Ауыл шаруашылық дақылдарының егу жолдары
Презентация қосу
Ауыл шаруашылық
дақылдарының егу жолдары
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : Л ЕБ ЕКОВ М .
ТОБ Ы : АП- 1 2 - 3 К 1
Ауыл шаруашылық
дақылдарының егу жолдары
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды.
Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын
алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану
аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі
үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр.
Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір
гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді
дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса,
дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына
дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде,
1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер
үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын
озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды
Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б.
өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін
басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар
егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып
жатыр.
Ауыл шарушылық дақылдары
Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.
Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп
мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта
шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.
Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін
дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер -
Алматы жәнe Жамбыл облыстары.
Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны
Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан
облысының үлесіне тиеді.
Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды
топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.
Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік
аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.
Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі
(қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша
дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ,
құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды.
Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және
Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың
(орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.
Дақылдарды егу жолдары
Күздік Дақылдар– күзде егіліп, қалыпты жетілетін бір жылдық астық тұқымдас өсімдіктер (күздік
бидай, күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы, т.б.). Өнімі келесі жылы орылады.
Вегетациялық (өсіп-өну) кезеңі – 2 кезеңнен тұрады: күздік (40 – 45 тәулік), бұл кезде олардың
тамыр жүйелері түзіледі, сонымен қатар жер үстіндегі вегетативтік мүшелері темп-раның
төмендеуіне бейімделіп, шыныға түседі; көктемгі-жазғы (75 – 100 тәулік), бұл кезде олардың
аталық-аналық мүшелері жетіле бастайды. К. д. күзгі және қысқы ылғалды, қоректік заттарды
тиімді пайдаланып, жазғы ылғал тапшылығына, топырақ, ауа құрғақшылығына төзімді келеді. К.
д. жаздық дақылдарға қарағанда ерте масақтанып, бұрын піседі және К. д. егістігінде арамшөп аз
болады. К. д. жер жүзінде (әсіресе, күздік бидай) көп егіледі. АҚШ пен Еуропаның негізгі астық
дақылы болып табылады. К. д. – Қазақстанда кеңінен таралған астық тұқымдасы, күздік бидаймен
қатар күздік қара бидай, күздік арпа, күздік сұлы өсіріледі. К. д. Қазақстанда егілетін барлық
егіннің 1/6 бөлігіне жуығын құрайды. К. д-ды егу мерзімі белгілі бір аймақ жағдайына, бидайдың
сортына, т.б. байланысты әр түрлі болады. К. д-ды өте ерте не өте кеш егу оның қыстап шығуына
қолайсыз әсер етеді. Аса ерте егілген дақыл гүлдеу жағдайы (яровизация) сатысынан ерте өтіп,
қаулап өсіп шығып, қыстағы суыққа үсіп кетеді, ал кеш егілсе өсімдік толық тамырланып,
түптеніп үлгермейді, тиісті қоректік заттар қорын жинай алмайды да, үсікке ұшырайды. К. д-дан
көп өнім алу үшін күзде және ерте көктемде егіске тыңайтқыш шашылып, тырмаланады, қыста
қар тоқтатылады. Суғармалы егіншілік аудандарда К. д. аралық дақылдар егістігінде жиі
пайдаланылады. Бұл мал ш-на қажетті мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық
дақылдарын егу жолдары
Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық
шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл -
бидай, одан әрі - арпа, жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай.
Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері -
қара және қара қоңыр топырақтар.
Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан
құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.
Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік
бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-
шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.
Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік
жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны
Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен
Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.
Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді
есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа
төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік
пен Шығыс.
Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы
жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында,
құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.
Ауыл шаруашылық жаздық
дақылдарды егу жолдары
Жаздық дақылдар – көктемде егілетін және сол жылы өнім беретін ауыл шаруашылық
дақылдары. Жаздық дақылдардың көпшілігі бір жылдық өсімдіктер. Жаздық дақылдарға
дәнді дақылдардан – жаздық бидай, жаздық арпа, сұлы; жармалық дақылдардан – тары,
күріш, жүгері, қарақұмық; бұршақ тұқымдастардан – бұршақ, қытайбұршақ, қойбұршақ,
жасымық, үрмебұршақ; майлы дақылдардан – күнбағыс, зығыр; техникалық дақылдардан –
күнжіт, мақта, кенепшөп; көкөністерден – картоп, қияр; екі жылдық дақылдардан – қант
қызылшасы, темекі, қызанақ, капуста; жемшөптерден – жоңышқа, түйежоңышқа,
сиыржоңышқа, т.б. жатады. Елімізде жаздық дәнді дақылдардың егістік аумағы барлық
егістіктің 94 – 95%-ын құрайды. Әр топқа, тіпті, бір топқа жататын әр түрлі өсімдіктердің
өніп-өсу ерекшеліктері бар. Олардың өнімділігі, сапасы да әр түрлі. Бұл көрсеткіштер өсу
орталығына, жердің құнарлылығына, ауа райына қарай өзгеріп отырады. Жаздық бидайдың
өзі дәнінің сапасына қарай жұмсақ және қатты бидай болып бөлінеді. Жұмсақ бидайдың
өнімділігі жоғары, сапасы төмен, ұны макарон жасауға келмейді. Әйтсе де жұмсақ бидай
астық шаруашылығының негізгі дақылы ретінде елімізде жаздық бидай егісінің 90%-тен
астам жеріне егіледі. Бидай дәні 1 — 2 С-та өсе бастайды, бірақ дәнді топырақ темп-расы 10
— 12 С-қа жеткен мезгілде себу керек. Күннің жылынуы әр жерде әрқалай, әр мерзімде
өзгеріп тұрады. Республикамыздың батысында сәуір айында күн жылып, температура
қажетті мөлшерге жете бастайды. Ал күннің тез жылуына байланысты жер тез құрғай
бастайды, сондықтан ылғалды тиімді пайдаланып, жаздық дақылдарды мерзімінде сепкен
жөн.
Ауыл шаруашылық дақылдары
Дәнді дақылдар – дәні үшін өсірілетін аса
маңызды өсімдіктер тобы. Дәнді дақылдар –
адам үшін негізгі азық, малға жем. Дәнді
дақылдарда белок пен көмірсулар көп,
сондай-ақ ферменттер, В тобындағы
витаминдер, А провитамині бар. Ұн
тартатын, жарма, құрама жем өнеркәсіптері
үшін шикізат болып табылады. Өңделген
өнім нан пісіруде, макарон, кондитер
өнімдерін, тағамдық концентраттар,
консервілер әзірлеуге, сыра қайнатуға,
спирт, крахмал алуға пайдаланылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz