АРАЛ ӨҢІРІ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ


Slide 1

Презентация «Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Орындаған: Кемел Ә.

Тобы: АП-10-7к2

Қабылдаған: Абдуллаева Г.

Slide 2

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты - ғылыми-тәжірибелік мекеме. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашалық министрлігінің қарамағында. 1933 ж. Бүкілодақтық Күріш тәжірибе станциясының (Краснодар қаласы) қарамағындағы Қызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік инстиутының құрамына енді.

Slide 3

1956 жылы 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашалық тәжірибе станциясы болып құрылды. 1964 жылы 25 тамызда КСРО Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 жылы 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 жылы бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды.

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Slide 4

1995 жылдан қазіргі атымен аталады. Ал 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашалық ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болды. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, егіншілік, көкөніс шаруашылығы және бақша өсіру, топырақ құнарлығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын эко-экономика сараптау және патенттеу, мал шаруашылық, ғылымды өндірістік және техникамен қамтамасыз ету бөлімдері және консалтинг орталығы бар;

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Slide 5

2 тәжірибе шаруашылығында (Қызылорда қаласының әкімшілік құзырына қарасты Қарауылтөбе және Жаңақорған ауданындағындағы Түгіскен) күріш, бидай және көп жылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі.

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Slide 6

Арал өңірінің қолайсыз жағдайына бейім таза тұқымды бактриан түйелердің сүт өнімдері жоғары топтарын іріктеу жұмыстары жүргізілді; сүтті және етті-жүнді бағыттағы малдарды іріктеу әдістері зерттелді; сұр түсті қаракөл қойларының заттық типін шығару жұмыстары жасалды. Қазіргі уақытта институт асыл тұқымды мал өсіруші - репродуктор мәртебесіне ие.

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Slide 7

Қызылорда облысы аграрлық өнеркәсіп кешені

Қызылорда облысы аграрлық өнеркәсіп кешенін, сонымен бірге республиканың күріш шаруашылықтарын ғылыммен қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Институтта күріш дәнінің қызаруының генетик. табиғаты зерттеліп, онымен күресу жолдары анықталды; Қазақстан бойынша күріш сорттарының теориялық үлгілері жасалып, жоғары өнімді сорттарды шығарудың физио-биохимиялық. негіздері зерттелді; химиялық мутагенез рөлі зерделеніп, соның нәтижесінде күріштің «Маржан» сорты шығарылды; 2 мың селекци үлгілері бағаланды; ауыспалы егістің жаңа 8 танапты және қысқа ротациялы үлгілері әзірленді; ауыспалы егістіктерде егілетін дақылдың түріне, алғы дақылына және танаптардың арам шөптермен ластану дәрежесіне қарай топырақ өңдеу жүйесі белгіленді; күріш ауыспалы егісінде егілетін дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы) және техникалық (мақсары, қант қызылшасы) дақылдар өсіру технологиясының параметрлері зерттелді; күріш ауыспалы егісіне бейім сорттарын анықтау үшін сорттарды экологиялық сынау жұмыстары жүргізілді; күрішті көшеттеп егу және оның дәнін өндіріп себу сияқты су мен тұқым аз жұмсалатын технологиялар әзірленді. Институтта күріш өсімдігі тұқымдарының ұлттық қоры жиналған.

Slide 8

Күріштің 3 сорты, көп жылдық шөптің және қауынның 2 сорты, жүгерінің 1 сорты шығарылып аудандастырылды. Қазіргі кезде күріштің 4 сорты: «Арал 69», «Арал 318», «Арал 202» және «Ару» сынақтан өтуде. Институт ғылыми жаңалықтары мен 20 өнертабысына патенттер мен авторлық куәліктер алған. Институт халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді.

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»

Slide 9

«Арал өңірі арқылы экология және ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты»


Ұқсас жұмыстар
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ ИНСТИТУТЫ
Арал проблемасы
КҮРІШ ӨСІМДІГІ
Көкшетау ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу институты
Экологиялық аймақтар
Күріш
Шапық Шөкіұлы Шөкиннің биографиясы
Топырақ экологиясы
ҚР экологиялық дағдарыс және экологиялық апатты аймақтар
АТЛАСТАР КАРТОГРАФИЯС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz