Алма жеміс




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Алма жеміс»

Орындаған: Уралбаев Н.
Тобы:
Қабылдаған: Амантаев Б.
Жоспар
• 1. Кіріспе

• 2. Алма жемісінің халық шаруашылығындағы
маңызы
• 3. Биологиялық ерекшеліктері

• 3. Морфологиялық ерекшеліктері

• 4. Агротехникасы

• 5. Өсіру технологиясы

• 6. Қорытынды

• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
• Ең алғашқы алмалардың пайда болған ауылы бізден алыс емес. Алманың отаны – Орталық
Азия. Кейіннен алмалар осы мекеннен Египетке және Палестинаға жеткізіледі. Біршама уақыт
өткен соң Ежелгі Грекия жерінде, Римде, Еуропада пайда бола бастайды.
• Алғашқы пайда болған алмалар жабайы болса, бүгінде алманың жазғы, қысқы, күзгі
сорттары сынды көптеген түрлері бар.
• Тым қарапайым сұрақ. Сіздердің бірауыздан алманың пайдалы екендігін
айтатындықтарыңызға сенімдіміз. Алайда, диетолог мамандар алманың зиянды тұстарының бар
екендігін естен шығармауға кеңес береді.
• Алдыңыздағы тізімді көріп, ешқандай жаман қырын байқамағаныңызды айтарсыз.
Асықпаңыз, диетологтар алманың құрамындағы жасұнықтың көп болуы колит (тоқішектің
талаурап, қабынып ауруы) ауруының пайда болуына әкеліп соқтыруы және асқазан-ішек
жолдарының жұмысына зиянын тигізуі әбден мүмкін екендігін айтады. Екіншіден,
құрамындағы жеміс қышқылының шамадан тыс көптігі язваны ұлғайтып жіберу қаупі бар.
Үшіншіден, алманың қышқылы тістің эмалына қатты әсер етеді, яғни оны жұқартып, тісті
сезімтал етіп шығарады. Алма жапырағынан демделген шайды көп ішпегеніңіз абзал, мұның
қант диабеті ауруына шалдықтыратындығы дәлелденген.
• Алма құрамындағы құнарлылық оның сортына байланысты. Көп адамдар көк алманың
құнары аз, ал қызыл алмада көп деп айтып жатады. Бұл жансақ пікір. Алма түсінің еш қатысы
жоқ. Кейде, оның құнарлылығы көлеміне де байланысты болып келеді. Ең дұрысы - жаңа піскен
алма. Тап қазір күздік алмалардың нағыз пісіп жетіліп жатқан кезі. Сондықтан, көлікке
отырыңыз да, ата-әжеңіздің бақшасына барыңыз! «Алма піс, аузыма түс» деп айтсаңыз,
ағзаңыздың сізге айтар алғысында шек болмасына кепілдік береміз.
Алма дақылының халық
шаруашылығындағы маңызы
• Алманың құрамында С, В1, В2, Р, Е дәрумендері мен марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден,
цинк, барий микроэлементтері бар. Алмадағы темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Сондай-ақ онда
жасұнықтың өте көп бөлігі бар. Алма бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бет
терісінің түсін жақсартып жас әрі күтімді етіп көрсетеді. Холестерин мөлшерін азайтып, іш қатудың алдын
алады, диареяны емдеп, иммундық жүйені нығайтады.
• Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР дәрумендері, көптеген
минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген
мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны
адам ағзасын ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге
қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды. Алма жемісінен шырын,
тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су
өнеркәсібінде қолданады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Биологиялық ерекшеліктері
•Алма (лат. malus) — раушан гүлділер тұқымдасына
жататын, өте кең тараған жеміс ағашы.
•Табиғи алманың жер шарында 36 түрі белгілі, олардың 10
— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда,
негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі.
Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Алма
ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 3—10 м
болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100
—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті)
жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және
селекцияда қолданылады.
•Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүргізіледі.
Қазақстанда алманың 40-тан астам сорттары
аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау
шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған.
Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық
заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма
құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл,
9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2,
В6, С, РР дәрумендері, көптеген минералды заттар бар.
Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі
ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға, қан
бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Морфологиялық ерекшеліктері
• Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері
аналықтың үстіңде орналасады, гүлтабаны ойыс.
• Гүлсерігі қосарланған, 5-мүшелі. Аталығының саны
көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс
жапырақшалары әдетте 5, бірақ олар көп жағдайда
редукцияға ұшырап 2—3, кейде тіптен 1-ге дейін
қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, ол бокал тәрізді
гапантимен бірігіп кетеді. Гүлінің формуласы.
• Жемісі жидек тәрізді — алмалар, алмұрттар, айвалар
және т.б.
• Алма туысы (яблоня). Туыстың құрамыңда солтүстік
еңдіктің негізінен қоңыржай климатты елдерде өсетін 30-
дай түрі бар.
• Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында
ағаштар мен бүталардың 10 түрі, ал Қазақстаңда 6 түрі
кездеседі. Табиғи өсімдіктер қауымдастығында ең көп
кездесетін түрлері мыналар: орман алмасы (яблоня
лесная). Ол бұрынғы одақтас республикалардың
европалық бөлігіңдегі жалпақ жапырақты ормандарда;
Шығыс алмасы (яблоня восточная Кавказдың жалпақ
жапырақты ормандарыңда; Сиверси алмасы (яблоня
Сиверси — Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен
жағалық ормандарыңда өседі. Бұл түрлер кейде таза алма
ағашынан тұратын тоғай түзеді.
Агротехникасы
• Жер учаскесін игере бастағанда еңбек құралдарын да
ойластыру керек. Топырақты өңдеу үшін еңбектің дәстүрлі
құралдары күрек, тырма, түрлі құрылымдағы қопсытқыштар
мен отауыштар және т.б. пайдаланылады.
• Технологияның барлық элементтерін тиімді пайдаланбай,
жоғары өнімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәсіл табу
мүмкін емес. Бірақ кез келген көкөністі өңдеу технологиясына
тән бірқатар заңдылықтар бар.
• Жемісердің көпшілігіне ортақ талап – олардың
мөлшерлеріне қарай ұрықтарын жұқа етіп жабу болып
табылады (ұрықтарды бастырудың тереңдігі әдетте ұрық
диаметрінен 3-4 есе үлкен болады. Бұл егістік топырағының
қатпарын (2-4 см) өте тиянақты әзірлеуге ғана қатысты емес,
ұзақ мерзім бойы ылғалдылықтың сақталу әдістерін қолдануға
да байланысты (ұрық әдетте 2-3 аптадан соң өсіп шығады),
еккеннен кейінгі суару қажеттілігі де осыдан туындайды.
Топырақтың ылғалдылығы басым, жылу жетіспейтін
аймақтарда жерді күзде емес көктемде аударған дұрыс (жерді
күзде аудару оңтүстіктегі қуаң жерлер үшін пайдалы). Жылу
мөлшері өте көп, ылғалдылық жетіспейтін қуаң өңірлерде
топырақты күзде өңдеген дұрыс, өйткені жер күзгі-қысқы
жауын-шашыннан ылғалды мол сіңіріп, көктемге жеткілікті
түрде нығыздалуы керек. Бұлай жасаған уақытта көктемде
ылғал аз буланып, топырақ температурасы да тез
көтерілмейтін болады.
Өсіру технологиясы
•Жеміс ағаштарын ең дұрысы учаскенің солтүстік, солтүстік-
батыс немесе солтүстік-шығыс бөлігіне орналастырған жөн.
Дақылдарды бөлек отырғызу барысында олардың жарық
сүйгіштігін ескеру керек және өсімдіктер оңтүстіктен солтүстікке
қарай өсуі керек. Учаскенің солтүстік жағына алма және алмұрт
ағаштарын, олардың арасына орта бойлы көшеттерді – шиені,
алшаны, жидек бұталарын отырғызған дұрыс болады. Жидек
бұталарын бақша қатарларының арасына, жүзімді – бақшаның
оңтүстік немесе оңтүстік шығыс шекарасына қарай, шарбаққа
жақын отырғызу керек.
•Жерді жырту алдында органикалық және минералды
тыңайтқыштар себу қажет. Құмдауыт және қатпарлы болып келетін
топыраққа қайта жырту алдында көң себу керек. Көктемде учаскені
екі-үш рет тереңдігі 18-20 сметіп қайта өңдеп немесе күрекпен
қайта қазып шыққан жөн, бұнымен қоса тамыр кеміргіш
арамшөптердің тамырларын, зиянкестер жұмыртқаларын (саратан
қоңыз, бұзаубастан және т.б.) мұқият теріп шығады. Көкөніс
дақылдарын өсіру барысында жақсы тұқым себудің маңызы зор, бұл
көп жағдайда өнім көлемін ғана анықтап қоймайды, оның тұтыну
құндылығын да білдіреді. Тұқым алуды кейінге ысырып, соңына
қалдыра бермей, ерте бастан ойлау керек. Оның негізі ретінде әрбір
дақылдарға жоспарланған жер көлемін алу қажет. Тұқымдарды көп
мөлшерде сатып алмаған жөн, өйткені (қиярды қоспағанда) барлық
дақылдарды жаңа ұрықтардан өсірген жөн. Алынған ұрықты жылы
жерде, кеміргіштер зиян келтіре алмайтын жерде сақтаған керек.
Қорытынды
•Біздің ғаламшардағы алманың барлығының отаны – Қазақстан. Ғалымдар көпжылдық және
ұзақ зерттеулер жасап, олардың барысында алғашқы алмалар дәл Қазақстанда, елдің бұрынғы
астанасы – Алматы жанындағы тауларда пайда болғанын дәлелденген. Сондықтан Хауа Ананың
Адам атаны алмамен арбаған жұмақтың дәл қайда болғаны жайындағы мәселе әлі ашық күйде
қалып отыр.
•Қазіргі сәтте осы жемісті өсіру бойынша көшбасшы АҚШ болып саналады.
•Өзінің өлмес «Илиадасында» Гомер жазып кеткендей, алауыздық құдайы Эрида өзін тойға
шақырмаған тойға жиналған құдайлардың дастарханына алма тастаған. Онда "Өте тамаша" деп
жазылған. Осы алманы қолға түсіру үшін Афина, Афродита және Герой атты үш құдайдың
арасында ұрыс басталған. Жанама түрде бұл оқиға гректер мен трояндықтардың арасында Троян
соғысының басталуына әсерін тигізген. Осылайша: «алауыздық алмасы» деген танымал ұғым
туған.
•Әлемде алма сұрыптары мен түрлерінің саны 8000 мыңға жетеді, бұл осы жемістің орасан зор
танымалдылығын айғақтайды. Ал ең ірі, ресми түрде тіркелген жеміс шамамен 1,5 килограмға
жеткен.
•Зерттеулер барысында американдық ғалымдар алма мен алма шырынын тұрақты түрде тұтыну
жадыны жоғалтуға әкеліп соқтыратын ми жасушаларының бұзылуының алдын алады деген
қорытындыға келген. Мұндай шешімді Массачусетс штатындағы университеттің ғалымдары
жариялаған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
• 1. Әрінов Қ.К. т. б. Ауылшаруашылық өнімдерін
сақтау және өндеу технологиясы. Ақмола, 1994.

• 2. Ж.С.Жүргенов «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
сақтау және өңдеу технологиясы» Алматы,2009ж

• 3.Гафнер Л.А. и др. Основы технологии приема,
хранения и переработки зерна. Москва, Колос, 1989.

• 4.Теленгатор Л.А. и др. Обработка и хранение семян.
М. Колос. 1980.

• 5.Казаков Е.Д., Кретович В.Л. Биохимия зерна и
продуктов его переработки. М. Агропромиздат. 1989.

Ұқсас жұмыстар
Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі. Оның ішінде алма ағашы. Орман тұқымын сақтау және тасымалдау
Жеміс-жидек дақылдарының зиянкестерімен күресу
Алма шырыны
Жидекті жеміс
Алма және алмұрт
Алманың түрлері
Жеміс өсімдіктерінің вегетативтік көбеюі
Қуаңшылық жағдайда алма көшеттерін тиімді өндіру технологиясы
Шырынды жеміс Құрғақ жеміс
Жеміс жидектер өндірісі
Пәндер