Арамшөптер: түрлері, зияндылығы және бақылау шаралары


Slide 1

Презентация «Арамшөптер»

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Slide 2

Арамшөптер

Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді.

Slide 3

Зияны

Арамшөп - егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді.

Slide 4

Паразитті және паразитті емес түрлері

Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп және паразитті емес Арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т. б. жатады. Ең зияндысы - хлорофилі мен тамыры жоқ сұңғыла. Ол қасындағы дақылдың қоректік заттарын сорып алады. Паразитті емес Арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара сұлы, итқонақ, қарабидай арпабасы, қара меңдуана, т. б. ) және көп жылдық өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен, шоңайна, кәдімгі түйетікен, т. б. ) болып бөлінеді. Арамшөпті жою үшін агротех. шараларды (себілетін тұқымды жақсы тазарту, көң шашу, Арамшөпті гүл жармас бұрын отау, ауыспалы егісті қолдану, топырақты сапалы өңдеу, дақылдардың қатар аралығын қопсыту, т. б. ) мұқият жүргізу, хим. гербицидтер (авадекс, илоксан, т. б. ) шашу және биол. әдістерді тиімді қолдану.

Slide 5

Арамсояу Cuscuta S. P.

Арамсояу Cuscuta S. P. - бір жылдық паразит шөп, Қазақстанның барлық жерінде таралған. Дүниежүзілік флорада арамсояудың 274 түрі кездеседі. Қазақстанда тіркелген арамсояудың 19 түрі бар. Қазақстанның барлық облыс­тарында көп тараған түрі - далалық арамсояу. Бұл шөп 200-ден астам ауылшаруашылық дақылдарына зиянын тигізеді. Мысалы, далалық арамсояу басқан қант қызылшасы өнімінің 80%-ы, пияз-сәбіздің - 85%, жоңышқа өнімдерінің 95%-ы жойылады. Арамсояудың тұқымын жоңышқа тұқымынан ажырату қиын, осы себепті тауар өндірушілердің көп өнімдері сатуға жарамсыз болып жатады.

Slide 6

Мәдени дақылдарға әсері

Арамсояу мәдени дақылдардағы зат алмасу­ды бұзады. Арамсояу түтікше тамырлары арқылы мәдени дақылға жабысып, ондағы органикалық, органикалық емес заттарды сорып алып, дақылды әлсіретеді, дақыл біртіндеп өсуін тоқтатып, қурайды. Арамсояу тұқымнан өседі, тарайды. Бір тұқымнан өскенде тұқымдағы қоректік заттарды пайдаланып 10-13 см. биік­тікке көтерілгеннен кейін, тұқымдағы қоректік зат бітеді. Арамсояу топырақпен байланысын жояды, осы кезде оның сабақтары шыркөбелек айналып, қасында басқа шөптер болса, соған жабысып бүршік тамыршықтары арқылы қоректі заттарды сорып алып, өсіп-дами береді. Арамсояудың улылығы гүлдеген, тұқым пайда болған кезде күшейеді. Осы кезде арамсояуда алколоид-кускутин және глюкозид, конвольву­лин көптеп жинақталады. Арамсояу араласқан мал азығы шіри бастайды, өзінің бағалы нәрлілігін жоғалтады. Сонымен қатар, жануарларды ауруға шалдықтырады.

Slide 7

Ермен жапырақты ойран шөп

Ермен жапырақты ойран шөп - бір үйлі, бір жылдық шөп, күрделі гүлдер тобына жатады. Өсімдіктің сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктің биіктігі 2 метр, тамыры 4 метр тереңдікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 градус жылылықта 5 см. тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, дәні қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді де ауылшаруашылық дақылдарының өнімін 40-60%-ға дейін төмендетеді. Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Еуропаға таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.

Slide 8

Тікенек алқа-Solanum cornutum Lam


Ұқсас жұмыстар
Азжылдық және көпжылдық арамшөптер: өкілдері, сипаттамасы және күресу шаралары
Емен жемісжемірі (Carpocapsa splendana): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және бақылау шаралары
Қазақстандағы арамсояудың (Cuscuta spp.) морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Топырақ эрозиясы: себептері, зияндылығы және күресу шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Жұпсыз жібек көбелегінің морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және анықтау мен күресу шаралары
Батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis): биологиясы, морфологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina): зияндылығы, биологиясы, морфологиясы, анықтау және күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Қызылшадағы церкоспороз (Cercospora beticola Sacc.): белгілері, таралуы, зияндылығы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz