Бақша дақылы асқабақ
Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы:
«Бақша дақылы:
асқабақ»
Орындаған:
Тобы:
Жоспар
• 1. Кіріспе
• 2. Асқабақтың халық шаруашылығындағы маңызы
• 3 Биологиялық ерекшеліктері
• 3. Морфологиялық ерекшеліктері
• 4. Агротехникасы
• 5. Өсіру технологиясы
• 6. Қорытынды
• Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
•Бақша дақылдарына қарбыз, қауын және асқабақ жатады. Оларды жоғары дәмділік сапасымен
ерекшеленетін нәрлі жемістерін алу үшін өсіреді. Бақша дакылдарын тағамға пайдаланумен қатар, олардың
жемісінен консерві және кондитер өнеркэсіптерінде бал, цукат, повидло, пастил және басқадай тағам түрлерін
жасайды. Сары жұмсақты асқабақ фосфор жэне каротинге бай, сонымен бірге құрамында фитонцидтер көп
мөлшерде болады. Асқабақ жемісі шырынынан цукаттар мен бал жасалады.
•Мал азығына асқабақтың мал азықтық сорттарының жаңа жиналған жемістері пайдаланылады. Олар
бағалы сүт қуғыш азық болып есептеледі. Малазықтық асқабақтың 100 кг-да 10 малазықтық өлшем мен 70г
қорытылмалы протеин, ал малазықтық қарбыздың құрамында 9 малазықтық өлшем жэне 40г қорытылмалы
протеин болады. Мал азықтык бақша дақылдары жасыл конвейерлер құрамына жеке буын ретінде кіреді. Бақша
дақылдарының тұқымдастарынан, әсіресе асқабақ тұқымынан тағамдық май алынады.
•ТМД елдерінде өндірістік бақша шаруашылығы 19-ғасырдың ортасында пайда болуына байланысты, бақша
дақылдары Ресейде, Украинада жэне Орталық Азияда өсіріле бастады. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінде
бақша дақылдары 1 млн гектарға жуық жерлерде өсіріледі. Асқабақ 300-600 ц/га өнім қалыптастырады.
•Жұмыстың мақсаты. Бақшалық дақылдарда асқабақтың ботаникалық малазықтық түрі де бар. Кейбір
сорттарын малдарға құнды шырынды жем, өсіресе ірі қара мен шошқаларға. жемістерін өңделмеген және
сүрлем түрінде де пайдаланады. Бақшалық дақылдардың асханалық сорттарының піспеген және өте пісіп
кеткен, сондай-ақ стандарт талаптарына сай емес жемістері де малазықтық мақсатта пайдапанылады. Осы
аудандастырылған асқабақ сорттарының малазықтық құндылығын анықтау менің курстық жұмысымның
мақсаты.
•Бақшалық дақылдар пәлектері аса ерекше құнды емес және таза күйінде сүрлемге пайдаланылмайды, бірақ
басқа дақылдармен қоспа түрінде сүрлемге жарайды малазықтық бақшалықтар көказық конвейерінің құрамына
міндетті түрде кіреді.
•Бақшалық дақылдардың танапты арамшөптерден тазарған күйінде қалдыратындығынан, агротехникалық
маңызы да зор. Олар кептеген ауылшаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл.
Асқабақтың халық
шаруашылығындағы маңызы
• Экологияда фундаментальды зерттеулерді дамытудың негізгі
мақсаты, халық шаруашылығының әр саласында өткір
мәселердің туындауымен анықталады. Бірінші орында табиғи
орта жағдайын сақтай отырып өндірістерді
интенсификациялаудың қажеттілігі мен табиғи ресурстарды
пайдаланудың экономикалық эффектілігін арттыру және
биосферадағы биологиялық өнімділік пен бірлестіктердің
тұрақтылығын сақтау тұр.
• Ғылым мен техниканың дамуы, табиғат ресурстарын
жоспарсыз пайдалану қоршаған ортаның ластануына әкелуде.
Бұл құбылыс табиғи процестердің қалыпты жүруіне кері әсер
етіп әлемдік масштабтағы экологиялық мәселелердің тууына
себеп болуда.
• Қоршаған ортаның тағы бір басты элементтерінің бірі - су.
Біздің планетамызда өзен, көл, мүхит, мұздық, бүлт және түман
жер асты сулары және т.б. түрінде кең таралған. Тіпті тірі
ағзалардың 65-70 пайызын су қүрайды. Дүниежүзілік су
қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр.
Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көптүрлі әрі ең
соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
• Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер
топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді
бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде
радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға
жаткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық,
соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді.
Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен
еспте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі,
туберкулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде.
Биологиялық
ерекшеліктері
•Асқабақтың үш түрі белгілі: қатты қабақты, асханальқ жұпарлы, ірі жемісті және оның түр тармағы -бөрік тәрізді.
•Асқабақтың ірі жемісті түрі кең тараған: өнімі мол және басқа бақша өсімдіктеріне қарағанда, жылуға талабы азырақ.
•Асқабақтың отаны - Оңтүстік және Орталық Америка. Асқабақтың тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м жетеді. Жапырақтары ірі,
түксіз. Жекелеген өсімдіктерінің жапырақ тақтасының беті 20 м2 жетеді. Тамыр жүйесі өте қуатты. Асқабақ - бір үйлі, гүлдері айырым
жынысты өсімдік. Бунақденелілермен тозаңданады. Гүлдердің пайда болуы және жапырақтарының көбеюі күзгі суыққа дейін жалғасады.
•Асқабақтың жемісі ірі келеді. Ірі жемісті сұрыптарының диаметрі 1 м-ге дейін болады және массасы 20 кг-нан асады.
•Асқабақ жемісінің құрамында қанттар, крахмал (16%-ға дейін), дәрумендер бар, әсіресе каротинге бай. Түқымында 58%-ға дейін май,
онын құрамында 140-155 мг % Е дәрумені болады. Асқабакты пісірілген, бұқтырылған, қоламтаға көміп пісірілген күйінде пайдалануға,
қоймалжың (повидло), пюре дайындауға болады. Бұл жас балаларға және қарттарға ем дәмдік тағам ретінде ұсынылады, әсіресе бауыр
мен бүйрек қызметі бүлінгенде.
•Асқабақ - жылу сүйгіш өсімдік. Өскіндері жылылык 14°С төмен болмағанда пайда бола бастайды. Өсуі үшін оңтайлы температура 25-
28°С. Сонымен бірге шамалы уакыт дымқылды және салкын ауа райына шыдайды, ал тамыр жүйесі, қарбыз бен қауынға қарағанда,
біршама төмен темпетературада дами алады.
Морфологиялық
ерекшеліктері
• Жапырағының түсі: ашық көк, көк, қаракөк.
• Жапырағының ақ нүктелі дақгары: бұл белгілер қатты қабыкты және хош
иісті асқабақ түрлеріне тән (өте анық кәді жапырақтарында болады). Дақты
нүктелері: жоқ, аз-ұсақ, көзге түсер-тұспес дақгар, орташа - үлкен нүктелі
дақтар, үлкен жапырақ талшықгарының ұзына бойына орналасады.
• Жапырақтың түктері, сабағының түктерін қараңдар.
• Жемісінің сыртқы пішіні: майысып қабысқан (өте кабысқан, орташа, аздау),
шар тәрізді, эллипс тәрізді, сопақ, ұзынша сопақ, жұмыртқа тәрізді, алмұрт
тәрізді) қысқа немесе ұзын), цилиндр сияқгы, ұзын цилиндрлі, ұршық
тәрізді, тостаған тәрізді буылып-қысылып қысқартылған, буылып
ұзартылған, түзу немесе иіліп-бүгілген, ортасына қарай.
• Жемісінің үлкендігі: ең үлкен көлденеңінен немесе ұзына бойымен
жемістің диаметрін өлшеп анықгайды.
• Жеміс қабығының сыртқы беті: тегіс, тегіс емес, сегмент сияқты, (ұсақ,
орташа, терең), бұжырлы, сүйел тәрізді (кішкене, орташа, үлкен), кедір-
бұдырлы.
• Жеміс қабығының торлары; торлары жоқ, ойпаңдау, үлкен ойпаңды.
• Жемістің сабағы: цилиндр және конусты (ірі жемістілер - жеміс сабағы
қырлы, жалпаққ жұпар иістілер (тік бұрышты, қатты қабықтылар).
• Піскен жемістің қабығы: ж\ұмсақ, майысқақ, көң тәрізді (пышақпен оңай
кесіледі), созылмалы, сынғыш, өте қатты (өте қиын кесіледі).
• Жемістегі тұқым ұясының көлемі (үлкен, орта, аз).
• Балдыр жұмсағының қалыңдығы (см): жұка- 3-тен жұқарақ, орташа 4-6;
қалың, 6-8; өте қалың, 8~қалыңырақ.
• Балдыр жұмсағыньң түсі: ақ сары, сары, қызғылт сары, қоңыр қызғылт,
жұмсағындағы қызғылт сары түстің қанықтығы құрамында каротиннің өте
көптігінен болады.
Агротехникасы
•1.Ауыспалы егістегі орны. Бақшалық дақылдар өте жоғары өнімді тың және тыңайған жерлерде береді.
Қарбыз көпжылдық шептердің үлтанында, ал қауын мен асқабақ - көпжылдық шөптер үлтанының
аудармасында да жақсы өседі. Кеп-жылдық шөптердің 4-5 жыл түрған егісінде олар өте тамаша енім береді.
•Бақшалық дақылдардың өздері жаздықдәнді мен көкеніс дақылдары жоне картопқа жақсы алғы дақыл.
•Бақшалық дақылдарды бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Бұл жағдайда олардың өнімдерінің
мөлшері мен тауарлық сапасы күрт түсіп кетеді және де түрлі ауруларға (солу, ақ зең және басқа) шалдығады.
•2.Топырақты өндеу. Бақшалық дақылдар топырағын негізгі өңдеу - жырту, күзде түренді соқамен 25-30 см
тереңдікте жүргізіледі. Егісті ерте бастайтын жағдайда сүдігерді тырмалау және тегістеумен шектеледі.
Жоңышқа қайта өсіп кеткенде, қыс бойы топырақ нығыздалып қалғанда, сондай-ақ арам шөптердің пайда
болуына қарай тұқым себуге дейін 1 -3 қопсытулар жүргізеді. Соңғы қопсыту тұқым себер алдында атқарылады.
•Бақшалықтарды себу алдында суарып алу үшін арықшалар жасайды. Қатараралықтар топырағын өңдеуді
өсімдік сабақтары бірікпей тұрғанда 2-3 рет жүргізеді.
•Тыңайтқыш. Бақшалықтардың мықты тамыр жүйесі енгізілген тыңайтқыштарды жақсы пайдаланып, мол
өнім беруге мүмкіндік береді. Тыңайтқыштардан бақшалықтарға кең пайдаланған тиімді, әсіресе минералдық
тыңайтқыштармен бірге: 1 га егістік жерге 20 т көң, 90 кг аммиак селитрасы мен 50 кг суперфосфат.
Бақшалықтардың ішіндегі органикалық тыңайтқыштарды өте қажет етіп тұратыны асқабақ. Ал қарбыз бен
қауынға көң тым көп беріліп кетсе, олардың пісу мерзімі ұзарып кетеді және жемістерінің де сапасы
нашарлайды. Сондықтан олардың мөлшерін шамадан асырмау керек.
•Минералдық тыңайтқыштарды үш кезеңде біркелкі мөлшерде берген тиімді: себуде, 4-5 жапырақ болғанда
және түйін пайда болар алдында гектарына 15 кг-нан.
• 3.Тұқымды егіске дайындау және егу. Бақшалық дақылдар тұқымын себуге дайындау шараларына -
тұқымды өндіру, жылы ауа және сумен, сондай-ақ күкірт қышқылды марганецпен өңдеулер кіреді.
Өсіру технологиясы
Ауаның орташа жылдық температурасы солтүстік-батыс
аймақтарда +12,5°С-тан оңтүстігінде +15°С-қа дейін көтеріледі.
Жылы мерзімнің ұзақтығы солтүстікте 170-190 күн, оңтүстікте
230-250 күнге дейін созылады. Аудандар бойынша жылы
мерзімдегі оң температуралардың қосындысы төмендегіше:
солтүстікте және солтүстік-батыста – 4000-4100°С, орталықта –
4300-4400°С және оңтүстікте – 4600-5000 °С-ты құрайды.
Бақша дақылдары оның ішінде қауын мен қарбыздың өсіп-дамуы
үшін жоғарыда аталған температура мөлшерлері толығымен
жеткілікті саналады.
Температуралардың жалпы саны артқан сайын өсімдіктің суға
деген сұранысы артады жэне бұл жағдайды суғарганда есепке алу
қажет. Жауын-шашын көлемінің жылдық мөлшері 210 мм-ден 400
мм-ге дейінгі аралықты құрайды.
Топырақтағы тұздардың және ылгалдың орын ауыстыру
процесіне ауаның ылғалдылығы әсер етеді. Оңтүстік аудандар
үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бір жылда орташа 51
-56%-ды құрайды. Солтүстік-шығысқа қарай орын ауыстыру
мөлшеріне қарай ол 61-64%-ға артады.
Жылдық булану солтүстік-шығыс және орталық аудандарда 1120-
1280 мм болса, оңтүстік аудандарда 1590-1690 мм-ге дейін жетеді.
Өсіп-даму мерзімінде ол 910-1330 мм, яғни жылдық мөлшердің
79-82%-ын құрайды.
Жылы мерзімнің ұзақтығы орташа 194 күнді құрайды (15 -
сэуірден 25 - қазанга дейін).
Көпжылдық көктемгі суық түсудің орташа мерзімі сәуірдің
екінші онкүндігіне және күзгі суық түсу қазанның үшінші
онкүндігіне тура келеді.
Жауын-шашын мөлшерінің орташа көпжылдық қосындысы 262
мм-ге тең болып келеді. Ол жыл маусымдарында әртүрлі түсуімен
сипатталады.
Қорытынды
Асқабақ егістігінде ауыспалы егістің орны ерекше. Көп-жылдық шөптердің 4-5 жыл тұрған егісінде олар өте тамаша өнім береді
екен. Асқабақты бір жерде бірнеше жыл өсіруге болмайды. Бұл жағдайда олардың өнімдерінің мөлшері мен тауарлық сапасы күрт түсіп
кетеді және де түрлі ауруларға (солу, ақ зең және басқа) шалдығады.
Бақшалық дақылдар топырағын негізгі өңдеу - жырту, күзде түренді соқамен 25-30см тереңдікте жүргізіледі. Егісті ерте бастайтын
жағдайда сүдігерді тырмалау және тегістеумен шектеледі. Қатараралықтар топырағын өңдеуді өсімдік сабақтары бірікпей тұрғанда 2-3
рет жүргізеді.
Минералдық тыңайтқыштарды үш кезеңде біркелкі мөлшерде берген тиімді: себуде, 4-5 жапырақ болғанда және түйін пайда болар
алдында гектарына 15 кг-нан берген өнімділікті көтереді.
Бақшалық дақылдар тұқымын себу - шаршы немесе тік бұрышты ұялы және қатарлы тәсілдермен жүргізіледі. Механизммен себуді
СКГ-6, СШ-6А және басқа да тұқым сепкіштермен атқарады. Осы тұқым сепкіштерге тұқым размеріне сәйкес келетін 2-4 тесікті
дискілер таңдалынады.
Асқабақтың кейбір сорттары мысалы: максима түрінің піскендігін, жеміс сабағының қурауына және сүректенуіне қарай ажыратады.
Пепо түрі жемісінің піскендігі, оның жасыл түсінің сорттың өзіне тән түске енуіне қарай айырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• 1. Есмахан Н.Ш.Абишова Г.С. «Бақша шаруашылығы» пәнінен
• курстық жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент
2012ж
• 2.М.Жанзақов «Өсімдік шаруашылығы» Қызылорда: 2007ж 246-258 бет
• 3.Қ.К.Әрінов, Н.И., Можаев Н.А. Шестакова.,М.Ә. Ысқақов,
Н.А.Серикбаев
• «Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы) Астана,2004ж 280 бет
• 4.Сейітов И., СаудабаевТ., Әбдірашев Ш. Агрономия негіздері.-А. Ана
тілі,1991.
• 5.Жаңабаев К.Ш., Саудабаев Т.С., Сейітов И.С. Өсімдік «шаруашылығы
өнімдерін өндіру технологиясы» Оқулық.*Алматы: Кайнар, 1994,-352б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz