Азық құрамындағы азоттың маңызы




Презентация қосу
Презентация
Тақырыбы: «Азық
құрамындағы азоттың
маңызы»

Орындаған: Заманхан А.
Тобы: АП-13-7к1
Қабылдаған: Тенлибаева А.
Азот
» Азот — өсімдікке қажетті қоректік элемент. Азот қышқылының
тұздары — нитраттар және аммоний тұздары минералдық
тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Күміс нитраты хлорид
ионын табуға қажетті реактив. Ағаш, таскөмір, органикалық
заттар жанғанда, шірігенде ауаға бос азот бөлінеді.
Организмдегі азот нәруыз (белок) синтездеуге қатысады.
Азот
» Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз) —
химиялық элемент – түссіз, иіссіз,
дәмсіз – суда аз еритін газ. Бұл
элемент аминқышқылдарының
амидтердің ақуыздардың-нуклейін
қышқылдарының-нуклеотидтердің
және өмірде өте маңызды басқада
көптеген органикалық
қоспалардың құрамына енеді. N –
элементтердің периодты жүйесінің
V тобындағы химиялық элемент,
реттік нөмірі – 7, атом салмағы –
14.0067. Табиғатта екі изотопы
кездеседі: 14N (99.635%), 15N
(0.365%).
Азот
» Азотты 1772 жылы ағылшын ғалымы Даниэль
Резерфорд ашқан. Жер қыртысындағы азоттың
мөлшері 0.03%. Табиғатта азот дербес және
қосылыстар күйінде кездеседі және негізгі қоры екі
атомнан тұратын молекула түрінде ауа құрамында
болады. Азоттың ауадағы салмақ үлесі 75.6% , көлем
үлесі 78.1%. Жер қыртысының 1 т массасына 1 кг
азоттан келеді, әрі ол бейорганикалық және
органикалық қосылыстар күйінде кездеседі. Оның
бейорганикалық қосылыстарының негізгілеріне натрий
нитраты (чили селитрі), калий нитраты (үнді селитрі)
жатады. Органикалық қосылыстар күйіндегі азоттың
негізгі қоры барлық тірі ағзалардың ақуыздарында
құрамына кіреді. Кезінде жанбайтын қасиетіне
байланысты “тіршіліксіз” деп аталып кеткенімен
азот тіршілікке өте керек элемент. Қалыпты
температурада азот түссіз, иіссіз газ. Қайнау
температурасы – 196 °C, қату температурасы – 210
°C. Су бір өлшем көлемінде (20 °C-та) 0.0154 көлем
азот ериді, яғни азоттың суда ерігіштігі оттектің
ерігігтігінен төмен. Ауадан аздап жеңіл болады.
Азот
тыңайтқышы
» Азотты тыңайтқыштарға: калий, натрий
және аммоний (NaN03, KN03,NH4N03)
нитраттары (селитра) жатады. Олар — ақ
түсті, суда жақсы еритін кристалл заттар,
онда коректік элементазот 15—16%
болады. Аммоний сульфатында
(NH4)2S04 21%-ке дейін коректік элемент
— азот болады. Көп қолданылатын
тыңайтқыштың бірі— карбамид
(мочевина) CO(NH2)2 құрамында 46%-ке
дейін азот бар. Сұйық тыңайтқыш аммиак
суы NHg, онда қоректік элемент азот 80%
шамасында болады.
Азот
тыңайтқышы
» Құрамында қоректік элемент — азот
бар тыңайтқышты азот
тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік
үшін маңызы өте зор элемент, ол
жетіспеген жағдайда есімдіктің
жапырағы бозғылт жасыл болып
(мысалы, орамжапырак пен
жүгерінің), бойы еспей, жапырағы
жұқа және шырыны аз, гүлі майда
болады. Өсімдікке азот
тыңайтқышын берсе, есімдіктің өсуі
мен дамуы жақсарып, өнім беруі
жоғарылайды. Топырақ арқылы
азотты әсімдік аммоний ионы NH4+
және нитрат ионы N0^ түрінде
сіңіреді. Азот тыңайтқыштары
минералды және органикалық болып
белінеді
Азот
молекуласы
» Азот молекуласының атомдары өзара үш
байланыспен тартылатындықтан, оларды бір-бірінен
ажыратуға көп энергия керек. Сол себепті азот
кәдімгі жағдайда тұрақты болып келеді де, литийден
басқа ешқандай жай және күржелі затпен
әрекеттеспейді. Химиялық белсенділігінің төмендіг
жөнінен азот инертті газдардан кейінгі орынды
иемденеді. Азотты қыздырса, көптеген металдармен
әрекеттесіп, нитридтер түзеді. Бейметалдармен аса
жоғары температурада ғана әрекеттеседі. Мысалы,
оның оттекпен әрекеттесуі 3000-4000 °C-та
басталады. Өнеркәсіпте азот ауаны сұйылту арқылы
алынса, лабораториялық жағдайда аммоний
нитритін немесе бихроматын қыздырып алады. Азот
негізінен аммиак өндіруге, ал инертті болғандықтан,
электр шамдарын толтыруға қолданылады.[3]
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде азот
II периодта, V топтың негізгі топшасында
орналасқан. Азоттан басқа ол топшаны, фосфор Р,
мышьяк As, сурьма Sb және висмут Ві элементтері
кұрайды.
Азот
молекуласы
» Азот молекуласында екі азот атомы өзара үш еселі
байланыспен байланысқан, сондықтан оның химиялық,
белсенділігі төмен газ. Азот - 19б°С температурада
сұйықка айналады.

» Ол тіпті ауадағы күшті тотықтырғыш оттегімен де
әрекеттеспейді, бірақ найзағай отында мына реакция
жүреді: N2 + О2 = 2NO

» Азоттың маңызды қосылыстары селитралар: NaNО3 (чили
селитрасы), KNO3 (үнді селитрасы). Топырақта
нитраттар күйінде кездеседі. Өсімдік пен жануарлар
ағзасында маңызды рөл атқарады.

Ұқсас жұмыстар
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану және олардың зардаптары
Калий тыңайтқышы
Қанмен отегінің тасымалдануы
Азот қышқылы
Өсімдік құрамындағы мөлшері проценттің жүз бөліктеріне дейінгі шамада болатын және өсімдіктер көбірек пайдаланатын элементтер
Сүрлем дайындау технологиясы
МАЙДАН АШЫҒУ
Азотты тыңайтқыштар
Ашығу патологиясы
Микроб ферменттері, классификациясы. Микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттардың, азот,күкірт, фосфор және темір қосылыстарымен өзгеріске ұшыруы
Пәндер