Астық дәнді дақылдар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Презентация
Тақырыбы: «Астық дәнді дақылдар»
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:
Шымкент 2013г
Арпаның морфологиялық
сипаттамасы
• Арпа – Қазақстанның бүкіл аудандарында
жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық
дақылдардың қатарына жатады.
Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән
қоректілігінің құндылығына байланысты оның
жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан
жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің
өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді
дақылдармен салыстырғанда едәуір
басым.Арпаның халық шаруашылығындағы
маңызы өте зор, оның дәнінен көптеген салада
пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады.
Арпа жармасы – бағала әрі нәрлі тағамдардың
бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және
кондитер өнеркәсібімен қатар медицинада да
кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра
қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса
құнды шикізат ретінде ерекше орын
алады.Арпаның дәні белок пен крахмалға бай
болғандықтан, одан малға жұғымды
құнарландырылған құрама жем дайындалады.
Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс
өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі
күн санап арта түсуде.
Биологиялық
ерекшеліктері
• Арпа дәнінің химиялық құрамы
өте күрделі. Шығарылатын
сорттардың бағыты мен өсу
ортасына байланысты оның
құрамында 12-14 % белок, 2-3 %
май, 54-55 % крахмал, 5,5-5,8 %
клетчатка және 2-3 % күл
кездеседі. Дәннің 85 пайызы
құрғақ заттардан түзіліп,
мынандай химиялық
қосылыстардан тұрады: көміртегі,
азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор,
калий, кальций, магний, темір
және кремний. Бұларға қосымша
дәнде йод, бор, мырыш, темір,
марганец, және сол сияқты сирек
кездесетін элементтер бар. Олар
кәдімгі жасушадағы
физиологиялық және биохимиялық
процестердің бір қалыпты жүруіне
айрықша ықпал етеді.Көптеген
әдебиеттердің мәліметтеріне
жүгінсек, жергелекті топырақ –
климат ерекшеліктеріне қарай
Сыртқы орта
жағдайлары
• Сыртқы орта жағдайларына өте бейімділігінің арқасында бұл дақылды құрғақ далалы
аймақтан бастап, Қиыр Солтүстік және биік таулы аудандардың егіс алқаптарынан да
кездестіруге болады.Арпаның өсу және даму кезеңдеріндегі топырақ ылғалдылығы мен
температурасына талаптары біркелкі емес. Оның тұқымы 1-3°С жылылықта өне
бастайды, бірақ толық көктеуі үшін қолайлы 15-25°С температура қажет. Жер бетіне
көктеп шыққаннан бастап, толық піскен уақыт аралығында бірнеше даму кезеңдерінен
өтіп, әсіресе қысқы-көктемгі ылғал қорын тиімді пайдаланады да, оңтүстік аудандарда
шілде түскенге дейін дән түзіп үлгереді Кез келген табиғи-климат аймақтарында
өсірілетін сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ ылғалдылығы мен
құнарлылығының деңгейі, енгізілетін тыңайтқыштар мөлшері, себу тәсілі және басқа да
факторларға байланысты оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтау – арпа егістігінде
сорттық агротехниканы қолданудағы өзекті мәселелердің бірі.
Арпаның оңтайлы тұқым
себу мөлшерін анықтау
• Арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтау — өте жауапты агротехникалық
шара, өйткені бұл күтіп-баптау тәсілдерін жетілдіру мен сыртқы орта жағдайларына
жақсы бейімделген жаңа сорттардың аудандастырылуына сәйкес әрдайым
нақтылауды талап етеді. Агротехниканың осы әдісінің мән-маңызы ылғалы жеткіліксіз
жерлерде одан сайын арта түспек, себебі тұқымның шектен тыс мөлшері қосымша
шығынмен қатар өсімдіктердің ойдағыдай дамуына қажетті топырақ ылғалының
тиімсіз пайдалануына бірден-бір себепші болады. Ал сирек егістік органикалық
заттарды түзу үшін күн энергиясын, топырақ құнарлылығы мен ылғалын толық
пайдалана алмай, нәтижесінде арамшөптермен ластанып, жоспарлы өнім денгейін
қамтамасыз ете алмайды өсімдіктердің өсуі мен дамуын тыңғылықты зерттей келіп,
ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену алаңы жөніндегі теорияны дамытуға
қомақты үлес қосқан. Көптеген егістік және зертханалық тәжірибелердің негізінде ол
бірқатар дақылдардың оңтайлы қоректену алаңын өсімдіктердің тіршілік
жағдайларымен – құнарлылық, ылғалдылық, топырақтың ластануы, аурулар мен
зиянкестердің әсері және тағы сол сияқты факторлармен байланыстыра отырып,
ғылыми түрде негізді дәлелдеген. Зиянкестер мен ауруларға, арамшөптерге қарсы
бәсекелестікті күшейту үшін егістіктің тығыздығын көбейту қажеттігі жөніндегі
тұжырымдары іс жүзіндегі егіншілікте қолданылатын айтарлықтай бетбұрыс
болды.Түрлі арпа сорттарының агротехникасы мен тұқым себу мөлшерін талдай келіп,
біршама авторлар сорт пен топырақ құнарлылығына байланысты оны өсірудің
дифференцивті тәсілін қолданудың астық түсімін арттырудағы аса маңыздылығын
атап өткен.
Арпа дақылының түрлері мен
сорттары
• Донецкий 8 – Донецк МАТС-да шығарылған, түршесі- медикум, орташа
мерзімде пісетін сорт, жапырылып қалмауға орташа төзімді. Қара күйемен
ортадан жоғары және жоғары дәрежеде залалданады. 1000 тұқымның массасы
41-50г. 1979ж. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында
аудандастырылған.
• Целинный 5 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, будандық популяция. Сорт
орташа мерзімде пәседі, өсіп-жетілудің бастапқы кезеңінде қуаңшылықққа
төзімділігі жоғары. Жапырылуға төзімді, ірі дәнді, 1000 тұқымының массасы 55-
60 г. 1975 ж. Ақмола, Көкшетау, Торғай облыстарында аудандастырылған.
• Целинный 30- Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, медикум түршесіне жатады.
Орташа мерзімде пісетін сорт, қуаңшылыққа төзімді, қара күйемен қатты
залалданады. 1000 дәннің массасы 45-50г. 1991 ж. Ақмола, Торғай
облыстарында аудандастырылған.
• Кедр- Краснояр АҒЗИ-да шығарылған, түршесі-нутанс Орташа мерзімде пісетән
пәрменді сорт, жоғары агрофонды қажетсінеді. Шашылуға және жапырылуға
төзімді, қара күйемен орташа залалданады. 1000 дәннің массасы 46-54 г. 1988
ж. Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
• Медикум 85- Қостанай АҒЗИ-да шығарылған, түршесі-медикум. Сорт орташа
мерзімде пәседі, жапырылуға және шашылуға төзімді. Қара күйемен орташа
залалданады, 1000 дәннің массасы 48-53 г. 1989 ж. Көкшетау, Қостанай,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Арпа дақылының
түрлері
Арпа дақылын өсіру
технологиясы
• Сабақтардың қалың өсуі селекциясы. Арпада да бидайдікі тәрізді, селекция
бағыты төмен аутокопкуренциялық сорттарды ендіруге бұрылды, бұлар
өсімдіктің қалың болып тұруына қабілетті болады. 1 м 2 –та 700-800 масақты
сабақтардың түзілуі де кездесті. Олардың саны 1000-ға да жетуі мүмкін
деседі.
• Лизин мөлшерінің жоғары болуы селекциясы. Арпа селекциясындағы негізгі
бағыт lys генін пайдалана отырып құрамында лизині мол сорттарды ендіру
болып табылады. Бұндай сорттардың азықтық бағалылығы жоғары болады
(Одессалық сорты-84Л). Дегенмен, құрамында лизин мөлшері көп гендер
егістің өнімділігін 10-15%-ға төмендетіп жібердеді. Бұл жағдай лизині жоғары
сорттардың селекциясы тоқтатып тастайды.
• Ауруларға төзімділік селекциясы. Ауруларға төзімді сорттардың түрін шығару
күрделі мәселе болып табылады. Қара күйеге тұрақты гендерді патогендер
басып кетеді. Басқа аурудың қоздырғыштарына олигогендік тұрақтылық баяу
жойылады.(сарызеңге). Бұл жердегі донорлар саны шектеулі болады,
сондықтан селекцияны көлденең ұзақ уақытқа тұрақты етуді талап етеді.
• Сұрыптау әдістері. Арпамен жұмыс істегенде сұрыптарды барлық өздігінен
тозаңданатын өсімдіктерге тән әдіспен жүргізеді. Элиттік өсімдіктерді бөліп
алады, арпада бүйірлік сабақтардың өнімүшін маңызы зор, сонымен қатар
масақтарды да сұрыптайды
• Селекциялық тексерулер. Арпаға тән бағалау жұмыстары даладағы егісте
жүргізіледі, ол жерде масақтардың сынғыштығы және олардың иіліп тұру
дәрежесі қарастырылады. Дәнді анализдегенде, азықтық жармалық және
сыра қайнататын арпалардың қабықтарын, ақуыз мөлшерін және әрқайсысына
тән тексеру бағыттарын анықтайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz