация қосу
Презентация
«Ақпараттарды өңдеу
әдісі және оның
нәтижелерін талдау»
Орындаған: Акылова Ж., Нишанбай А.
Группа: АП-13-8к3
Қабылдаған: Бименов Қ.
Ақпаратты өңдеу әдісі
• Ақпаратты өңдеу (ағылш. information processing) —
• берілген программа бойынша мәліметтермен белгілі бір әрекеттерді орындау. Мұндай әрекетгерге
мәліметтерді іздестіру, мәліметтерді сорттау, оларды талдау және біріктіру жатады. Экономикалық
және инженерлік есеп-қисаптар, ғылыми-техникалық мәселелерді шешу және өндірісті басқару
мәселелері де мәліметтерді өңдеу процесі болып саналады. Ондағы алғашқы мәліметтер есептеулер
жолымен соңғы нәтижеге айналады;
• алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді (бір ережеге жинастырылған
нұсқаулар бойынша) түрлендіру әдісі.
Социологиялық зерттеу
• Социологиялық зерттеу - методологиялық,
методикалық және ұйымдастырмалы –
техникалық процедуралардың логикалық
жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ
мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы
немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны
әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
• Социологиялық зерттеу төрт өзара
байланысқан кезеңнен тұрады:
• - зерттеуге дайындық;
• - бастапқы ақпаратты жинақтау;
• - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда
өңдеуге дайындау;
• - өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу
нәтижелері бойынша, есеп дайындау,
қорытындыларды және кепілдемені
тұжырымдау.
Барлау зерттеу
Барлау зерттеу – социологиялық
зертеулердің ең қарапайым түрі.
Ол шағын зерттеу жиынтығын
қамтиды және қарапайым
бағдарлама мен көлемі қысылған
инструментарийге негізделеді.
Барлау зерттеу терең және көлемді
зерттеудің алдын ала сатысы
ретінде қолданылуы мүмкін (егер
қиындық аз немесе мүлде
зерттелмеген жағдайда). Бастапқы
ақпарат жинаудың ең қарапайым
әдісі қолданылады (әдейі
әдебиеттің анализі, эксперттерді
сұрау).
Социологиялық
зерттеу түрін таңдау
• Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға
көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің
сапалық деңгейі айқындалады.
• Социологиялық зерттеу бағдарламасы – ғылыми құжат, әдістемелік тәсілдердің жан-жақты
теоретикалық негізделуін және барлық бөлімдері бір тұтасқа біріккен, әлеуметтік үрдіс немесе
құбылысты зерттеуде әдістемелік амалдарды қолданудан тұрады.
• Зерттеу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады – әдістемелік және әдістік. Әдістемелік бөлім мәселенің
негізделуі мен тұжырымдауын, зерттеу мақсаты мен міндетін суреттеу, зерттеудің обьекті мен пәнін
анықтау, негізгі ұғымдардың логикалық талдауын жасау, жұмыс гипотезаларын тұжырымдаудан
тұрады. Бағдарламаның әдістік бөліміне зерттеу жиынтығын анықтау (сұрыптау), бастапқы ақпарат
жинауда қолданылған әдістерге сипаттама беру, ақпарат жинаудағы инструментариялардың
логикалық құрылымы, логикалық кестелер және оның ЭВМ-да өңдеу элементтері кіреді.
• Бағдарлама жұмыс жоспарымен толықтырылады. Онда жұмыс кезеңдері, зерттеуді жүргізу уақыты,
ғылыми, ұйымдастыру және қаржы шығындарының көлемі реттеледі.
• Тәжірибенің белгілеуі бойынша, бағдарламаны құрастыруға зерттеуді жүргізуге қарағанда көп
уақыт қажеттілігін белгіледі. Мұқият құрастырылған социологиялық зерттеу бағдарламасы оның
жоғары ғылыми дәрежеде іске асыруының кепілдеме шартының бірі есептеледі. Бағдарламаның
негізгі элементтері ұсынылатын оқулықтарда (4,5,6) жеке-жеке қарастырылатындықтан, ерекше
назар талап ететін, бағдарлама бөліктерінің сипаттамасына тоқталайық.
Зерттеудің мәселесінің
тұжырымдалуы мен негізделуі
• Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің
қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға
дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы
дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені
құрайды.
• Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің
негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық
немесе қолданбалы бағытын)
• Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып
табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми
мәселелерді шешеді.
• Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді,
онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық
ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске
асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады.
• Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда
бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді
шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе
аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады.
• Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды
көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін
немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас
тарту керек.
• Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір
зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді.
Зерттеу мақсаттарын белгілеу
• Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу
бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты
сұраққа жауап беру керек.
• Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.
• Негізгі зерттеу міндеттері орталық сұраққа жауап ретінде зерттеу мәселелерін шешудің құралдары мен жолдары
қандай деген ізденісінен тұрады.
• Негізгі емес міндеттер зерттеу мәселесіне тікелей қатысы жоқ, қосымша гипотезаларды тексеру үшін қойылады.
Негізгі емес міндеттер жаңа бағдарлама бойынша, жаңа зерттеу дайындауға көмек көрсете алады.
Зерттеу жиынтығын анықтау
• Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау
әдісі қолданылады.
• Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу
барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі
толық қалыптастыру.
• Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу
бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып
табылады және өзінің территориалдық уақыт
шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды.
Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды,
оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды
жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі
белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық
негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның
өндірістік персоналын, студенттерді және т.б.
қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген
бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде
айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады.
Сұрыптау жиынтығы генералды жиынтықтың
микромоделі болып белгілену керек. Сұрыптау
жиынтығы сапалық сипаттамалар мен бақылау
қасиеттері негізінде зерттеледі және генералды
жиынтық құрылымымен сай келу керек. Сұрыптау
жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.
Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісі
• Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып
табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар
бойынша, таңдалынатын элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.
• Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп
аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға
түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің
тізбегі. Негізіне меке қызметкерлерінің алфавиттік тізімі, пропуск номерлері және т.б. қызмет ете
алады. Сұрыптау түрі:
• 1) қарапайым кездейсоқ – барлық элементтері белгілі, біртүбірлі жиынтықтан тұрады және
кездейсоқ сандар кестесі көмегімен сұрыптау таңдау бірлігімен іске асырылады
• 2) жүйелік сұрыптау;
• 3) ұялы;
• 4) стратификациялық;
• 5) көпсатылы;
• 6) квоталық.
• Бағдарламаның әдістемелік бөлімінде қолданылған әдістердің сипаттамасы және бастапқы
социологиялық ақпарат жинақтау тәсілдері, қолданылған инстументарийдың логикалық құрылымы,
зерттеу пәнінің сипаттамасы кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде бағдарламаға тіркеледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әбсаттаров Р.Б., Бобырь В.Н., Дәкенов М., Әлеуметтану тестері.
Сұрақтары мен жауаптары. Сөздік. А., 1999.
2. Бельский Ю.В., Беляев А.А., Лощаков Д.Г. Социология, М.,2002.
3. Борцов Ю.С. Социология, М.,2001.
4. Волков Ю.Г. Социология, М.,2001.
5. Кравченко А.И. Социология в вопросах и ответах, М.,2003.
6. Кравченко А.И. Социология,М., 2003.
7. Маршак А.Л. Социология,М.,2002.
8. Мухаев Р.Т. Социология,М.,2003.
9. Основы социологии,М., 1993.
10. Социология, Осипов Г.В., Кабыша А.В. и др.,М., 1995.
11. Шамшатұлы И., Дакенов М., Дәуіт Д.Қ., Күнхожаев Н.Р.
Әлеуметтану. Оқу құралы. А.,1999.
12. Фролов С.С. Социология,М., 2003.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz