Ауыл шаруашылық дақылдарға климаттың әсері




Презентация қосу
Презентация
Ауыл шаруашылық дақылдарға
климаттың әсері

О Р Ы Н Д А Ғ А Н : К Ә Р І М О В Т.

ТОБ Ы : АП- 11- 1 К 4

Қ А Б Ы Л Д АҒ АН : Ю СУП О В Ш.
Климаттың ауыл
шаруашылығына тигізетін әсері
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір
дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек.
Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат
жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал
оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат
жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы
емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық ,
аңызақ , үсік , көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.

Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі.
Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60°-70°С-қа дейін
қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып
тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа
массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық
құрғақ жел — аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат
зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5-10 күн, шөлейт
зонасында 40, Қызылқұмда 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл
ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызақ қа қарсы күресу
үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б.
арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.
Ауыл шаруашылық
климатологиясы
Ауыл шаруашылық климатологиясы - агроклиматология – ауыл
шаруашылық метеорологиясының бір бөлімі. Ауыл шаруашылық
дақылдардың түсімділігі мен малдың өнімділігіне сыртқы орта
факторларының (климаттың) тигізетін әсерін зерттейді. Ауыл
шаруашылық климатологиясының мақсаты – белгілі бір аумақтың
климаттық (агроклиматтық) ерекшеліктері мен жер ресурстарын а. ш-н
дамыту үшін толық ескерту және пайдалану; а. ш. өндірісінің
нысандарын тиімді орналастыру үшін аймақтың климат ерекшеліктерін
анықтау және оны бағалау әдістерін жасау; дақылдар мен олардың
сорттарын, мал тұқымдарын жаңа жерге аудандастыру үшін климат
тұрғысынан баға беру, аумақты агроклиматтық аудандастыру, а. ш.
дақылдардың, жайылымдар мен шабындықтардың түсімділігін және мал
ш-ның өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін агротехникалық,
агромелиорациялық, зоотехникалық шараларға климаттық тұрғыдан
сипаттама беру; а. ш-мен шұғылданып жүрген қызметкерлерді
агроклиматтық деректермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл мақсаттар а. ш-
ның нысандары мен климат жағдайларының арасындағы өзара
байланысты анықтау және одан алынған көрсеткіштерді пайдаланып,
көп жыл бойы жиналған жалпы метеорол. байқаулардың материалына
талдау жасау арқылы орындалады.
Ауыл шаруашылық дақылдарға
климаттың әсері
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды.
Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын
алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану
аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі
үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр.
Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір
гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді
дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса,
дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына
дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде,
1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер
үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын
озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды
Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б.
өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін
басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар
егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып
жатыр.
Ауыл шарушылық дақылдары
Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.
Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп
мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта
шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.
Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін
дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер -
Алматы жәнe Жамбыл облыстары.
Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны
Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан
облысының үлесіне тиеді.
Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды
топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.
Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік
аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.
Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі
(қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша
дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ,
құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды.
Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және
Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың
(орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.
Ауыл шаруашылық жаздық
дақылдарды егу жолдары
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше
атмосфералық құбылыстың бірі — шаңды дауыл. Олар желдің
жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз
байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты
алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік
тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді.
Қазақстанның дала зонасында орташа есеппен жылына 20-38 күн шаңды
дауыл болады. Республиканың оңтүстігінде құмды шөлдерде, Балқаш
көлінің оңтүстігіндегі шаңды дауыл 55-60 күн болады. Қазақстанның
оңтүстік-шығыс, шығыс тауларында шаңды дауыл негізінен байқалмайды,
өйткені олар тастақты және сазды аудандар болып есептеледі.
Қауырт атмосфералық құбылысқа үсік те жатады. үсік көктемнің аяқ
кезінде, күздің басында, кейде теріскей жақта жазды күндері арктикалық
ауа массасының енуіне байланысты болатын күбылыс. Ауаның
температурасы қысқа мерзімде 0°С-тан төмендеп, топырақ беті тоңазып
кетеді. Ол егінге, жеміс ағаштарына көп зиян келтіреді. Қайталап егін
егуге, жеміс ағаштарын отырғызуға қосымша қаражат және еңбек
жұмсалады. Үсік тің қауіпті аудандары көбінесе Қазақстанның солтүстік
және орталық бөліктері. Мұнда көктемгі үсік ке шалдығу ықтималдығы
(қарақұмық, жүгері, бидай, кияр, алмұрт, т.б. үшін) он жылдың ішінде 5
жыл, шөл зонасында (мақта, жүзім, гүлдер және басқа жеміс тұқымдары
үшін) 10 жылда 4 жыл үсік қаупі бар.

Ұқсас жұмыстар
Тірі организмдер
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Алматы облысы Көксу ауданы Үйгентас ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Минералды тыңайтқыш - Азот
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТПЕН ҚАМТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Экономика салалары мен жекелеген кәсіпорындардың жұмыстарының ерекшеліктерін ескере отырып, метеожағдайлардың осы салаларға әсерін тексеру
ГЕНДІК МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨСІМДІКТЕРДІ ӨСІРУ
Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Техногендік шөлейттену
Пәндер