Дәнді дақылдардың ауруларымен күресу, бұршақ дақылдарының ауруларымен күресу




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
министрлігі
 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті

Презентация
«Дәнді дақылдардың ауруларымен күресу, бұршақ
дақылдарының ауруларымен күресу»

Шымкент 2013ж.
Дәнді бұршақ дақылдарының
аурулары - Аскохитоз
Бұршақ дақылдары аскохитозбен, антракнозбен, тат ауруымен, ақ
ұнтақпен, фузариозды солумен, бактериялық және вирустық
аурулармен және гүл тоғышарларымен зақымданады. Өскіндердің
зақымдануы, өсімдіктердің солуы жиі байқалады, дамымай қалған
бұршақтар саны көбейеді, өнім түсімі азайып, сапасы нашарлайды.
Аскохитоз. Қоздырғыштары –Ascochita (А. pisi Lib., A. pinodes Jones
және басқалары) тектес саңырауқұлақтарға, Deuteromycetes класына,
Sphaeropsidales ќатарына жатады.
Тат ауруы
Қоздырғыштары Uromyces (Basidiomycetes класы, Uredinales
ќатары) текті саңырауқұлақтар. Сиыржоңышқа, бұршақ, аңқа, үрме
бұршақта тат ауруы қоздырғышының барлық даму сатылары өтеді.
Қоздырғыш бір қожалы, толық жолмен дамиды. Өсімдік
қалдықтарында телии қыстайды.
Uromyces рisi Schrot қоздырғышы асбұршақ пен ноғатықты
зақымдайды. Бұл дақылдарда урединилер мен телии дамиды.
Аралық қожасы – сүттіген.
Фузариоз
Қоздырғышы Fusarium oxysporum
Schl. (Deuteromycetes класы,
Hyphomycetales ќатары). Қытай
бұршағын, асбұршақты, мал
азықтық бұршақты, сиыржоңышқа
мен бөрібұршақты залалдайды.
Өсімдік дамудың барлық кезеңінде
зақымданады. Зақымданған
өсімдіктердің тамыры мен тамыр
мойны қоңырланып, шіриді. Тамыр
қиындысында өткізгіш ұлпалардың
қарайып кеткендігі байқалады.
Өсімдіктің өсуі баяулайды. Жерден
жеңіл жұлынады. Аурудың
қоздырғыштары өсімдік қалдықтары
мен топырақта сақталады.
Сұр шірік
Қоздырғышы кең бейімделген Botritis cinerea Pers.
(Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары)
саңырауқұлағы.
Көбіне өсімдік сабағы мен бұршақтарын зақымдайды.
Өсімдіктің ауру мүшелерінде сұр кигіз сияқты өңезі
бар қоңыр дақтар түзіледі. Кейін қара түсті
саңырауқұлақ қарамықтары пайда болады. Ауру өнім
түсімі мен тұқым сапасын төмендетеді. Ауру
топыраққа түскен бұршақ дәндерінде сақталатын
саңырауқұлақ мицелийі мен қарамықтардан тарайды.
Церкоспороз. Қоздырғышы Cercospora sojina
(Deuteromycetes класы, Hyphomycetales ќатары)
саңырауқұлағы.
Қытай бұршағының жапырақтары мен дәндері
зақымданады. Ауру жапырақта жиегі қара, ашық сұр
түсті дақтар пайда болады. Жапырақтың астыңғы
бетінде қара-сұр түсті өңез түзіледі. Тұқымдағы дақтар
жиектелген, әрі шашырап орналасады. Қоздырғыш
тұқымда және өсімдік қалдықтарында сақталады.
Асбұршақтың кәдімгі
мозаикасы
Қоздырғышы - Bean common mosaic вирусы.
Ауру асбұршақта, жемдік бұршақта, бедеде және
басқаларында байқалады. Белгілері – жапырақтардың
мозаикалануы, өзгеріске түсуі, өсімдіктің өсуі мен
дамуының нашарлауы. Қоздырғыш көпжылдық бұршақ
дақылдарында сақталады. Бітелер арқылы тарайды.
Бидайдың қара күйесі
Қоздырғышы: Ustilago tritici (Pers)
Rostr.                            
Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды
қара күйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде
дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде
залалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану
кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы
телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспородан
диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді.
Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен
айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ
жіпшумагы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін
диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап
дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген
күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүл шоғырының
сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар
немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа
түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл
шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3
жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің
зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60%-
дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы-сұйық
ылғалдың болуы қолайлы.
Бидайдың ергежейлі (қортық) қара күйесі
Қоздырғышы: Tilletia controversa Kuehn.
Көбінесе күздік бидайды зақымдайды. Ауру Қазақстанның оңтүстігінде, Орта Азияда
және Солтүстік Кавказда тараған.
Залалданған өсімдіктер баяу өседі, әрі шамадан тыс көп сабақтанады. Масақ қысқа,
тығыз болады, кейде жоғарғы жапырақтардың қынабында толық немесе жартылай
қалып қояды. Масақтың бұтақтануы байқалуы мүмкін. Масақта түйіндер саны
көбейеді, олар қаракүйенің басқа түрлеріне қарағанда аса үлкен емес. Аурудың
қоздырғыштары топырақ пен тұқымда сақталады. Топырақта өміршеңдігін ұзақ уақыт
(3 жыл және одан көп) сақтайды. Аурудың қоздырғышы өсімдікті өскіннің пайда болған
кезінен сабақтану басталғанға дейін залалдайды. Бидай тұқымы топыраққа саяз
егілгенде ауру көп таралады.
Қорытынды
Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді
дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына
жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары
мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық.
Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин,
триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен
жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет
істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі
дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.
Дәнді бұршақ дақылдары мал шаруашылығындағы ақуыз мәселесін шешуге
мүмкіндік жасайды. Таза және аралас егістіктерде олардан қоректілігі жақсы
жасыл балауса, пішен және сүрлем дайындалады. Олардың сабаны мен мекені
де мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді . Дәнді бұршақ дақылдарының
тұқымдары өңдеу өнеркәсібінде де пайдаланылады. Айта кеткен жөн,
ақуыздың көп бөлігін бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауадығы азотты сіңірудің
нәтижесінде қалыптастырылады. Олардың агротехникалық маңызы да зор :
тамырларында орналасқан түйнек бактерияларының азотты байлау қабілетінің
арасында топырақ органикалық заттармен және биологиялық азотпен
байытылады. Сондықтан барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктер көптеген ауыл
шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
1. Бактериальные болезни растений /под ред. В.И. Израильского – М.: Колос,
1979.
2. Методические указания по мониторингу численности вредителей сорных
растений и развития болезней сельскохозяйственных культур. Фолиант,
2004-272С.
3. Власов Ю.И. Вирусные и микоплазменные болезни растений. – М.: Колос,
1992.
4. Горбуля В.С. Защита сельскохозяйственных культур от болезней
/Руководство к лабораторно-практическим занятиям.- Астана. 2007
5. Деменьтьева М.И. Фитопатология. – М.: Агропромиздат, 1985.
6. Егін шаруашылыѓы, ауыл шаруашылыњы машиналарын жасау жєне µсімдік
ќорѓау салаларына арналѓан орысша-ќазаќша сµздік /Жетекшісі Б. Белѓара. –
Астана: Елорда, 2005
7. Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорных растений /под
ред. Т.Н. Нурмуратова. – А.–А.: Кайнар, 1986.
8. «Защита растений», «Защита и карантин растений» (журналы)
9. Защита растений от болезней /под ред. В.А. Шкаликова. – М.: Колос, 2001.

Ұқсас жұмыстар
Бұршақ бітесі
Өсімдік қорғау
Дәнді дақылдардың қара күйе ауруы
Қарқынды егіншілікте туралы түсінік. Тыңайтқыш - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттырудың басты факторы
Цитрус дақылдарының негізгі зиянкестері мен ауруларының түрлері
Каусар
Өсімдікті химиялық және биологиялық жүйеде қорғау әдістерінің рөлі
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Гүлді дақылдардың аурулары
Көкөніс дақылдары
Пәндер