АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР




Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

АСТЫҚ
ТҰҚЫМДАСТАР

ОРЫНДАҒАН:
ТОБЫ:
ҚАБЫЛДАҒАН:
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Астық тұқымдастар – дара жарнақты бір және
көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең
тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі.
Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83
туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының
тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші
қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын
аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы
жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30
– 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге
дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп
орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа,
қандауыр, жұмыртқа тәрізді.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік .
Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50
ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл.
Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл
қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ
байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы:
Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін
дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12оС-де өне бастайды. Сәл
суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле
салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп
шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі.
Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады.
Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі
нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды
дақылдар - даражарнақтылар класына
жататын астық тұқымдас өсімдіктер (10-
сызбанұсқа). Олардың 10 000-ға жуық түрі
бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың
418 түрі өседі.
Астық тұқымдастардың басым бөлігі
шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар
астық тұқымдастар тобына жатады. Астық
тұқымдастардың сабағы бунақталған
цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс
(кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық
тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ
дейді.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 ем.
Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен
қапталған. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен,
имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып
келеді. Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны -
Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу
сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Астық тұқымдас даражарнақты өсімдіктерге сабағы бунақталған, іші қуыс
(кейбіреуінің қуысына өзек толған), шөптекті, сүректі өсімдіктер жатады. Олардың
сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкеле сабаққа кезектесіп
орналасады.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Астық тұқымдастардың көпшілігі
азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері,
қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс
өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады.
Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ,
арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер
екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге
шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі
астық тұқымдастар (бамбук, алып
сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде
жүмсалады . Қара сұлы, жатаған бидайық,
арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері -
шектен шыққан арамшөптер.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа
кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі
өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді.
Жапырақ алақаны мен қынап аралығында
тілше пайда болады. Астық
тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар
жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді.
Гүлшоғыры - сыпыртқыгұл, күрделі
масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері
көбінесе қосжынысты. Дара жынысты
гүлдер тек жүгеріде болады.
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік
(перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық,
айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ
бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық
тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек).
Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін,
орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық
тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық
түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс.,
қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары
сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ
оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.

Ұқсас жұмыстар
Бұршақ тұқымдастар
Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер
Еркекшөп Қылтықсыз арпабас
Күріштің гүлшоғыры
Бұршақ тұқымдастарының негізгі зиянкестері
Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ
Шошқаны азықтандыру ерекшеліктері
Екпе күріш
СҰЛЫ
Қосжарнақтылардың тамыры
Пәндер