Асбұршақ


Slide 1

Тақырыбы:Асбұршақ

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті.

Агорөнеркәсіп факультеті

"Өсімдік шаруашылығы" пәнінен

Презентация

Slide 2

Халық шаруашылығындағы маңызы

Асбұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егістігінің 80 % астамында өсіріледі. Оның тұқымдары амин қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай 18-35 %, олар жақсы пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшеленеді. Пісіп - жетілген және шала піскен тұқымдары, сонымен қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады. Жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады. Жасыл асбұршақ жемісінде 25-30 % қант, көптеген дәрумендер және қартаюды баяулататын инозит пен минералды тұздар болады.

Наубайхана өнеркәсібінде нанның белоктық қоректілігін арттыру мақсатында бидай ұнына 10 % ұнтақталған асбұршақ ұнын араластырады, нәтижесінде дәмдік. нандық сапасы жақсарады.

Асбұршақ қоңырбастар тұқымдастар қоспаларын сүрлемге, жасыл балауса және пішенге өсіріледі. Асбұршақ ұнын малға құнарландырылған мал азығы ретінде пайдаланылады. Асбұршақ ұнын малға құнарландырылған мал азығы ретінде пайдаланады. Асбұршақтың 1кг тұқымында 1, 17 азықтық өлшм және 180-240 г. қорытылатын протеин, 12, 5г. лизин, 1, 7 г. метионин 0, 2 г. цистин және 1, 5 г триптофан болады. 1 кг сабанында тиісінше олар 0, 23 және 31-ге тең.

Асбұршақ көптеген дақылдарға тамаша алғы дақыл, өйткені ол топырақта 50-70 кг/га. дейін азот қалдырады. оның тамыр жүйесі қиын еритін фосфаттарды ерітетін қабілетімен ерекшеленеді. Оның сүрі танабын иеленетін және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланатыны да айтарлықтай.

Slide 3

Морфологиясы мен биологиялық ерекшеліктері және сорттары

Асбұршақ - барынша ерте пісетін дәнді бұршақ дақылы. Өсіп жетілу кезеңі сортына және өсіру жағдайларына байланысты 70-тен 140 тәулікке дейін созылады. Сондықтан асбұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық аймақтарда, ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік шекарасына - 68 градус с. б дейін созылады.

Асбұршақ - өздігінен тозаңданатын өсімдік, алайда жазғы ыстық және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады.

Өсе бастағанда және тіршілігінің алғашқы кезеңінде тамыр жүйесі қарқынды дамиды да жер үсті массасы баяу өседі. Осы кезеғде асбұршақты арамшөптер қатты басады. Тамырларындағы түйнектер 5-8 жапырақтары кезеңінде қалыптаса бастайды. Максималды өсуі гүлденудің басынан пісудің басына дейін байқалады.

Slide 4

Температураға, ылғалға және топыраққа талаптары. Асбұршақтың жылуға талабы жоғары емес. Оның тұқымдары 1-2 градуста да өне бастайды. Оның өніпкөктеуіне 15 - 20 градус, ал дәндерінің толысып пісуіне -22 - 26 градус жылылық оңтайлы деп есептеледі.

Асбұршақтың сорттарына байланысты өсіп - жетілуіне қажетті белсенді температура жиынтығы 1300-1700 градус аралығында өзгереді. Асбұршақтың егін көгі қысқа мерзімді -6-8 градус бозқырауды көтере алады.

Асбұршақ тұқымы өзінің массасының 100-110 пайыз мөлшерінде ылғал сіңіргеннен кейін ғана өне бастайды. Ол бүкіл тіршілік үрдісіне ылғалды біркелкі шығындамйды, барынша көп мөлшерде ылғалға қажетсінуі бүрлену - гүлдену кезеңіне сәйкес келеді. Оның транспирациялық коэффициенті сорттарына, топырақ - климат және өсіру технологиясына байланысты 300-600 аралығында өзгереді. Жоғары астық өнімін қалаптастыру үшін қажетті ылғалдылық топырақтың төмен ылғал сиымдылығының 70-80 пайызын құрайды.

Асбұршақ - құнарлығы жоғары бидайлық топырақтар дақылы. Ол үшін жеңіл құмдақ топырақтар, қышқыл және сортаң топырақтардың жарамдылығы шамалы.

Slide 5

Асбұршақтың біздің елімізде рұқсат етілген сорттары

Рамонский 77. Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ-да шығарылған. Түршесі- вульгатум. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа тқзімділігі жоғары, ауруларға орташа тозімді. 1000 тұқымның массасы 180-250 г. Ақмола, АқтөбеғЖамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Неосыпаюшийся 1. Ресейдің Луган МАТС-да шығарылған, эвадукум түршесіне жатады. Сорть орташа мерзімде піседі, шашылуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді, зиянкестермен ауруларға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 180-240 г. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Омский неосыпающийся. Ресейдің Сібір АШҒЗИ-де шығарылған, эвадукум түршесіне жатады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Таловец 50. Ресейдің Орталық - Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ-де шығарылған, вульгаре түршесіне жатады.

Slide 6

Ауыспалы егістегі орны. Асбұршақтың ең жақсы алғы дақылдары отамалы дақылдар, сондай-ақ тыңайтылған күздік болып табылдады. Бұршақтарды өсіруге қара топырақ пен сазды қара топырақ қолайлы, осымен қатар құрамында қарашірігі мол топырақта және өзен аңғарының топырағында жақсы өседі. Бастапқы қышқыл топырақта және өзен аңғарының топырағында жақсы өседі. Батпақты қышқыл топырақта нашар өседі. Ең жақсы алғы дақылдар - картоп, жүгері, орамжапырақтар, асқабақ, қызанақ. Осы дақылдарды өсіргенде органикалық тыңайтқыштар берілген болса, бұршаққа ең қолайлы болып табылады.

Slide 7

Асбұршаққа тыңайтқыштар қолдану жүйесі

Асбұршақ, басқа да бұршақты дақылдар сияқты, топыраққа фосфор мен калцьий, сондай-ақ кальций ендіргенді ұнатады. Әсіресе бұл қоректену элементтеріне қажеттілік асбұршақтың алғашқы вегетациялық кезеңінде туады. Өсімдік гүлденуінің аяқ кезінде топырақтан өзіне қажетті азоттың 60-100%, фосфордың 40-60% және калийдің 40-85 % алады.

Асбұршақты өзінен бұрын тыңайтылмай себілген алғы дақылдардың орнына күзгі айдау кезінде фосфор және калий тыңайтқыштарын: 1 га жерге 2-3 ц суперфосфат және 1-1, 5 ц калий ендіреді; калий тыңайтқышының орнына күлді пайдалануға да болады.

Асбұршақтың түбір жүйесі қиын еритін қосындылардан фосфорды алып пайдаланатын қабілеті бар, мұны Д. Н. Прянишников анықтаған болатын. Сондықтан ас бұршаққа ендіру үшін тек суперфосфатты ғана емес, сондай-ақ, әсіресе, қышқылы жоғары топыраққа мейлінше арзан фосфор ұнын пайдалануға болады. Күзде жыртылған 1 га жерге фосфор ұнын өндіру мөлшерін 3-4 ц арттыруға болады.

Қышқыл топырақтарда түйнек бактериялары тіпті дамымайды деседе болады. Бұл 1 га жерге 2-4 кг әк тас немесе балшық өндірудің қажеттілігін және тиімділігін анықтайды.

1 га жерге 0, 5-0, 6ц түйіршіктелген суперфосфат беріп себілген егістікке қатарлы тыңайтқыш ендірген тиімді.

Асбұршақтың барынша мол өнімді ірі сортты тұқым сепкенде алады. Аурулардың дамуының алдын алу үшін, тұқымды ТМТД препаратымен немесе гранозанмен уландырады. Уландырылған тұқымдар топырақта тіршілік ететін түрлі зиянкестерден зиян шекпейді. Егілген тұқымның жүз пайыз өніп шығуына мүмкіндік болады.

Көрсеткіштер

қоректік заттар

N

Р2О5

К2О

1

1ц негізгі өніммен жұмсалатын қоректік заттар мөлшері (кг)

4, 74

1, 57

2, 94

2

Әр гектардан жоспарланған өніммен алынатын

қоректік заттар мөлшері (кг)

224, 2

74, 3

139, 1

3

Топырақтың жыртылатын қабатындағы қозғалмалы қоректік заттар қоры (кг/га)

10

27

421

4

Топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %

35

30

15

5

Топырақтан өсімдіктермен сіңірілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)

3, 5

8, 1

63, 2

6

1 т/га органикалық тыңайтқыштармен топыраққа берілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)

-

-

-

7

Органикалық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %

-

-

-

8

Өсімдіктердік органикалық тыңайтқыштар құрамынан сіңірілетін қоректік заттар мөлшері (кг/га)

-

-

-

9

Минералдық тыңайтқыштармен берілуге тиісті қоректік заттар мөлшері (кг/га)

220, 7

39, 2

75, 9

10

Минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті, %

90

30

90

Slide 8

Бағдарламаланған өнім алу үшін қолданылатын органикалық және минералды тыңайтқыштар берудің жұмыстық жоспары

Өсіріл

етін

дақыл

Органи

калық тыңайт

қыштың мөлшері, т/га

Минералды тыңайтқыштар (әсер етуші ), кг/га

Тағы да басқа тыңайт

қыштар

Барлығы

Негізгі

Тұқым себу алдында

Үстеп қорек

тендіру

N

Р2О5

К2О

N

Р2О5

К2О

N

Р2О5

К2О

N

Р2О5

К2О

Асбұр-шақ

-

20

653

168

-

653

168

20

-

-

-

-

-

-

Slide 9

Топырақ өңдеу жүйесі

Асбұршақ үшін топырақты сапалы өндеудің маңызы зор. Топырақ өңдеудегі негізгі көңіл аударатын жағдай - танапта ылғал қорын жинау, оны сақтау, арам шөптерді жою, эрозияны болдырмау. Сондықтан топырақ өңдеу жүйесі жергілікті жердің топырақ және климат ерекшеліктеріне сәйкестендіре жүргізілуі керек. Сүдігерді 25-27 см тереңдікке жырту өнімнің мол болуына септігін тигізеді.

Тұқымды себуге әзірлеу және себу. Тұқымды дәрілеу үшін 10 пайыздық ТМТД 1, 2-1, 5 кг/т, меркуран 1, 0-1, 5 кг/т, гранозан 1-1, 2 кг/т пайдаланамыз. Бұл шараның негізгі мақсаты тұқымды аурулардан, зиянкестерден қорғау болып табылады. Асбұршақ тамырында болатын түйнек бактерияларының жақсы өсіп- жетілуі үшін тұқымды нитрагинмен өңдеу арқылы өнімділікті 15-20 пайызға арттыруға болатындығын ескере отырып, себерден 1-2 күн бұрын тұқымды 0, 5-1, 0 л/т нитрагин ерітіндісімен ылғалдандырамыз

Slide 10

Топырақ өңдеу жүйесі

Дәнді-бұршақты ауыспалы егісі, алғы дақыл- күздік бидай

Топырақты әзірлеу және өңдеу әдістері

Қажетті машиналар және құрал -жабдықтар

Жұмысты жүргізу мерзімі

Сапалық көрсеткіштері

Фосфор және калий тыңайтқыштарын шашу

РУМ-8

Алғы дақылды жинап алғаннан соң

Қос суперфосфат- 653 кг/га; Хлорлы калий- 168 кг/га.

Аудара жырту

ПЛН-3-35

Алғы дақылды жинап алғаннан соң

27-30см

Тырмалау

БДТ-7, 0

Күзде топырақ жет-кілікті ылғалданғанда

8-10 см

Қопсыту

ЧКУ-3, 0

Ерте көктемде

10-12 см

Азот тыңайтқышын шашау

1РМГ-4

Тұқым себер алдында

Азот селитрасы 120 кг/га

Қопсыту

КПШ-6

Тұқым себер алдында

6-8 см

Slide 11

Себу мерзімі және тұқым сіңіру тереңдігі. Оңтүстік Қазақстан облысында қатардағы әдіспен сепкенде 0, 8-1, 0 млн/га өнгіш тұқымды және тарқатарлан сепкенде 1, 2 млн/га өнгіш тұқымды ең қолайлы себу нормасы деп есептеу керек. Тұқымды 6-8 см тереңдікке сіңіреді, ал топырақтың беткі қабаты кеуіп кеткенде және көктем кұрғақ болғанда тұқымды 10-12 см сіңіру қажет. Тәлімі егіншілік жағдайында асбұршақтың дәнін себудің ең тиімді мезгілі сәуір айының басы болып табылады. Қатар аралығы 30 см болып себу мөлшері гектарына 0, 3 млн. дана дән еккен нұсқада өнімділік 27, 2; себу мөлшері гектарына 0, 5 млн. дана дән болғанда өнімділік 1, 4 ц артқан (28, 6ц/га) . Себу мөлшері гектарына 0, 5 млн. дана дән еккен нұсқаларда барлық себу тәсілінде өнімділік жоғары болды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Асбұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егістігінің 80 -дан астамында өсіріледі. Оны азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіреді
Ас бұршақ
Бұршақ тұқымдастар
Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес
Жидекті жеміс
Жарма гулді хауызынан және ұрықтық, тұқымдық кабыктарынан ажыратылған дәннің ядросы немесе онын ірі майдаланган болшектері
Астық тұқымдастары
Құлқайыр гүлдер тұқымдасы
Жарма алудың аппаратуралық - технологиялық схемаларын қарастыру
Гү лдің құ рылысы меи диаграммасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz