Ауылшаруашылық инфрақұрылымын дамыту




Презентация қосу
Презентация
«Ауылшаруашылық
инфрақұрылымын
дамыту»

Орындаған: Тұрдалы Ж.
Тобы: АП-12-3к1
Қабылдаған: Оразалиева Э.
Ауылшаруашылық
инфрақұрылымын дамыту
• АӨК субъектілерін және ауыл тұрғындарына кредит беру
бәсекеге қабілеттілікті, экспортқа бағытталған агроөндірісті
қалыптастыру үшін олардың қажеттіліктеріне сәйкес
жеңілдетілген қаржы ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында
еншілес «ҰБХ «ҚазАгро» АҚ-нің «Аграрлық кредиттік
корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) арнайы ұйымы жүзеге
асырады.

• Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру елдің 158 ауданында
құрылған 161 кредиттік серіктестік арқылы жүзеге асырылады
және әкімшілік ауылдық аудандардың қамтылуы 89 % құрайды.
Көрсетілген кредит беру сызбасы ауыл шаруашылығы өндірісінің
орналасқан жеріне және жеңілдетілген кредит шарттарына
аумақтық бойынша аса жақын ұсақ АШТӨ – шаруа (фермерлік)
қожалықтарының кең бөлігіне кредит ресурстарына қол жеткізуін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кредит серіктестіктеріне
кредит беру жөніндегі бағдарламаны одан әрі іске асыру және
оны ұлғайту жоғарғы технологиялық өндірісті енгізуді және ауыл
шаруашылығы өндірісін әртараптандыруды кредит беру арқылы
еңбек өнімділігін арттыруға бағытталатын болады.

• Бірлескен өндірісті жүргізетін, ауыл шаруашылығы өнімін
дайындайтын, өткізетін, қайта өңдейтін, сақтайтын,
тасымалдайтын, тауарлық-материалдық құндылықтармен
жабдықтайтын АШТӨ бірлестіктерін және ауыл тұрғындарын
кредит беру аграрлық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға,
ұсақ үй шаруашылықтарды біріктіруге және делдалдарсыз «егіс
алаңынан сауда қатарына дейін» азық-түлік тізбегін құруға ықпал
етеді.
Ауыл шаруашылығы шикі затын қайта
өңдейтін және тамақ өнімдерін өндіретін
кәсіпорындарды кредиттендіру
• Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметінің ауыл
шаруашылығы емес түрлеріне кредит беру ауылдық
инфрақұрылымды дамытуға бағытталған: туризмді,
қонақ үй бизнесті және жол бойындағы қызмет
көрсетуді ұйымдастыру, жеңіл және тамақ
өнеркәсібінің өндірісі, балық өнімдерін көбейту, өсіру
және қайта өңдеу. Кредиттер объектілерді қайта
құруға, қайта жаңартуға, айналым қаражатын
толтыруға беріледі.
• Ауыл шаруашылығы шикі затын қайта өңдейтін және
тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды
кредиттендіру ескірген құрал-жабдықтарды
жаңартуға және қайта жаңартуға, айналым
қаражатын толтыруға және елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азық-түлік импортын
төмендетуге көмек көрсету мақсатында екінші
деңгейлі банктер кредиттерін қайта қаржыландыруға
бағытталған. Осы шара жоғарғы технологиялық
және бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік өндірісті
дамытуға, ауыл шаруашылығы шикі затын қайта
өңдеу үлесін ұлғайтуға, жалпы қайта өңдеу
кәсіпорындарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік
береді.
• Корпорацияның инвестициялық жобаларды
қаржыландыруы мал шаруашылығын өндірістік
негізге ауыстыруға және астық экспортының
инфрақұрылымын құруға бағытталған. Ірі
инвестициялық жобаларды іске асыру жоғарғы
сапалы ет және ет өнімдерінің өндірісін ұлғайтуға,
Күтілетін нәтижелер:
1) серіктестік жүйесі ұлғаятын болады, алынатын кредит қаражаты қазіргі агротехнологияларды және ауыл
шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін жоғары сапалы ауыл шаруашылығы техникасын
енгізуді қамтамасыз етеді;
2) ауыл шаруашылығы өнімін дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық
құндылықтармен жабдықтау инфрақұрылымын дамыту АШӨТ және ауыл тұрғындарының өнім өндірісіне
жұмсалған шығындарын азайтуға мүмкіндік береді және ауыл жерлерінің табыстылығын арттырады;
3) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өндірісі, балық өнімдерін өсіру
және қайта өңдеу, туризмді, қонақ үй бизнесін және жол бойындағы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ауылдық
сауда-саттық нүктелерін және қоғамдық тамақтану орындарын ұлғайту сияқты ауыл инфрақұрылымын дамыту
ауыл шаруашылығы өндірісімен айналыспайтын ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындарын құруды
қамтамасыз етеді және ауыл жерлерінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді;
4) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін ірі және орта кәсіпорындарды және тамақ өнімінің өндірісін
дамыту ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілетті, сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге және азық-түлік
импортын төмендетуге мүмкіндік береді;
5) инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстанның ірі астық экспорттаушылар қатарына кіруін қамтамасыз
етуге, жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Лизинг және АӨК субьектілеріне
кредит беру
• АӨК басым салаларын қолдау, АӨК субьектілерінің
қаржы ресурстарына қанағаттанарлық дәрежесін
арттыру үшін еншілес «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың
«ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметі жоғарғы технологиялық
инвестициялық жобаларды және ауыл шаруашылығы
шикізатының өндірісі мен қайта өңдеудің тиімді
технологияларын қаржыландыру арқылы АӨК
салаларында еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға
бағытталатын болады.
• «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қаражаты есебінен келесі бағыттар бойынша
жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды
қаржыландыруды жалғастырады: ірі-тауарлы сүт
фермаларын, жылы жай шаруашылығын, көкөніс сақтау
қоймаларын құру, құс шаруашылығын дамыту және
тамшылатып суару технологиясын енгізу.
• Республикалық бюджет, өз ресурстары, шетелдік
банктердің қарыздары есебінен «ҚазАгроҚаржы» АҚ АӨК
салаларын техникалық және технологиялық жаңарту,
оның субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру
бойынша жобаларды қаржыландыратын болады.
• «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметі сонымен бірге елдің азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Астана және
Алматы қалалары айналасындағы азық-түлік
белдеулерін дамыту бойынша жобаларды қаржыландыру
арқылы аграрлық азық-түлік нарығын қалыптастыруға
бағытталатын болады.
«Ауыл шаруашылығын
қаржылай қолдау қоры»
• «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (одан әрі - Қоғам) –
ауыл тұрғындарына, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне, шағын
бизнес субъектілеріне, шағын несие ұйымдарына шағын несиелендіру
қызметтерін көрсететін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйым.
2007 жылдан Қоғам - қызметі агроөнеркәсіп саласын дамытуды
ынталандыру мен оның ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігін
арттыруға бағытталған «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
құрамына кіреді.
• Қоғамның миссиясы - ауылды жерлерде шағын несиелендіру жүйесінің
тиімділігін арттыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту және
ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту. Еліміздің барлық облыс
орталықтарында орналасқан 11 филиал мен 3 өкілдіктер қордың
жүйесін құрайды.
• «Қазақстан Республикасында 2006-2008 ж.ж. ауыл шаруашылық тауар
өндірушілерін несиелеу бойынша шағын несие ұйымдар жүйесін дамыту
концепциясын» жүзеге асыру шеңберіндегі ауылды жерлерде шағын
несиелеудің институционалды инфрақұрылымын құрастыру мақсатына
сәйкес, 2006-2008 ж.ж. Қоғам жеке азаматтармен бірігіп, 51 шағын
несие ұйымын ашты. Бұлар 94 ауданның ауылды елдімекендерінде
жұмыс жасайды.
Президент «Ауылдардағы жұмыссыздықты жоюдың жолы – ауыл
шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамыту» деген еді. Жалпы,
өңірлерде осы саланы несиелендіруге байланысты қандай жұмыстар
атқарылып жатыр?
• –Мемлекет басшысы айтқандай, ауылшаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамыту – өзекті мәселе.
Ауылдық жерлерде осы салаға қатысты шағын несиелеу жұмыстары жыл сайын жаңаша сипат алып
келеді. Тәжірибе көрсеткендей, шағын несие экономикалық жағынан өте тиімді. Статистикалық
деректерге сүйенсек, елімізде шағын шаруа қожалықтары 80 пайыздан асады. Шағын кәсіппен
айналысатын шаруалардың саны, қаладан гөрі ауылдық жерлерде көп. Алайда, банктер ауыл
тұрғындарын қаржыландыруға аса құлықты емес. Сондықтан шағын несиеге ауыл тұрғындары
көбірек мұқтаж.
• Мысалы, өткен жылы ауыл шаруашылығына несие ретінде 400 миллиардтан астам қаржы бөлінсе,
соның 4 пайызы ғана шаруа қожалықтарына тиді. Негізгі сома заңды тұлғаларға, көбінесе, ірі
компанияларға берілген болатын.
• Ал шағын шаруашылықтарды қормен қатар шағын несие ұйымдары мен несиелік серіктестер
қаржыландырады. Сегіз жылдың ішінде біздің қордың өзі 87 мыңнан астам адамға көлемі 73 млрд.
теңгеден аса несие берді.
Ауылдық жердегі шағын несие алушылар
қай кәсіпті дамытуды көздейді?

• –2008 жылдан бастап, Қор «Ауылдық шағын несие» бағдарламасын жүзеге асыруда.
Биылғы жылдың мамыр айынан біз Қазақстанның барлық аймақтарында «Жұмыспен қамту –
2020» бағдарламасының екінші бағытын орындаудамыз. «Жұмыспен қамту – 2020» Жол
картасында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға берілетін несиелеудің талаптары кеңінен
жазылған. Несие кәсібін жаңадан бастаған немесе бизнесін әрі қарай дамытқысы келген
азаматтарға беріледі. Несие алушылардың қатарында жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен
қамтып жүргендер, мал өсіретіндер, жоғары оқу орнын енді ғана бітіргендер,
зейнеткерлікке ерте шыққан азаматтар бар.

• Бұл бағдарламаны қор арқылы жүзеге асыру өте тиімді. Біріншіден, әрбір облыста
филиалдарымыз бар. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облысының әр ауданында несиелік
менеджерлер жұмыс істейді. Кәсіпкерлер облыс орталығына бармай-ақ, сол елді-мекенде
несиеге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, осыдан екі-үш жыл бұрын қордың қатысуымен
құрылған шағын несие ұйымдар ауылшаруашылығын кемелдендіруге белсенді кірісті.

• Ал, ауыл тұрғындары қолға алған кәсіптің басым көпшілігі әр аймақтың климаттық
ерекшеліктеріне байланысты болады. Мәселен, оңтүстік өңірлерде жылыжай салу
қарқынды дамуда. Жалпы, несиенің 80 пайызы мал шаруашылығына – мал сатып алуға, оны
өсіруге, бордақылауға жұмсалады. Соған қарамастан, ауыл шаруашылығын
әртараптандыру мақсатында кәсіпкерлерді басқа да салаларға бағыттаймыз. Атап айтсақ,
балық өнеркәсібі, құс шаруашылығы, жылыжайларды дамыту, қызмет көрсету, шаштараз,
тамақ өнімдерін дайындау секілді бизнесті қолға алдық.

Ұқсас жұмыстар
Украинаның логистикалық жүйесі
Республикасының денсаулық сақтау жүйесі
Нұрлы жол бағдарламасы Қазақстанның тұрақты экономикалық тірегі
Жаңа дәуірдің кемел келбеті
Алдағы міндет
Электрондық үкімет концепциясы
Электрондық үкімет
Аймақтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бағыттары
Қазақстанның электрондық үкіметі
Ауыл шаруашылығы
Пәндер